Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
СЫР ЕЛІ ПЕРЗЕНТІН ҰЛЫҚТАДЫ
24.05.2018 11:37

Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс алғандай еді. Батырхан Шөкенов  атындағы  «Отан-Ана» ІІ республи­калық әншілер конкурсы Д.Ахма­диева, Р.Гайсин, Е.Шакеев­, О.Байконов, Е.Әбдрах­манов сынды майталмандардың қатысуымен БАҚ өкілдеріне брифинг беруімен басталды.

Аталмыш өнер жұлдыздары ән додасына қазылық­ етпек. Жиын барысында ҚР Еңбегі сіңген қай­раткері Ержан Әбдірахманов конкурс­қа республиканың түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Өзбекстан елінен де дарын­дылар қатысқанын тілге тиек етті. Оның  сөзінше, конкурс­қа қатысушы талапкерлердің саны 130-ға жуық болған. Ішінен 25-ін іріктеп алыпты. Брифинг  барысында  айтыл­ған тың жаңалық – «В нас вселяю­т любовь» атты ән альбо­мы жарыққа шығады. Онда Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні жария­ланбақ. Бұл туралы қор директоры  О.Байқанов:

- Соңғы  жылы біз Батырдың жаңа альбомы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жинаққа бұрын-соңды ешкім естімеген 13 жаңа әуен енді. Ал, 20 мамыр күні Мәскеуден әндер жинақталған диск жет­кізіледі. Бұл жинаққа Қазақстан ғана емес, көптеген елдердің мамандары бірлескен үлкен топ жұмыс істеді, - деді.

Ал Батырхан Шөкеновпен әріптестік жұмыс істеген композитор Ринат Гайсин әнші­нің тағы да бірнеше әнін өңдеп жатқанын  мәлімдеді.

– Біз ұзақ уақыт бірлесіп жұмыс істедік. Мен Батырға арнап бірнеше ән шығардым. Мәселен, осы конкурста оған арнап жазған «Астана» әні орындалады. Конкурс аяқ­талған соң, мен Прагаға барып, студия архивінде сақтаулы Батыр­дың бірнеше әнін жаңар­тып, қайтадан  өңдей­мін. Қандай ән екенін әзірге айтпаймын, құпия болып қала берсін, - деді Р.Гайсин.

Байқаудың бірінші күні қатысушылар жеребе алып, орындау реттілігін анықтаса, екінші  күні  конкурстың  негіз­гі бөлігі өтті. Байқауға қатысушылар 2 ән орындады. Оның бірі Б.Шөкеновтің  реперту­арындағы әндер болса, екін­шісі еркін тақырып­та  таңдалды. Қазылар алқасы орындаушылардың әннің техникасы мен тембріне, дауыс күші мен әртістік қабілетіне  ерекше  мән берді.

Ән додасына түскен қарағандылық Гүлнар Көшенова конкурсқа қатысуының өзін жақсылыққа  балайды.

- Әнші, композитор Батырхан ағамыздың рухына арнап құрметпен ән шырқағанымның өзі бір ғанибет. Бұл жерде осындай мықты оркестрмен бірге жанды дауыста өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен үшін конкурста орын алу, жеңімпаз болу маңызды емес. Бастысы, қатысқаным, - деді Г.Көшенова.

Сонымен дарындылар сын­ға­ түскен ән додасында бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысынан  келген Ерік Төленов   қанжығасына  байлады. Ал бірінші  орынды  қарағандылық Гүлнар Көшенова иеленсе­, үшінші орын қызылордалық Индира Баймбетова мен астаналық  Күләйім Қайырбаеваға бұйырды. Сондай-ақ, Шөкеновтер отбасының арнайы жүлдесі  алматылық  Сырымтай Еңсепов, қала әкімінің арнай­ы жүлдесі ақтөбелік Нұр­тас Омаров және қызыл­орда­лық Тұрғанәлі Шараповқа табы­сталса, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма­сының арнайы жүлдесімен Арайлым Маханбетжанова марап­атталды. Айта кетейік, шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма­сы және «Таңдау» продюсерл­ік ортал­ығы жоғары деңгейде ұйымдастырған.

Дәл осы күні қала орталығынан әншіге арнап орнатыл­ған ескерткіштің ашылуы болды.­ Батырхан Шөкенов арамызда болса, 18 мамыр күні 56 жасқа толар еді. Алайда тағдыр­ оны жазбаған екен. Есесіне,­ елі ешқашан ұмытпайтынын тағы бір дәлелдеді. Ескерткіштің салтанатты түрде ашылуына Б.Шөкенов­тің туған-туыстары, достары мен жерлестері қатысты. Құрметті қонақ ретінде әнші­нің жақын досы Байғали Серкебаев арнайы келді.

Мүсіннің келбеті үшін Батырхан Шөкеновтің «Отан-Ана» клипіндегі қолында саксоф­он  ұстап  тұрған  бейнесі алынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 3,6 метр, мүсіннің биіктігі – 2,2 метр, материалы – қола, тұғырдың биіктігі – 1,6 метр.

Әншінің анасы Диляра Шөкенова облыс басшылығы мен іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.

- Байқауды ұйымдастырып, ескерткішті орнатуға атсалысқан барлық азаматтарға үлкен рақмет. Ұлыма ескерткіш қойып, оның құрметіне саябақтың атын бергендеріңізге өте қуаныштымын, - деді ол.

Ал Байғали Серкебаев болса, ескерт­кіш­тің Батырханның музыка өнерінде алғаш­ қадам басқан орны – Оқушылар сарайының маңында орнатыл­ғаны кездейсоқ еместігін айтып өтті.

- Бүгін біз Батырдың туған қаласында, Батырдың өзі әрқашан сағынышпен балалы­қ шағын еске алу үшін қайтып баруды армандайтын сүйікті қаласы Қызыл­ордада жиналғанымызға өте қуаныштымын, - деді Б. Серке­баев.

Мұндай жылы лебізді әнші­ге  Елбасының  да айтқаны бар. Бір кездесуде Президент «Отан-Ана» әні – еліміздің екінші Әнұраны» деген екен. Әнші жұмысына мұнан артық баға жоқ шығар. Осындай талантты перзентіне Сыр елі ескерткіш орнатты. Осыны айтқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов:

- Батырхан Шөкеновтің әр әні – нағыз хит. Бір ғана «Отан-Анасын» алайық. Ал­ғаш­қы нотасы ойналған сәт­тен-ақ, Алтай мен Атырау арасындағы ұлан-ғайыр даланы еріксіз көз алдыңа әкелетін әннің әсері ерекше емес пе? Бұл ескерткіш оның туған қаласының төрінде жарқырап, көркіне көрік қосары сөзсіз. Оның үстіне осы саябақ Батырханның есімімен аталып, келешекте жастардың, әншіні құр­меттейтін тұрғындардың жақсы бір демалыс орнына айналар деп сенеміз. Сыр бойының талантты ұлы, өнер тарланы Батырхан Шөкеновтің есімі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады, - деді.

Әншінің бет-бейнесін айнытпай жасаған – мүсінші Мұрат Мансұров. Оның ұсынған  жобасы 2017 жылы бай­қауға түскен 8 жобаның ішінен үздік атан­ған болатын. Осылайша облыс әкімдігінің тапсырмасымен  жобаға  жан  бітіп, ескерткіш елдің алдына қойыл­ды.

Ескерткіш маңына жиыл­ған халықтың қарасы қалың. Шара салтанатты түрде ашылғаннан кейін де тарқаспай жүрді ел. Бұл Сыр жұртшылығының перзентіне деген көңі­лінің, биік бағасының көрінісі еді. Мұндай қуанышты жаңалықтан соң кешке гала-концерт өтті. Онда эстрада жұл­дыздары Дильназ Ахмадиева, Әли Оқапов және «Отан-Ана» ІІ республикалық конкурсына қатысқан әншілер өнер көр­сетті.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары