Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
ЕСІРТКІ АЙНАЛЫМЫНА «ПОГОН ТАҚҚАН ҚҰБЫЖЫҚТАР» ҚОЛДАУ БІЛДІРГЕН
07.06.2018 12:14

Өткен жылы алғаш рет облы­сы­мызда ұйымдастырылған «Көк­нәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы биыл да жалғасын таппақ. Қызылорда облысында есірткі бизнесінің өршуіне байланысты қолға алынған «Дельта-Сырдария» арнайы  бөлінісіне  республикада­ғы үздік  мамандар  және  озық арна­йы техникалар тартылатын болады.

Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыс әкімі Қ.Көшербаев ағымдағы жылдың  4  айында облысымызда есірт­кінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқықбұзушылық­тардың  саны 43 пайызға азай­ғанын (2017 жылдың 4 айында – 162, 2018 жылдың есепті мерзімін­де – 93 оқиға) атап өтті. Дегенмен, өңіріміздегі есірткі қылмысының таралу тенденциясы алаңдаушылық туғызатынын да жасырмады.

– Есірткі  айналымы  құқық  қор­ғау органдары қызметкерлерінің қолдауынсыз мүмкін емес. Кейбір шенділердің қылмыспен күресудің орнын­а өздері қылмыс жасап, есірт­кі заттарын тұтынуы ешкімге құпия емес. Мәселен, өткен жылы бірқатар күштік құрылымдар қызмет­керлері қамауға алынды. Бұдан әрі ондай «погон таққан құбы­жы­қтар» аймағымыздың құқық қорғау  органдарында  болмауы  керек, -  деді  аймақ  басшысы.

Сондай-ақ комиссия отырысында  Қызылорда  облысы ІІД-нің бастығы Қайрат Мұхитов «Көк­нәр-2018»  іс-шарасына  дайындық барысы туралы баяндады. Ағымдағы жылдың маусым-қазан айларына  жоспарланған  жедел-профилактикалық  іс-шараға  республика­ бойынша «Дельта-Сырдария» арнайы­ бөлінісі, есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарма­сының 2 жедел-іздестіру тобы, «Бүркіт»  арнайы жасағы, жергі­лік­ті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы, көші-қон полициясы және т.б. қызметкерлердің қатысатынын  мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда әр ауданда және облыс орталығында жедел-іздестіру топтары құрылып, жылжымалы мобильді бекет, автотехник­а, тікұшақтар жұмыл­дырыл­ған. Сондай-ақ ішкі істер орган­дарының байланыс теле­фондары  көрсетілген  жадынамалар  ілініп, қажетті түсіндірме және оқыту жұмыстары  ұйымдастырылуда.

Құқықбұзушылық профилак­тикасы жөніндегі ведомство­аралық комиссия отырысының қоры­тындысымен облыс әкімі Қ.Кө­шербаев іздестіру жұмыс­тарын тиісті деңгейде жүргізу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ жауап­ты орган басшыларын іс-ша­ран­ы өткізуге ықпалдастық көр­сетулерін, ал аудан әкімдеріне   28 маусым Халық­аралық  наша­қорлық­пен  күрес күні­не  орай тақырыптық іс-шаралар өткізуді тапсырды.

Құқық-ақпарат

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары