Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің нәтижесі: кәсіпкерлер 998 613 теңге қаржысын сақтап қалды
14.06.2018 10:12

Өткен жұмада Кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысы өткен болатын. Отырыста қаралған маңызды мәселелердің бірі бір топ кәсіпкердің «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің әрекетіне қатысты шағымы талқыланды.

Нақтырақ айтқанда, отырыста ЖК «Ким Л.И», ЖК «Хегай», ЖК «Сара», ЖК «Мусахан ата»-ның заңды өкілі «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің мамандары ауызсуды заңсыз пайдаланды деген желеумен 938 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін төлеуі тиіс деген акт толтырып кеткендігін жеткізіп, кеңес мүшелерінен кәсіпкерлердің құқығын қорғауды сұрады.

Мәселе түсінікті болу үшін назарларыңызға бір кәсіпкердің басында болған оқиғаны ұсынғымыз келіп отыр. Осы жылдың 9 наурызында «Ким Л.И» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Сластена» дүкеніне су жүйесінің инспекторы келіп, есептегіш құралынан кәсіпкердің өкілінсіз көрсеткішті жазып алады және кәсіпкерге есептегіш құралына немесе оның көрсеткішіне қатысты ешқандай ескерту жасамайды. 12 наурызда кәсіпкерге ескертпей аталмыш дүкенге су жүйесінің мамандарынан құралған комиссия келіп, есептегіш құралының пломбасы алынып тасталғандығын айтып, 938 331 теңгеге айыппұл салып, акт толтырады.

Кеңесте су жүйесінің мамандары бұл әрекеттерін дүкенде орналасқан су құбыры диаметрінің үлкендігімен, екі айда суды тоқтаусыз қолданғанда кететін шығынмен есептегендіктерін айтты. Ал кәсіпкер су құбырының диаметріне қатысты өлшемді сол мекеменің мамандары бергендіктерін, өз тараптарынан тек тапсырманы орындағандықтарын жеткізді.

ЖК «Ким Л.И»-нің басында болған жүйе ЖК «САРА»-ға тиесілі «Азық-түлік» дүкенінде (80 282 теңге айыппұл), ЖК «Хегай»-ға тиесілі «Чер-Сун» кафесінде (80 282 теңге айыппұл), ЖК «Мусахан ата»-ға тиесілі дүкенде (201 505 теңге айыппұл) орын алады.

Отырыста мәселені жан-жақты талқылаған кеңес мүшелері мәселенің күрделі әрі жүйелі орын алғанын ескере келе, Келісу комиссиясын құрып, әр мәселені егжей-тегжейлі зерттеу туралы шешім қабылдады.

13 маусым күні құрамында Кәсіпкерлер палатасының, «Су жүйесі» мекемесінің өкілдері және кәсіпкерлер енген келісу комиссиясының отырысында «Ким Л.И.»-ге салынған 938 331 теңге актінің күші жойылды, ЖК «САРА» 80 282 теңге айыппұлдың орнына 20 000 теңге төлейтін болды. Ал қалған кәсіпкерлердің мәселесі әлі де қаралуда.

Мәселені шешуде «Су жүйесі» мекемесі басшылығы кәсіпкерлердің өтінішіне, кеңестің шешіміне бейжай қарамайтындығын, кері байланысқа шығып, шешілуіне қолдау көрсете алатындығын көрсетті.

Кеңес отырысында қабылданған оң шешімнің нәтижесінде бүгінгі күнге кәсіпкерлердің осы мәселеге қатысты 998 613 теңгесі өздерінде қалатын болды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары