Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
Біз лагерьге барамыз!
14.06.2018 09:59

Сонау бала кезімізден құлағымызға сіңген «Лагерь жыры» баршамыздың есімізде шығар. Ойын баласына жазғы каникулдың басталғанынан артық қызық болар ма?! Балдан тәтті балалық шақ кімнің де санасына тәтті естелік ретінде сақталып қалары анық. Ал жазғы лагерьдің орны тым ерекше екендігі ешқандай талас туындатпаса керек. Осы тұрғыда Арал ауданында да көптеген игі істер жүзеге асуда. Жалпы, «Қызылорда облысының 2018 жылға арналған балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету» жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылардың демалыс мезгілдерін тиімді қолдану және денсаулығын, шығармашылық еңбегін, қабілеттілігін арттыру үшін барынша жағдай жасау мақсатында білім беру мекемелерінде 1-10 сынып аралығындағы 15053 бала сауықтырумен, үйірмелермен және жұмыспен қамту жоспарланғаны туралы деректі оқырманға ұсына кетсек.

Табиғаты көркем Қамбаш көлінің атағы әмбеге аян. Осынау көл жағасында орналасқан облыстық «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына - 600 бала, мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерде ыстық тамақпен 2189 бала жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен қамтылады. Мектептердегі шатырлы лагерьлерге, ауданнан тыс жерлерге көркейту-көгалдандыруға, «Жасыл ел» жасағына ақылы жұмыспен, экскурсияға, аулалық клубтарға, мектеп жанындағы ыстық тамақсыз лагерьге (үйірмелерге) балалар тартылған. Барлық орта және негізгі мектептердегі күндізгі лагерьлер, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы «Халықаралық балаларды қорғау» күні ашылып, өз жұмыстарын бастап та кетті.

Жазғы сауықтыру лагерьлеріне алғашқы кезекте ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, мектеп партасындағы отырған мүмкіндігі шектеулі балалар, көпбалалы және қолайсыз отбасы балалары мен құқықбұзушылықпен есепке алынған оқушылар қамтылуда.

«Қамбаш» лагерінде қазіргі таңда бірінші ауысым бойынша 140 бала тынығуда. Орталықта мектеп мұғалімдерінен жасақталған педагогикалық топ жұмыс істейді. Сондай-ақ күндізгі лагерьлерге ыстық тамақпен екі ауысымға қамтылатын балалардың алғашқы бөлігі тынығып жатыр. Кәмелет жасына толмаған 50 бала «Жасыл ел» еңбек жасағына келесі айдың алғашқы күнінен бастап ақылы жұмысқа тартылатын болады. Күндізгі лагерьдегі балаларға мәдени-тарихи құндылығы зор аудандық өлкетану және балықшылар мұражайына экскурсиялар, орталықтағы жабық бассейнге бару ұйымдастырылуда. Бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында барлық мектептерде балалардың қызығушылығын танытатын мектепішілік, Оқушылар үйі жанындағы үйірмелер өз жұмыстарын жалғастыруда.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жас тарихшылар" үйірмесі жетекшілерінің бастамасымен "Туған өлкем – тұнған шежірем" тақырыбында тарихи жерлерді ұрпаққа таныстыру үшін жасалған саяхат тартымдылығымен есте қалды. Үйірме мүшелерінің саяхаты көршілес Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі Жанқожа баба кесенесінен бастау алып, Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінде жалғасты. Оғыз мемлекетінің астанасы Жанкент қаласының көне шаһарындағы "Аспан асты" музейінің ескі тарихымен танысып, Қорқыт ата атындағы университетінің ұстаздарының зерттеу жұмыстарын көрген оқушылар еркін пікір алысты. Мұнан соң Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс Баһадүр кесенесіне, "Бегім Ана", "Асандар көтерілісі" ескерткіштеріне тағзым еткен өскелең буын алуан дерекке қанықты.

Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Қорқыт Ата кесенесіне барған шәкірттер өздеріне рухани азық алса, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, Арал теңізімен танысып, суға шомылып, Көкарал биігінен маңайға көз тастап, туған даланың дарқандығына тәнтілік танытты. Ақмола облысына аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар саяхатқа барса, мұндай жағымды жаңалықтар алдағы уақытта жалғасын таппақшы.

Сонымен бірге аудан, облыс көлемінен тыс жердегі лагерьлерге балалардың тынығуына ЖШС «Лотон-Маркет» ЖШС-не қоса,  рал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық мәслихат депутаты Кәдірберген Бедер, өзге де азаматтардың жеке қаражатынан демеуші болғанын естігенде көңілімізді ризашылық сезімі кернеді. «Ауыл – алтын бесік» деген осы шығар.

Жұмабек  Табынбаев,

Арал ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары