Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
ЖАҢАҚОРҒАНДА ОҚУШЫЛАР ЖАППАЙ УЛАНДЫ
24.05.2018 12:01

«Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ахуалдың туындауына қарақұмық пен жұмыртқа тағамы себеп болғанға ұқсайды. Бұған дейін анықталған деректерге сүйенсек, тамақтанған балалардың аз уақыттан соң денсаулықтары сыр бере бастаған. Жүректері айнып, іші өтіп, Келінтөбе ауылдық  амбулаториясына  жүгінген. Сол күні мектеп асханасынан  берілетін  бір реттік  ыстық тағамды  81 оқушы ішкен көрінеді.

– Қазіргі таңда балалардың жағдайы орташа деңгейде. Ауруханаға түскен оқушылар жеті күн дәрігерлердің бақылауында болған соң, үй жағдайына жіберілетін болады. Қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мектептегі қызметкерлерден қосымша анализдер алынды. Толық эпидемиологиялық зерттеулер мен анализдер дайын болған соң нақты диагноз қойылады,- деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.
Біз күні кеше ғана аталмыш мектептің директоры Қалдыгүл Досжановамен телефон арқылы тілдестік. Оның айтуынша, оқушылардың қазіргі жағдайы қалыпты.
– Уланған балалар сабаққа қайта қосылды. Ал мектеп асханасы қазір жабық. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Балаларға ыстық тамақ беріліп жатқан жоқ. Мектепті екі жылдан бері тамақпен қамтамасыз етіп отырған – «Сәрсенов С» ЖК. Қазір жеке кәсіпкер жұмысын тоқтаты, - дейді мектеп басшысы.
Бұл оқиға мектеп асханаларындағы ахуалдың әлі де сын көтермейтіндігін көрсетіп бергендей. Алда балалардың жазғы демалысы келеді. Демек, облыстағы тынығу лагерьлеріндегі асханалардың да жай-күйін бір бағамдап қойған артықтық етпейді.

 

Халық-хабар

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары