Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІН МЕНШІКТЕГЕН КІМДЕР?
07.06.2018 14:38

Емен есігі еріне ашылатын лауазымд­ы тұлғалар «тұғы­рын­да» тұрғанда атандай адымдап алғысы келетіндей. Басшысының ләббайына қосшысы қайтіп қарсы келсін? Тақсырдың тап­сырмасы орындалуы тиіс. Бұл – бұйрық. Ал  бұйрықтың талқы­ланбайтыны  айдан  анық.  Сөзбен суреттеп отырғанымыз мемлекеттік  мекемелердің басшыла­рына  қатысты. Әйдіңгердей қызметтік көлікте шәниіп отыратын шенеуніктер «шопырларын» тыным­  таптырмайтын  тәрізді.

Әдеп Кодексінде «мінез-құлықтың жалпы стандарттарында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда­,  ұтымды, тиімді  және тек  қызметтік  мақсатта ғана пайдалануы  тиісті»  делінген. Демек, қызметтік  көлікті  жекеменшігіндей көруге жол жоқ. Әйтсе де қызылордалық атқамінерлер Кодекс­те қаузалған дүниелерді пысқырмайтын секілді. Осыдан екі  жыл  бұрын  қызметтік көлік­пен автовокзалда қарбыз тасыған полицейдің әрекеті әлеуметтік  желі  қолданушыларын  әрі-сәрі күйге қалдырған-ды. Аталмыш  бейнежазба  таралып кеткен соң «біздегі лауазымды тұлғалар тартына ма?» дедік. Алайда олар  айылын  жияр  емес.

Бүгінде тасжолда жүйткитін, отбасының жайын күйттейтін, бәрінен өзін биік дейтін басшылардың жүргізушілері де жүгенсіз кеткендей. Темір тұлпар шенеу­ніктерді шұғыл жиындарға, оқыс оқиға орын алса, тез арада сонда жеткізуі тиіс. Біздіңше, солай. «Тез  арада» дегеннен шыға­ды, былтыр мемлекеттік көліктердің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Одан 2 адам қаза тапса, 6 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал биылғы жылдың алғашқы 4 айында 5 жол-көлік оқиғасы орын алып, 8 адам жарақаттанған. Бұл турал­ы «Халық» газетінің жолдаған ресми хатына Қызылорда облысының ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызме­ті­нің берген жауабында баяндалған. Өздерін жайлы көлікте «жарты Құдай» сезінетіндер неге көбейіп кетті? Айтпақшы, аймаққа қарасты аудан әкімдері айтуға ауыз бар­майтын автокөліктерді мініп жүр. Жергі­лікті басқарма мен бөлім басшылары да қара  жаяу  емес.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті былтыр осы мәселелерге қатысты рейдтік шаралар өткізген. Анықталған мән-жайлар біраз былықтың бетін ашып берді. Мәселен, Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысына тиесілі «Kia cadenza» авток­өлігіне KZ/022/KK/11 мемлекеттік белгісі бекітілген. Қызығы сол, аталмыш мемлекеттік белгіні «Шкода Октавиа» маркал­ы автокөлігіне тағып алған. Бұған ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлімінде көрсетілген (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару) әкім­шілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік ақылы айыппұл тұрағына қойылған. Мұндай деректер жетіп артылады. Бағдаршамға бағынбайтын, ережені елемейтін, белдікті тақпайтын басшылардың жүргізушілері тіпті өздерімен бірге жүргізуші куәлігін де алып жүрмейтін көрінеді. Айта­лық, Мемлекеттік кірістер департаменті­нің Қазалы аудандық басқармасы, Арал ауданы әкімдігінің ветеринария станциясының инспекторы Бақытбек Құдайбер­ге­нов, Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Талғатбекұлы, Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы, Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Асылбек Аманкелді­ұлының әкімшілік құқықбұзушылық жа­саға­ны үшін автокөліктері айыппұл тұра­ғына жеткізілген.

Жыл басынан бері мемлекеттік көлікті жеке мақсатта пайдаланған ақжағалылар да аз емес. Жүргізушілердің көпшілігі басшылардың балаларын балабақшаға немесе мектепке, жұбайын дүкенге, кешкілік уақытта қонаққа апарып және әкетуді әдетке­ айналдырған. Олар – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық олимпиада резервін­ің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне тиесілі KZ/623/AO/11 «Skoda Octavia», облыстық жұмылдыру  дайындығы басқармасына тиесілі KZ/313/AE/11 «SSangYong Action», облыстық  қаржы басқармасы басшысының орынбасар­ы мінетін KZ/137/RK/11 «Toyota Camry», облыстық соттар әкімшісіне тиесіл­і KZ/888/CS/11 «Hyundai Accent» автокөл­ігі.

Жоғарыда аталғандай мән-жайларды көзімізбен көру үшін біз де жергілікті жұрт «кіл ауқаты азаматтардың балалары білім алатын мектеп» деп атап кеткен «Мұрагер­дің» маңына таңертең бардық. «Халық айтса­, қалт айтпайды». Небір темір тұлпарлар іркес-тіркес тоқтады. Біздің кадрға көп­теген жеке компания, сері­ктестіктер­ден басқа­ қала әкімдігіне қа­расты «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС меке­месіне тиесілі мемлекеттік нөмірі KZ/010/ҮN/11 «Kia cadenza»,  «Қалалық мәдениет үйлері, клубтары  және  халықтық  ұжымдар» МКҚК-не тиесілі мемлекеттік  нөмірі KZ/183/AK/11 «Skoda  papid»  автокөлігі  ілікті. (Суреттерде)

Міне, мемлекеттік көлікке құйылатын жанармай шығындарының қайда жұмсалып жатқандығын бағамдай беріңіз. Ал мемлекеттің мүлкін өз мақсатына пайдалану пайдакүнемдік пе, әлде лауазымды тұлғалар  шынымен  соған  мұқтаж  ба?

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ



 

Тақырыпқа  тұздық

Белгілі  журналист

Серік  Жанболат:

Қызмет көлігі адамға не үшін беріледі?

 

1. Кеш тұрса да жұ­мыс­тан кешігіп қалмау үшін;

2. Түнде 700 гр. ішіп қойса, Жолпол ұстап алмау­  үшін;

3. Статусын елден биік  ұстау  үшін;

4. Жаңбырдың астында қалып қойса, костюм-шалбары су болмау үшін;

5. Бала-шағасы мен әйелін базарға апару үшін;

6. Түскі асты елден бөлек ішу үшін;

7. Газет оқып, ел жаңалықтарынан  хабардар болу  үшін;

8. Үлкен бастықтың алдында  сөйлейтін сө­зін алаңсыз жаттап бару үшін;

9. Жолда қағысып қалса, ары қарай таксимен кету үшін;

10. Анда-мұнда бар­ғанда көзге түспеу үшін;

11. Барлық керек-жарағын тасып  жүретін арба  ретінде;

12. Құдаларын тасу үшін;

13. Ел  қамын алаңсыз  ойлау  үшін;

14. Парковкада дәрет сындыра  салу  үшін.

Тағы не  қалды, ал?!

Фейсбуктегі   парақшасынан

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары