Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
МЕҢДЕГЕН МЕНИНГИТ
07.06.2018 12:16

Дене қызуыңыз күрт көтеріліп, жүрек айныса, буын ауырып, бөртпе пайда болса, Құдай сақтасын, менингококк ауруының белгілерінен күдік­тене беріңіз. Әрине, «сақтансаң, сақтай­ды»...

Қауіпті инфекция таралғалы жұртшылықтан дегбір кетті. Оқыс ақпарат дүйім елді дүр сілкіндіріп, әлеу­меттік желілерде қызу талқыға түсті. Меңдеген менингиттен жыл басын­ан бері 12 отандасымыз ажал құшқан. Бүгінде Алматы қаласында бұл инфекцияны жұқ­тырғандардың саны кө­бейді. Сыр өңірінде қауіпті инфекцияны жаңа­қорғандық 27 жастағы азамат жұқ­тырып, ауырған болатын. Алайда маусым айы­ның 2-жұлдызын­да науқас аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұған дейін қайтыс болған­ жерлесіміздің ауруханаға түскен кездегі хал жағдайынан бастап­ БАҚ өкілдері ақпараттандырылған болат­ын. Апта басында өңір­лік коммуника­циялар қызметінде қо­ғамдық денсаулық сақтау  департаментінің бас­шы­сы Ұлбосын Аханае­ва брифинг  берді.

Департамент басшысының сөзіне сүйенсек, ауру ошағы болып табыл­ған Жаңақорған ауданында менингококкты инфекция анықтал­маған.

- Бүгінгі таңда нау­қаспен қарым-қатынаста 65 адам болғаны анықталды. Барлығынан анализдер алынып­, зертханалық тексерулер жүргізілді. Олардың нәтижесі бірер күнде қолымызға тиеді. Қазіргі кезде­ 15 адамның зерттеулері қолымызда бар, оның 4-еуі – отбасы мүшелері, 11-і – науқаспен бірге жұмыс істеген­ әріптестері. Анализ қорытындылары  теріс. Менингококкты инфекция анықталған  жоқ. Қарым-қатынаста болғандардың  барлығын 10 күн бойы бақылауда ұстаймыз, - деді Ұ.Аханае­ва.

Менингиттен сақтану үшін алдын­ ала екпе салдыру қажет. Облыс­тың бас санитары Қызыл­ордаға екпе­лер Бельгия мемлекетінен жеткізілгенін айтты. Вакцинаның  ба­ғасы – 23 000 теңге. Менингитке қарсы егу Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізіл­мегендіктен, тегін емес. Вакциналау №6 қалалық емханада жүргізіледі. Бүгінге дейін онда 2 адам екпе екті­ріпті. Аурудан айығудан бұрын оның алдын алудың маңызы зор. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы штаб осы бағытта жүйелі жұмыс атқаруда­. Бұл туралы Ұ.Аханаева:

- Қазіргі  кезде  эпидемиологияға қарсы және профилактикалық шара­лар ұйымдастырылуда. Аудандық аурухана қызметкерлері үй аралау­ арқылы аталған сырқатқа күдіктілерді анықтау және ақпараттандыру шараларын жүргізуде, - деді.

Менингит ауа арқылы тарайтын болғандықтан, одан сақтанудың ең оңай жолы – медициналық маска кию. Алайда медицина қызметкерлері ол масканың да уақытша ғана екенін айтуда. Сол себепті екпе ектір­ген абзал. Ел болып елеңдеп отырған ауру туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та БАҚ өкілдеріне мәлім­деме  берген-ді.

- Еліміздің оңтүстік астанасындағы жағдай бүкіл елді алаңдатып отыр. Бүгінгі таңда Алматыда 32 менингококк жұқпасына шалдығу фактісі тіркелген. Тағы 26 адам өзге өңірлерде ауырып жатыр. 12 азамат менингиттен көз жұмыпты. Облыстардың арасында 4 оқиға Астанада, 2  факті Ақмола облысында тіркелген.­ Барлық өңірлерде ауру пайда болуы мүмкін. Ол барлық жерде болуы ықтимал. Алматыда халық көп, сондықтан науқастардың саны да артық болып­ отыр, - деді ҚР Денсаулық сақтау­  министрі  Е.Біртанов.

Министрдің мәліметі – осы. Премье­р-министр Б.Сағынтаев денсаулық сақтау министрінен мәлімет беруд­і талап еткен болатын. Жауапты­ министрдің мағлұматынан соң Үкімет басшысы ауру туралы халық ара­сын­да түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін алға тартты.

- Бұл  мәселе  бәрімізді  алаңдатып отыр. Әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Штаб жұмысы көпшілік алдында көрсетілуі керек. Әрбір болып жатқан жағдай халыққа түсіндірілуі қажет. Түсіндірме жұмыс­тарын белсендірек жүргізу керек. Вакцинациялау мәселесіне де жет­кілікті назар аударылып жатыр. Маған­ кәсіпорын директорлары, олардың қызметкерлері вакцина­циялаудың қажеттілігі жайлы айтып жатыр.­ Мұның барлығы жеткілікті түсіндіріліп жатқан жоқ, - деді Б.Сағын­таев.

Сондай-ақ, ол екпенің құны турал­ы да  пікір  білдірді.

- Кеше үлкен кәсіпорынның басшысы келді, "Жұмысшыларымның арасында алаңдаушылық басталды, оларға егу жұмысын жүргізейін бе, жүргізбейін бе?" деп сұрады. Оны айтып­, түсіндіріп жатқан ешкім жоқ. Вакцинаны өз еркімен алу, егу мәселесі де халық арасында күннен-күнге көтеріліп келе жатыр. Бағасы өте қымбат. Бір облыста 40 мың, бір облыс­та 20 мың тұрады. Осындай жағдай­  боп жатқанда министрліктер, құрметті әкім мырзалар, сіздер де бақы­лауға алып, керегінше көмек көрсетіп, бағасын түсіру керек. Дүрлігуге жол бермеу керек, - деді премьер­-министр.

Осылайша билік басындағылар мәселені майшаммен қарап, оны шешу­дің жолдарын талқылады. Бұған дейін Парламент Сенатының төра­ғасы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті инфекцияның осылайша ушығуы денсаулық сақтау министрлігінің сал­ғырттығынан екенін айтып пікір білдірді.

- Менингит инфекциясының тарал­уы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кеші­рілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр, - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Бұдан бұрын еліміздің бас дәрігері менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын мәлімдеген болатын.

-Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан­ кеңестерді тыңдауларын сұраймыз, - деген еді Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін министр елімізде 2018 жылдың басынан бері менингококк инфек­ция­сынан 12 адамның өлгенін хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта «қы­зы­ғы» сол, қауіпті кеселге қарсы каран­тин  жарияланбайды. Бетке маска киіп жүре берудің де дәурені ұзақ емес. Екпенің құны – бақандай 23 000 теңге. Ал еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері болса 28 284 теңгені құрайды. Ойланайық, отбасыңызда қанша адам бар? Өміріміз – маңызды,­ жан – тәтті. Қайтпек керек? Қауіпті дерттің жылдам жұғатынын қарапа­йым жұртқа қарағанда жетік білетін дәрігерлер қауымы екені сөзсіз. Қызылордаға вакцина әкелінген соң бар болғаны 2 адам ғана екпе ектіріп­ті. Ал қалған жұрт неге бейқам?

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары