Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
«БІЗ ҰРЛЫҚ ҚЫЛҒАН ТҮНІ АЙ ЖАРЫҚ БОЛДЫ»
07.06.2018 14:33

Мемлекеттік қызмет – еріккеннің еңбек ететін жері емес. Онда жұмыс істейтіндер жібектей есілген мінезімен мұқым елдің мұң-мұқтажына құлақ түруі тиіс. Қойылатын талап – сол. Дөрекі тілдесіп, ыраң жеген жылқыдай тыраңдаса, оның тәртібі талқы­лаусыз қалмайтыны анық. Осыған дейін ҚР Мем­лекеттік  қызмет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  Қызылорда­ облысы бойынша департаменті өңірдегі біраз шенеун­іктің «шаңын қақты». «Біз ұрлық қылған түні ай жарық болды» дегендей, білдей аудан әкімі­нің орынбасарынан  бастап, қарапайым  мемлекет­тік қызметкердің де  тәртібі  таразыға тартылды. Тіпті, лауазымына лайықсыз  тұлғалар жұмсақ креслосымен қоштасты. Естуімізше, тұтылып қалғандар құтылып кетуге әрекет­ етсе де, ештеңе өнбеген. Міне, тәртібіңді түземесең­, көретінің – осы.

Сейсенбіде Шиелі ауданында аталмыш департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Өйткені шиелілік шенеуніктер сыбайлас­ жемқорлық сипатындағы қылмыстарға бейіл болып тұр. Был­тыр­ 10 қылмыс тіркеліп, 5 лауазымды тұлғаға соттың айыптау үкімі шыққан. Ал биылғы жылдың алғашқы 5 айында­ 4 қылмыс тіркелген. Шенеу­ніктерді былай қойғанда, шенділер­дің де өңешіне өгіз құлап кетердей. Шамасы, мұндағы ақ пен қы­зылжа­ғалы­лардың  бойын  «алыс-беріс» деген­іңіз дендеген. Аудандық ішкі істер бөлі­мінің бастығы С.Тоқтыбаев жыл басына­н бері жеке құрам арасында сыбайл­ас  жемқорлық  сипатындағы 1 қылмыс  орын  алғандығын айтты. Ал өңір басшысы Әшім Оразбекұлы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыст­ар  барысына  тоқталды.

Ауданда білім саласындағы сы­байлас жемқорлық сипатындағы қылмыс­тар әбден өршіген. Бірнеше жыл бұрын мектеп директорларының қолы былғанса, былтыр білдей білім бөлімінің  басшысы  пара  алып жатқан­ жерінен  ұсталған.

– Шиелі ауданында сыбайлас жемқор­лық фактілері өскендігін байқадық­. Құрылыс, білім, жер қатынастары, көші-қон салаларында қыл­мыстар анықталған. Сондай-ақ, департамент тарапынан Ішкі істер саласында көрсетілетін кейбір  қызметтерді  «Халыққа қызмет көрсету» орталы­ғына беру туралы да мәселелер көтерілді. Тиісінше, бұл көші-қон саласындағы құқықбұзушылықтардың төмендеуіне әкеледі деген ойдамыз, -  деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыс­ы бойынша департаменті басшысы,  Әдеп жөніндегі кеңестің төраға­сы  Абзал  Мұхимов.

Жиында аудан әкімі Әшім Ораз­бекұлына  кеңес  мүшелері өңірдегі кадр  мәселесін  реттеу жөнінде ұсы­ныс­тарын  жеткізді.

Сондай-ақ, Әдеп кеңесінде бұған дейін Жаңақорған аудандық прокуратурасы тарапынан аталмыш департаментке кент әкімі Аллаберген Ахметовтің мемлекеттік қызметке кір кел­тіргендігі, тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін тәртіптік мәселесін қарау ұсынылғандығы айтылды. Бірақ бұл іс департаментке жетемін дегенше, аудан әкімінің 18 сәуірдегі №607 өкімімен А.Ахметов қызметінен бо­сатылған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қызметінен кеткен кенттің экс-әкімнің тәртібін қарауды тоқтатты. Сонымен қатар отырыста Жаңақорған­ кенті әкімінің орынбасары Баянбай Доспанбетов пен кент әкімі аппаратының бас маманы Алмагүл Мамированың тәртіптік жауапкершілігі қаралды. Биыл кенттегі қалдық алаңын ұстап тұру жұмыстарына 4242924 теңгеге электронды конкурс өткізілген. Тендерді «Есентай» ДК 1499668 теңге баға­ме­н ұтып алған. Қызығы сол, жеңім­паз атанған мердігер мекеме көрсетілген электронды конкурс бо­йынша біліктілік талаптарына сәйкес келмей­тіндігі анықталған. Бізді таң­ғалдырып отырған тағы бір мәселе бар. Бөлінген қаржының көлемін әлде­қайда төмен түсіріп, жеңімпаз атанған­ мекеменің тапсырылған жұмысты қаншалықты сапалы тындыра алатындығы? Дегенмен, жүргізілген тексерулерден соң «Есентай» ДК конкурстан шеттетіліп, «Кәусар» ЖШС жеңімпаз атанған. Кеңес мүшелері Б.Досман­бетов пен А.Мамированы бұған дейін атқарған жұмысын ескере отырып, тәртіптік істі қысқарту жөнінде шешім шығарды.

Оңтүстік өңірлерді «індеген індет» иірген жіптей молайып, шенеуніктері тізгін  тартар  емес. Бірақ «мың асқан­ға – бір тосқанның» болатыны анық.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары