Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
ДӘРІ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?
07.06.2018 12:19

Қызылордада дәрі-дәрмектер зауыттан шыққан бағасынан 500 есе артық бағамен сатыла ма? Ауру жағадан алғанда дәріханалар неге етектен тартады? Ауырып ем іздегендердің қалтасын қағатын кім? Бұл туралы қаладағы «Достық» үйінде өткен кезекті қоғамдық қабылдауда кеңінен талқыланды.

Сөз тізгінін алғашқы болып ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтика Комитетінің Қызылорда облысы бо­йынша департаментінің басшысы Ғалия Бәйменова алды. Қаптаған стати­стика, мол мағлұматтарды сөйлеткен ол қоғамдық тыңдауға қа­тысушыларды  ойландырып тастағаны  рас.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, биылғы 2 наурызда об­лыстық денсаулық сақтау басқармасы аталмыш депар­таментпен және фармацевтикалық ұйым басшыларымен 2018 жыл­ға үшжақты меморандум жасады. Ол құжат бойынша дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағал­арын тұрақты ұстау қажет. Оған 100 фармацевтикалық субъект басшылары қол қойған. Ғ.Бәйменованың сөзіне сенсек, Меморандуммен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, 150 аталымның 92 пайызы сатылымда бар. Жалпы, біз кім шығарған дәрі­лерді тұтынып жүрміз? Қазіргі күні елімізге басқа­ мемлекеттерден импортталатын дәрілік заттардың үлесі 66 па­йызды құрап отыр. Ал негіз­інен дәрілік заттар Үндістан, Қытай, Германия, ТМД елдері, Франция, АҚШ-тан келеді. Қазақстан бойынша Бір­ыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС арқылы  жүзеге  асыры­лады.

Осы тұста кездесетін түйткіл – дәрілік заттардың жеткізілмеуі. Аталмыш мекеме биыл Паркинсон ауруы бойынша «Прамипексол, 0,25 мг таблетка, ұзақ әсер ететін 3 мг таблетка» дәрілік затын,­ қант диабеті нозологиясы бойынша «Таңбаланған бір реттік қолдануға арналған инсулиндік  шприцтер» ме­ди­циналық мақсаттағы бұйымын жеткізген жоқ. Бұл туралы Ғ.Бәйменова өз баяндамасында атап өтті. Осы және өзге де проблемаларды    анықтау – арнайы мониторингтік топтың жұмысы.

Алқалы басқосу барысында дәрі-дәрмек барысындағы көкейкесті мәселелер ашық айтылды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов қаладағы дәріханаларда бір дәрінің түрлі бағада сатылатынын тілге тиек етті. Бірінде қолжетімді дәрі келесі бір дәріханаға келгенде қымбаттап кетеді. Бұл не «құдірет»? Осындай ол­қылықтардың салдарынан ардагерлер үйіндегі қарттардың қолжетімді бағада  дәрі-дәрмек алуы­на  қиындық  туып отыр.

Дәріханалар тарапынан келіп отырған өкіл дәрілік заттарды шығарған зауытынан емес, Шымкенттен алатынын жеткізді. Сонда баға шека­радан асып-аспай тұрып-ақ өзгеріп кетеді екен. Ал зауыттан шыққан алғашқы бағасынан 500 есе қымбат­тайды деген – бос  сөз.

Мұнан өзге дәрілік препаратты екіншісімен ауыстыру туралы да тал­қыға түсті. Екінші дәрі­мен ауыстырған кезде оның сапасы қалай болмақ? Осыны жүйелеу қажет десті олар. Ал жиын­ды жүргізіп отыр­ған облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов «зауыттан шыққан бағасынан  500  есе шарықтап кетеді»  деген  ақпараттың  растығын анықтауды сұрады. Ғалия Бәйменова  бұл ретте оның жаңсақ пікір екенін алға тарт­ты. Осы тұста қатысушылар тарапынан айтылған  тағы бір мәселе – қауқарлы заң. «Қазір біз­дің елде кәсіпкерлерді қорғайтын заң бар. Ал халықты кәсіпкерлердің алдында қорғайтын заң жоқ. Парадокс»  деді Қо­ғамдық  кеңестің мүшесі Талғат  Телеубаев.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері халықтың тарапынан айтылған сын-ескертпелерді жеткізе отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтика Комитетінің Қызылорда облысы  бойынша  департаментінің басшысы Ғалия  Бәйменоваға  са­уал­ қойды. Қызылордадағы дәрі-дәрмек баға­сының қолжетімділігі турал­ы. Алайда ол өзде­ріне кәсіпкерлерге ондай талап қою туралы құзыреттілік берілмегенін айты­п ақталды. Сонда халық арасында зерттеу жүргізіп не дәріханалардағы заттардың бағасы мен сапасына мән беріп жүргенмен, мониторинг­тің нәтижесі ештеңе өз­герте  алмауы  мүмкін. Тек  бұқараның  базы­насы  туралы  талап, арыз, өтініштерді билікке  жеткізе алады. Бұған да шүкір. Әйтпесе кәсіп­керлер  бағаны «ұшырып» әкетуі де бек мүмкін емес пе? Осы тұста кеңес мүшелерінің бірі «біз халық­тың қалтасын қа­ғатын  дәрі-дәрмектердің бағасын түсіре алмасақ, ондай құзыреттілік сізде (Ғ.Бәйменоваға қарап. – авт.) болмаса, не  үшін бас қосып  отырмыз?»  деді.

Қарап отырсақ, мемлекет қара халыққа жағдайды жасап-ақ отыр. Бұл денсаулық сақтау салас­ы бойынша да. Мәселен, «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың  2016-2019 жылға арнал­ған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарла­масында Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асырудың  негізгі міндеттері­нің бірі – дәрілік зат­тардың қолжетімділігін қамтамасыз ету деп қадап айтқан. Бұл аз десеңіз, Елбасы 2017 жылы халыққа жариялаған «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасына реттеуді енгізу қажеттігін атап, дәрі-дәрмектің халыққа­ қолжетімділігін қамтамасыз етуді қатаң тапсырған болатын. Олай  болса, дәрі-дәр­мек­тің әр жерде әртүрлі бағамен сатылуына кінәлі кім? Аңдасаңыз, дәрі­ханалар белгілі бір медициналық ұйымдардың емес, жеке кәсіпкерлердің қол астында. Бұл көп нәрсеге әсер етеді емес пе? Десе де, мемлекеттің құнды капиталы адам мен оның денсаулығы  екенін  ешкім  ұмытпауы тиіс. Ал баға шарықтамас  үшін не істеу  қажет?

Жазира   БАҒЛАНҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары