Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
ЕЛМҰРАТТЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
07.06.2018 12:01

Бұған дейін аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің барлығын «мұртын бұзбай», оқырман қауымды хабардар еттік. Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құр сандарды сөйлетуге мәтіби ауыл әкімдерінің әптер-тәптерін шығарып, сынның астына алатын. Тіпті, білдей облыстық басқармада қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған шенеуніктер кәдімгідей «шырылдайтын». Жұ­мысың жүйелі болмаса, көретін күнің осы ғой! Тапсырманың тыңғы­лықты орындалмауы кейбір лауазым иелерін «қыл көпірге» әкеп тірейді. Аппарат отырысында қала әкімінен оң баға алған шенеуніктер некен-саяқ. Бюджеттің орындалуынан бас­тап, ауылдың тазалығына дейін мұқият тексеретін Н.Мәшбекұлы қарамағындағыларын қажет уақы­тында қамшылап алатыны да жасырын емес. Біз атқарған жұмысы «бесті­кке бағаланатын әкім бар ма?» деп күттік. Ақыры арманымыз өткен аптаның сәрсенбісінде орындалды. Ол – Қарауылтөбе ауылдық окру­гінің әкімі Елмұрат Рахматуллаев.

Әріптестерінің біразы салық түсіміне келгенде сүрінетін. Ал Қарауылтөбеде 2018 жылдың 5 айын­да салықтың 6 түрі бойынша болжам 1 млн 26 мың теңге болса, бүгінде ол 1 млн 482 мың теңгені құраған. Оның орындалуы 144,5 пайызды көрсетіп отыр. Ал бюджет­тің игерілуі де тәп-тәуір. 90 пайыз. Неліктен оның 100 пайыз орындалмағанын сұраған шаһар басшысына «Ауылда жұмыс істеп жатқан мер­дігер мекеме өз жұмысын толық тамамдағ­ан жоқ. Сондықтан оған ақша  аудара   алмаймыз»  деді  Е.Нұрмаханбе­тұлы.

Аталмыш ауылда кәсіп бастауға ниетті азаматтар көбейген. Айталық, былтыр 39 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, қазір олардың саны 60-қа жеткен. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда филиа­лы және «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы кәсіп­керлікті дамытуға  6 ауыл тұрғыны 20 млн теңге несие рәсімдеп, жұмыс істеуде. Округ аумағынан кәсіпкер­лік мақсатта 110 гектар жер аук­ционға шығарылып, оны 9 кәсіп­кер­лік субъектісі бөліп алған. 40 гектар аумаққа жеке кәсіпкер Досхан Жүнісов құны 1 млрд теңгені құрайтын ауылшаруашылық кешенінің құрылысын жүргізіп, асыраушы салад­а ауқымды істерді атқару үстінде.

Көптен бері қарауылтөбеліктердің қолы көгілдір отынға жетпей жүрген-ді. Бұйырса, бұл шаруаның да шешілетін күні алыс емес. «Қаз­ТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы 43 млн теңге бөліп, округке жалпы ұзындығы 4260 шақырымды құрайтын газ желісін тартуды межелеп отыр. Жоба-сметалық құжаттарын әзір­леуге 3 млн теңге қаралған. Қазір мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал ауызсу мәселесі де кезең-кезеңімен өз шешімін табуда­. Жалпы құны 2 млрд 351 млн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Республикалық қазынадан 110 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталған.

Негізінде коммуналдық саланың кедір-бұдыры көп. Алақандай ауылға қазынадан қаржы қаралуы қиын. Бұл ретте ауыл әкімдеріне артылар жүк ауыр. Қайбір жылы Қарауылтөбенің кіреберіс жолы жөнделген. Сол жолға қаланың кей көшесінде жоқ аялдамалар  салынып,  жаяу жүргіншілер жолағы сызылыпты. Ал жарықтандыру жұмыс­ы да көңіл көншітерлік. Бірнеше жыл бұрын Қызылжарма әкімдігіне «игі­лі­гіңе пайдалан» деп жарық баған­алары берілген. Алайда жауап­тылар жауап­сыздық танытыпты. (Білетіндердің айтуынша, кешеге дейін бағана­лар құмға көміліп жатқан  көрінеді. – ред.). Ал Қарауылтөбе әкімі  Елмұрат  Нұрмаханбетұлы:

– Осы Қызыл­жарма  ауылдық  окру­гінен  алынған 100 дана жарық бағаналары ауылға кіреберіс жолы мен елді мекен көшелеріне  орна­тылса,  кәсіпкерлердің демеуш­і­лі­гімен  4 млн  теңгеге электр  желі­лер­і мен диодты шамдарымен жабдық­тадық. Сондай-ақ, ауыл тұрғын­дарының  сұранысы  бойын­ша 2010-2011  жылдары  жеке тұр­ғын үй  құрылысы  үшін  табыстал­ған 139 га  аумаққа бюджеттен тыс қаржы  көздерінен 1 дана подстанция және  2 шақырым болатын электр желісінің  құрылыс жұмыс­тары  жүруде, - деді.

Жеке кәсіпкер,  меценат Сейіт­қали Алшынбаев 10  млн  теңгеге  «Ер  есімі – ел есінде» атты «Тағзым алаңын»  салса, «Натишева» ЖК өз қа­ражаты  есебінен  жалғызбасты  әкеге 2  бөлмелі  баспана  тұрғызып  берген.

Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Елмұрат Рахматуллаевтың есебін тыңдаған шаһар басшысы:

– Біраз жұмыстарды атқарыпсыз. Ауыл тазалығы да көз қуантарлық. Кәсіпкерлермен бірлесіп, көптеген шаруалар тындырыпсыз. Ауылға кәсіпкер тарту, инфрақұрылым мәселелерін шешу деген оңай нәрсе емес. Әлі де ауқымды жобаларды қолға алады деп  ойлаймын, - деді.

Жиында тұрғындардың суға шомылу­ қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың алдын алу мәселе­лері жөнінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ербол Әлшеров:

– Өкінішке қарай, 23 мамырда қала бойынша 1 адам суға кетті. Ол Астана мөлтек ауданындағы «Қызылорда» каналында суға түсуге арналмаған жерде шомылған. Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 1 адам құтқарылды, - деді.

Сонымен қатар, тиісті басқарма басшысы жағалауларда тыйым салу тақтайшаларының аздығын және бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды. Өз кезегінде Н.Нәлібаев бұл шаруаларды тез арада шешу керектігін ескертті.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары