Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Оразаның денсаулыққа 10 пайдасы
07.06.2018 11:57

Көзді  ашып-жұмғанша 12 айдың ішіндегі ең қасиеттісі Рамазан айы да келіп жетті. Бұл айда күннің ыстығына, жұмыстың қауырттығына қарамастан күллі мұсылмандар ауыз бекітіп, Алланың алдындағы парызын өтеуге кіріседі. Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе, онда ол нәрседе  пенде үшін екі дүниеде де пайда болатыны сөзсіз. Исламның  бес тірегінің бірі ораза да солай. Оның қасиеттері,  шарапаты  туралы, сондай-ақ  ауыз  бекітушінің  шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен пайғамбар  (с.ғ.с.)  хадистерінен  оқып, имамдар  ауыздарынан  естіп жүрміз. Бұл – оразаның адамға әкелетін рухани пайдас­ы. Бірақ, бұл мақалада біз ауыз бекітудің рухани емес, адам денсаулығына әкелетін дүниелік пайдасы туралы­  әңгіме  қозғағанды  жөн  көріп  отырмыз.

Біріншіден, қа­зіргі медициналық ізденістердің нәтижесінде ораза тұр­ғысында үш нәрсені айтуға  болады.

1. Ораза – ішіп-жеуден тоқталатын жәй ғана діни жо­ралғы  ғана  емес, сондай-ақ, оның адам денсаулығына зор пайдасы бар екені қазіргі таңда дәлелденіп  отыр;

2. Ораза – адам толыққанды өмір сүру қалпын ұстап тұруы  үшін  маңызды­ процесс;

3. Ораза – адамға тамақ жеу, тыныс алу, ұйқы, іс-қимыл сияқты  адам организміне өмірлік маңызы бар құбылыстардың бірі болып табылады. Егер адам ұзақ мер­зімге ұйқыдан не тамақ  жеуден ты­йылса, денсаулығына зақым келіп, дертке шалдығатыны секілді адам ораза ұстамаса, ағзаларына зиян келетіні анықта­лып  отыр.

Ендігі кезекте оразаның оң қасиеттерінің онына жеке-жеке  тоқталайық.

1. Жасушалар  жаңарып, ескілері­   жойылады

Ораза адам организміндегі қажетінен артық және ескі жасуша­ларды жоюшы қызме­тін  атқарады. Оразаның тәр­тібі  бойынша  адам  жылына бір ай толығымен ауыз бекіте­ді. Күніне кем дегенде 14 сағат жеп-ішуден тыйылып, одан кейін бірнеше сағатқа ауызын ашып, әл жинап алу қажет. Бұл адам ағзасындағы жасуша­ларды жандандырып, керек еместерін жою процесіне қажет уақытқа дәлме-дәл келеді­. Адам қарны ашқан кезде­ әлсіз жасушалар өздігі­нен  жойылып, аштыққа қарсы тұру үшін адамның ішкі организмдері белсенділікпен жұмыс  істейді. Осы сәтте адам ағзаларының белсенділігі артып­, өміршеңдігі күшейе түседі. Сондай-ақ, ораза адам организмін тас, артық ет, май мөлшері сияқты зиянды заттардан  арылтады.

2. «Қант»  ауруына  тосқауыл болады

Ораза тұту қандағы қант үлесін барынша төмен мөл­шерге түсіруге үлкен септігін тигізеді. Себебі, ораза ұстаған кезде адамның ұйқы безі дем алады. Ұйқы безі қантты крахмалды заттар мен майларға айнал­дыратын инсулин бөле­ді. Егер адам ұйқы безі шығаратын инсулиннен артық мөлшерде тамақ жейтін болса, онда бұл ұйқы безіне ауыр тиіп, жұмыс істеу белсенділігін төмендетеді. Осылай жалғаса берсе, ұйқы безі өз функциясын атқарудан қалады. Осы уақытта адам бойындағы қант қанға тарай бастайды да оның қандағы құрамы бірте-бірте көбейіп, адам қант ауруына шалдығады. Қазіргі әлемнің біраз жерінде қант дертіне шалдыққан адамдарды ораза тұту арқылы емдеу етек алуда. Ауыз  бекіту  арқылы қант ауруын­ емдеу процесі былай жүреді: пациент үш апта бойы күніне (қанындағы қанттың мөлшеріне байланысты) 10 сағатпен 20 сағат арасында ауыз бекітеді. Одан кейін ауыз ашқан­ кезде жеңіл тамақтармен қоректенеді. Бұл химиялық  дәрі-дәрмектерді қолданбай қант ауруын емдеудегі өте ұтымды  жол екенін медицина дәлелдеп отыр.

Француз биологы, ішкі ағзалар бойынша білікті дәрі­гер болған, Нобель сыйлығының  лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген­ еңбегінде былай дейді: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық  діндер  тамақ-судан  тыйы­лып, ауыз  бекітуге шақырудан ешқашан айныған емес. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан соң денеде әл­сіз­дік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл – сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге терінің астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді». Каррель айтып отырған тамақтан белгілі бір мерзімге тыйылып, ауыз бекіту мұсылмандардың ораза тұту үлгісіне толықтай келетінін  айта  кеткен  жөн.

3. Артық  салмақтан арылуға әсерін  тигізеді

Егер ораза ұстаушы ауыз ашқаннан  кейін  жейтін  тамақ мөлшеріне шектеу қойып, дұрыс режиммен жүрсе, бойдағы артық салмақтан арылуға ораза – таптырмайтын әдіс. Яғни, адам ұзақ уақытқа қарны аш жүріп, бірден ауыз ашқан кезде тамақ пен сусындарға тойып алмағаны жөн. Себебі бұл керісінше салмақтың көбеюін­е әкеп соғады. Алла елшісі (с.а.с.) ауызашар кезде тек бірнеше құрмадан дәм татып­, аз ғана су ішіп, ақшам намазы­на тұратын. Пайғам­барымыздың (с.а.с.) осы бір әдеті  бәрімізге үлгі бола алады.­ Себебі құрманың құрамында қант бар, ал қант қан құрамына­ тез тарайды, сол себепті адам аузын құрмамен ашатын болса­, бірден тоқшылықты сезінеді. Сонымен қатар құрма адам ағзалары қалыпты жұмыс істеу үшін қажетті энергиямен қамтамасыз  етеді.

Көп адамдар күні бойы тамақтан тыйылып, ауыз ашқаннан кейін бірден ауыр, майлы тамақтарды, көкөністерді жеп бастайды. Бұл тағамдарды асқазан­ қорытуы ұзақ уақыт алады. Ағза асқазанға түскен тамақтан өзіне керек энергиясын алып, ол қантқа айналуы себебінен адам тоқшылықты сезінеді. Бірақ кісі бәрібір өзін аш сезініп тамақтың үстіне тамақ­ты жей береді, сөйтіп организміне қажетті энергияны мөлшерінен асырып жібереді. Осылайша ораза ұстау өзінің қасиеттерінің бірін жоғалтып, адам артық салмақ қосып, семіздікке ұшырайды. Әрине, Алла шариғатының бізге  қалағаны  бұл  емес.

4. Тері  ауруларына  пайдасы

Ауыз бекітудің тері ауруларымен күресуде пайдалы әсері бар. Себебі адам ораза тұтқан кезде қандағы су мөлшері азая­ды, яғни терідегі су құрамы да кемиді деген сөз. Бұл терінің қуаттылығын арттырып, зиянды микробтар мен бактерия­ларға қарсы тұруға көмектеседі. Сондай-ақ, қышыма ауруының адам денесіне әрі қарай та­ралуын тоқтатып, терінің майлануы мен аллергиядан жа­зылуға да оң әсерін тигізеді.

5. Тұз  байлану ауруына пайдасы­

Бұл дерт көп тамақтанудан, әсіресе еттен жасалған өнім­дермен  көп қоректенуден пайда­ болады. Сондай-ақ, адам шамасынан тыс тамақ жегенде бұлшық еттердегі протеин құрамы тым көбейіп, бұзыла бастайды. Бұл адам буын­дарына, әсіресе аяқтағы үлкен башпайға  несеп қышқылының жинал­уына  әкеп  соғады. Адам тұз  байлану  ауруына  шалдыққан кезде әлгі буындар ісіп, қызарады да ауырта бастайды. Сонымен қатар қандағы несеп тұзының мөлшері көбейіп, ол бүйрекке жиналып, тұнады. Бұл процесс ақырында бүй­ректе тас пайда болуына әкеп соғады. Сондықтан тамақ пен судан тыйылып, біраз уақытта ауыз бекіту – бұл дертті емдеудегі ұтымды жол.

6. Қан қоюлануының алдын алады

Көптеген мұсылман және мұсылман емес ғалымдары ауыз бекітудің денедегі майдың құрамын азайтумен қатар хо­лестерин мөлшерін де бәсеңдететінін жарыса айтады. Холес­терин дегеніміз – қан тамырл­арына тұнатын зат. Денедег­і майдың құрамы кө­бейген сайын холестерин мөл­шері де ұлғаяды. Бұның арты артериосклероз (қан тамыр­ларының майлануы) дертіне және  жүрек пен мидағы қан­ның қоюлануына  әкеп  соғады.­

Иә, Алла тағаланың «Біл­сеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы» деген аятын естігенде таңғалудың қажеті жоқ. Біздер тамақты тым көп жеп, өзіміздің денсаулығы­мызға  залал  келтіріп  жатамыз. Егер біз Алла шариғаты мен пайғамбар (с.а.с.) жолын ұстанып, тамақты көп жеуден ты­йылып, айына кем дегенде үш күн ораза тұтып жүретін болсақ, бұл дерттерге шалдығу ықти­малы  бәсеңдей  түсетіні  анық.

7. Адам ағзаларын улы зат­тардан   тазартады

Қазіргі кезде тағам өнім­дерін ұзақ мерзімге сақтау үшін құрамына химиялық қоспалар қосылатынын баршамыз біле­міз. Бұл өнімдер адам асқазанына  түскен кезде улы заттар­ға айналып, денедегі майдың ішіне сақталып қалады. Адам ұзақ уақыт тамақтан тыйылуы әлгі майдағы улы заттардың еруіне әкеледі. Оған қоса адам организмін улы заттардан қорғауға жауапты бүйрек, бауыр­  сияқты ағзаларға өз функцияларын атқаруға кө­мектеседі. Сондай-ақ ауыз бекіт­у кезінде дұрыс тамақтанып, артық тағамнан бас тарта­тын болса, бұл организмнің иммунитетін  күшейтеді.

Макфон деген америкалық дәрігер былай дейді: «Барлық адам, тіпті ауру болмаса да ораза­ ұстауға мұқтаж. Себебі қазіргі  тағам өнімдерінің улары­ адам бойына сіңіп қалады. Бұл адам организмінің белсенділігін тежеп, бойына ауырлық салып, өзін ауру сияқ­ты сезінуге апарады. Ал адам ауыз бекіткен кезде әлгі улы қалдықтар адам бойынан жойыл­ып,  ағзалар  тазаланады­. Бойындағы аштық кезінде жойылған жасушалар ораза ұстап болғаннан кейін 20 күнге жетпей қайта жаңарады. Денедегі улы қалдықтар кетіп, жасуш­алар жаңарған соң адам өзін жеңіл сезініп, қуатқа ие болады».

8. Ас  қорыту  жүйесі  дем  алады

Ауыз бекіту ас қорыту жүйесінің дем алуына мүмкін­дік береді. Дегенмен, адам организмі өзінің табиғи функцияларын  атқарады және тамақ қорытуға арналған сөл әдеттегіден аз мөлшерден бөлінгенімен, сөл бөлу процесі қалыпты жағдайда өз қызметін атқара береді. Бұл адамның сөл бөлу жүйесін жақсартып, бір қалыпқа түсіреді. Бірақ бір ескер­те кететін жайт, ораза ұстаған кезде асқазан қыш­қылдық бөлуді тоқтатпайды. Яғни,  асқазанында жарасы бар адам ауыз бекіту кезінде абай болуы  қажет.

9. Жағымсыз тәуелділік­терден  арылу

Жағымсыз тәуелділіктер десе, алдымен көз алдымызға түтіні  бұрқыраған темекі келе­тіні хақ. Өкінішке қарай оған тәуелділіктен жәй адамдарды айтпағанда бес уақыт намазын оқып жүрген бауырларымыздың арасында да зардап шегіп жүргендер бар. Сондай кісілер үшін Рамазан айы – арам әдеттен арылуға таптырмайтын кезең. Себебі басқа күндері «темекіні тастаймын» деп өзіңізге уәде беріп, артынан нәпсі құрғырдың айтқанына ілесіп  кеткеніңізбен, оразаның  уақытында  Алладан қорқыныш бұдан сізді иншалла қайтарады. Әрине қазіргі заманда тәуілділіктің түр-түрі көбейіп кетті. Бұлардан арылу алдымен адамның өзіне байланысты. Оразаның күнінде тоқтатып, түнінде қайта бастауы да мүмкін. Бірақ біліп қойыңыз, Рамазан айы – тек ауыз бекітіп қана қоймай, сондай-ақ жаман сөздерден, ұсқынсыз әдет­терден, жағымсыз тәуелділіктерден арылуға көмектесетін мүмкіндік айы. Арыла алмай жүрген тәуелділіктеріңіз болса, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

10. Қан  қысымын  түсіру  мен бас  ауруына  пайдасы

Ауыз бекіту – қан қысымын түсіруге және қанның қоюлануы қаупін азайтуға бағыттал­ған табиғи жол. Өйткені адам ұзақ уақытқа тамақтан тыйылған кезде бойға қажетті энергияны жеткізу үшін организм денедегі маймен қоса глюко­заны жаға бастайды. Сондай-ақ, адам бойындағы тамақ құрамы және адреналин сияқ­ты­ гормондар азаяды. Бұның бәрі бойдағы қан қы­сымының түсуіне әкеледі.

Ағайын, қарап отырсақ, Алла тағала бізге ораза ұстауға әмір беру арқылы тек Ақыре­тімізді емес осы дүниеде де дені­міз сау болып жүрумізді қалаған екен. Расында бізге Жаратушымыздай мейірімділікті, шапағатты ешкім көрсете алмайды. Ендеше біз ауыз бекіту арқылы Ақыретімізге азық жинауымызбен қатар осы дүниеде озады екенбіз. Алла ұстаған оразаларыңызды  қабыл  қылсын!

Бурхан   Абдулхәкім,

muslim.kz

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары