Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
«ЖҰРТ ҚОЛҚА САЛУДЫҢ ТҮБІ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙТЫНЫН ЖАҚСЫ БІЛЕДІ»
07.06.2018 12:05

Азиз  ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ,

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі:

Тергеуші болу – жауапкершілігі мол жұмыс. Ал сол жауапкершіліктің жүгін жүрексінбей орындау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені тергеуші – адам тағдырын шешетін мамандық. Ол салада жұмыс істейтін жанның, алдымен, ар алдындағы абыройы таза, әр фактіні уақытылы, өткізбей тіркей білетін ұқыпты, бір сөзбен айтқанда, өз ісінің шебері болуы қажет. Сондықтан бұл салада жас та болса бас болып, түйіні қиын мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосып жүрген Азиз Бұхарбаймен сұхбаттасып, тергеушілік қызметтің қыр-сырын сұрастырған едік.

– Тергеуші болу бала күнгі арма­ныңыз   ба?

– Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ мен полиция қызметкері болуды армандайтынмын. Арман қуып Алматыға бардым. Онда ішкі істер министрлігіне қарасты акаме­дияда  4 жыл білім алдым. Қазіргі таң­да­ қалалық  ішкі  істер бөлімінде жұ­мыс  істегеніме  бір  жыл  болып  қалды.

– Тергеуші  болу  қаншалықты­  қызық  және  қиын?

– Мүмкін  жас болғандықтан болар­, мамандығым өзіме қызық. Күніне әртүрлі жағдай мен оқиғалармен бетпе-бет келесің. Әлі есімде, бірде үй-күйсіз жүретін бір кісі қыстың күні қыстық күрте сатат­ын дүкенге ұрлыққа түскені бар. Сондағысы, қатты тоңғандықтан, қа­лың күртеше киіп, жы­лынғысы келген екен. Тере­зесін сындырып, ішіндегі жап-жаңа тонды үстіне киіп алыпты. Абыро­й болғанда, сол сәтте Ұлттық ұланның қызметкерлерімен ұсталып, ісі сотқа кетті. Ал бұл жұмыстың қиындығын  тек  басынан  өткізген адам  ғана  түсінеді  деп  ойлаймын.

– Сіздің  ойыңызша  тергеуші  қандай болуы  керек?

– Тергеуші істі тергейді, заңды шешімін қабылдайды және сотқа жібереді­.  Күдіктінің кінәсін дәлелдеп, іс барысында ҚР Қылмыстық процес­тік кодекс талаптарының бұзылмауына­ жұмыс істейді. Себебі, оның қызметі адам тағдырымен тікелей­  байланысты. Іс қаншалықты ашылып­, дәлелін тапса­, күдіктінің қылмысқа қатысы бар не жоғы сон­шалықты  белгілі болмақ. Бір сөзбен айтқанда,  бізге  психолог та, аналитик  те, математик те болу керек. Тіпті, криминалистің де тәжірибесінен хабары­ң болуы шарт. Сонымен қатар, ең бастысы, халықпен жұмыс істейтін болғандықтан, барынша әдепті бол­ға­н  абзал.

– Әдептілер қатарына өзіңізді жатқыза­  аласыз  ба?

– Жұмысқа алғаш қосылып, халықпен жұмыс істеген кездері, ағаттық жіберген сәттеріміз болды. Мүмкін, тәжірибеміздің аздығынан олқылықтарға жол берген шығармыз. Шүкір, қазіргі таңда үйрендік. Көп нәрсені көрдік. Барынша өзімді жақсы ұстауға тырысамын. Себебі, полиция қызметкері – қоғамдық тәртіптің басты қор­ғаушысы. Халық одан тек көмек сұрап ғана қоймайды, оған қарап бой түзей­ді, үлгі тұтады. Сондықтан көмек сұрай келген әрбір жанға жылы шырай танытқан дұрыс. Әсіресе, мені бұл сала­дағы ұстазым, ҚІІБ тергеу бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитаны Дәулет Бәйменовтің бар білген-түйгенін үйретіп, барынша жақсы  тергеуші  болып  қалыптасуыма­ қосқан  үлесі  шыңдап  келеді.

– Жұмысыңызға  қаншалықты  бе­ріл­генсіз?  Кез  келген  іске жауапкер­шілікпен  қарайсыз  ба?

– Кез келген тапсырманы уақы­тылы орындауға тырысамын. Ол орында­луға міндетті де. Алайда кейде жұмыст­ың ауырлығына байланысты үлгермей  қалатын  сәттер  де  болады.

– Кейде үлгермей қалатындай қоғамд­а  қылмыс  көп  пе?

– Мен жұмыс істегелі бір деңгейде деп  айта  аламын.

– Жұмыс істеп жатқаныңызға көп болмаса да, тәжірибеңіз қалыптасып, танылып қалдыңыз. Туған-туыс, дос-жарандар «Біздің  Азиз  – тергеуші» деп айтарл­ықтай қызметіңіз де бар. Осы орайда, сізден  көмек  сұрап, қолқа  сал­ған­  таныст­арыңыз  болды  ма?

– Қазіргі таңда халықтың көзі ашық. Құқықтық сауаттылығы артып келеді десем артық айтқаным емес. Олар құқық қорғау органы қызметкерлеріне қолқа салудың түбі жақсылыққа апармай­тынын жақсы біледі. Сондықтан, мұн­дай жағдайлар өз тәжірибемде­ бол­майды деп ойлаймын, болған да емес.

–      Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан   Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары