Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
БЕРЕКЕЛІ БИЗНЕСПЕН АЙНАЛЫСҚЫМ КЕЛЕДІ
14.06.2018 10:40

Мағжан  ЕРАЛИЕВ,

“Абзал және К”  ТС  директоры:

Газеттегі биыл ғана ашылып, бесінші мәрте жарыққа  шығып отырған ер-азаматтарға арналған “Мырза” бетінің кейіпкері болу оңай емес. Ол үшін бойында нағыз  ер-азаматқа тән қасиет, ел-жұрт үлгі-өнеге аларлықтай ерекшелік болуы керек. Ал, еңбегі еленіп, Елбасының қолынан марапат алған Мағжан Ералиевты Сыр жұртшылығы жақсы біледі. Жаспын демей, білдей компанияны басқарып, ел ықыласына бөленіп жүрген жас кәсіпкерді “Мырзаның” кезекті “қонағы” болуға шақырған болатынбыз. Екеуара әңгіме кәсіпкерлік турасында басталып, қазіргі жігіттердің жағдайына ауысты.

- 2018  жыл  облыс бойынша “Жап­пай кәсіпкерлікті қолдау жылы” деп жарияланғаны  белгілі. Біздің  ойымызша, бұл тек кәсіпкерлерге ғана емес, кәсіп бастауға  талпынып  жүргендерге  де үлкен  серпіліс  беріп,  мүмкіндік сыйла­ған  секілді.

- Дұрыс айтасыз. Жалпы, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек өте көп. Оны өз тәжірибемнен жақсы біле­мін. Маған да жас кәсіпкерлер келіп, ақыл-кеңес сұрап тұрады. Көз жеткіз­генім, кейбіреулері мемлекеттің бере­тін мүмкіндіктерін айтарлықтай біле бермейді. Өзім оларға қолымнан кел­генше көмектесіп, “Даму” кәсіп­кер­лікті дамыту қоры, облыстық кәсіп­керлік палатасы секілді осы саламен арнайы айналысатын ұжымдарға жөн сілтеп отырамын. Әрине, аталған ұжымдар кәсіп бастауға ниет таныт­қандарға, кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды, олардағы жеңілдік­терді айтып, түсіндіреді. Одан өзге облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы да әрдайым жастарға, кәсіпкерлерге жана­шырлық танытып, әр уақытта қолдап отырады. Ер сенімі – ел сенімі ғой. Қай салада болмасын, аздаған түсініспеу­шілік, қиыншылық болады. Сондық­тан, берілген  мүмкіндіктерді  пайда­лану  керек  деп  ойлаймын.

- Өткен жылы “Абзал және К” ком­паниясы “Азық-түлік және ауылшаруа­шылық өнімін шығаратын үздік кәсіп­орын” номинациясы бойынша Елбасы­ның қолынан “Алтын сапа” сыйлығын алды. Нендей жауапкершілікті сезіндіңіз?

- Бұл біздің компанияға үлкен жауапкершілікті жүктейді, мотивация береді. Негізі, компания барлық талап­тарға сай болған соң, осындай жетіс­тікке жетіп отыр. Солай бола тұра, біз барлық жағдайда сапаны арттырғымыз келеді. Бұл айналып келгенде кадр мәселесіне келіп тіреледі. Біз әрбір жұмысшының  көкейінде “сапалы өнім шығаруымыз  керек” деген ой тұрғанын қалаймыз. Бұл орайда компания шетелдің тәжірибесіне де жүгінді. Халыққа  таза, сапалы өнім ұсыну керек. Ол үшін компаниядағы жұмыс­шылар гигиенаны қатаң сақтап, қойылатын барлық талаптарды ескерулері қажет. Сол секілді, мұнда қызмет ететін мамандардың білік­тілігін көтеру де маңызды мәселе. Біз бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмысшыларды шетелде тегін оқытуды қолға алдық. Бір сөзбен айтқанда, Елбасының қолынан алған марапатымыз бізді жігерлендіре түсті. Одан кейін біз әлі де жұмыстың ауқы­мын кеңейтіп, сапаны жақсарта түсу жолында  еңбек  етіп жатырмыз.

“Алтын сапа” бізге өзінің эмбле­ма­сын тауарымызға қолдануға рұқсат берді. Бұл өз кезегінде бизнес ауқы­мының кеңеюіне, тауар өндіруші мен тұтынушы арасының жақындауына сеп болды. Өзге елдерден келгендер, ішкі нарықтағылар болсын, кез келген тұты­нушының ойын, пікірін қуаттай түсті, сенімділік берді. “Алтын сапаны” алу оңай  емес. Ол  біздің  дамуымызға  айтар­лықтай  ықпал  жасады.

- Белгілі бір кәсіпті игеріп кету үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

- Ең біріншіден, кәсіпке адалдық керек. Және сіз ашқан кәсіп ел-жұртты жаман іске баулымауы, жаман жолға салмауы қажет. Мысалы, маған көпшілігі жас кәсіпкер болғандықтан, “кафе, той­хана, түнгі клуб секілді орындарды ашып, жұмыс жүргізбейсің бе?” деп жатады. Ал, менің берекелі бизнеспен айналысқым келеді. Сондай-ақ, кез келген салада талап етілетін жауапкершілік кәсіпкер­лікте де аса қажет. Сол секілді, адаммен тез  тіл  табыса  алу, жақсы  қарым-қаты­нас жасау  да басты  рөл  атқарады.

- Әлеуметтік желілерді қаншалықты пайдаланасыз? Жалпы, қазір жарнама­лардың желіде дәурені жүріп тұр ғой. Компанияның жұмыстарын желілерде насихат­тау  жағы  қалай  болып  жатыр?

- Әлеуметтік желілерді күнделікті әрі тиімді пайдаланатындардың қатарын­дамын.  Жұмысты енді-енді бастап жүр­ген уақытта жеке суреттерімді, демалыс уақытындағы немесе белгілі бір іссапар­ларымның барысынан фотолар жүк­тейтінмін. Ал, қазіргі менің желідегі парақшаларымда көбіне жұмысқа қатысты мәліметтер мен жазбалар бар. Ол басқа адамдар үшін қолжетімді және пайдалы деп ойлаймын. Әлеуметтік желілердің компанияның жұмысын жүргізуде мүмкіндігі шектеусіз екенін мойындауға  тиіспіз.

- Қаншалықты газет-журнал оқып, кітап  бетін  парақтайсыз?

- Шынымды айтсам, өте қатты жақын емеспін. Мүлдем оқымаймын демеймін, тиісінше жата-жастана оқимын деп те айта алмаймын. Бірақ, өзіме қажетті жаңалықтар мен мәліметтерді оқудан ешқашан қашқан емеспін. Оларды көбіне интернеттен қарап шығамын. Мені әлемдегі болып жатқан оқиғалар, саяси  жаңалықтар  қызықтырады.

- “Жігітке  жеті  өнер  де  аз” деп  жатады. Бойыңыздан  жеті  өнер  табыла  ма?

- Қарап отырсақ, адам өзін жаман­дағысы да келмейді ғой. Мүмкін, мұны өнер дей алмайтын шығармыз, бірақ өзіме көңілім толарлықтай бірнеше қасиетіммен мақтана аламын. Адалдық, кішіпейілдік атты ұғымдарды ата-анамыздың  тәрбиесі  арқылы  бойымызға сіңірдік. Өзгелерден ерекшеленуді де қаламаймын.  Барлығымен  тең  дәрежеде қарым-қатынас  жасауға  тырысамын. Әр қызметкердің жағдайы менің және компанияның бақылауында десем де болады. Жұмыстың алдыға басуына себепкер  болған қызметкерлерге  арнайы  сыйақылар  тағайындауды  әдетке айналдырдық. Биыл бірнеше жұмыс­шының балаларын жазғы демалыс орындарына  жіберсек  деп  отырмыз. Одан бөлек, қайы­рымдылық іс-шара­ларына қатысамыз. Жаңа айтқандай, өнер болмаса да, бойы­мызда адами қасиеттердің болғанына шүкіршілік етеміз.

- Сіздіңше  біздің  қоғам  танымал­дықты мықтылық деп қабылдауды қашан  қоюы  мүмкін?

- Көзқарас әрқашан болады және әртүрлі болады. Өз тәжірибемнен байқағаным, қанша жөн іс істесең де, жалпыға бірдей жағу, ұнау қиын. Бір білерім, танымал адам тыныш жүруі керек.

- “Ер  жігіттің  екі  сөйлегені – өлгені” деген  бар. Салыстырмалы  түрде  айтсақ, қазір жігіттердің ұсақталып кеткені жайлы  жиі  айтылып  жүр...

- Иә, мұны көп жерден естиміз. Бірақ, бұл нәрсенің бұған дейін де болғанын ұмытпау керек. Тек, қазір ақпараттың тез таралуына байланысты тым әсірелеп жіберу жағы басым ғой деймін. Қалай десек те, ер жігіт нағыз жігіттік қасиетін сақтап қалуы шарт. Бір ғана мысал, жұмыссыздықтың сал­дарынан жігіттер өз құнын жоғалтып жүр десек болады. “Жұмыс күтіп жатыр­мын” дейді жігіттер. Еркек намысты болуы керек! Жұмысы жоқ адам не істейді? Уақыт өте келе бұза­қылықпен айналысады, ұрлық-қарлық­пен күн көре бастайды. Одан қалды азды-көпті тапқанын пайдасыз нәр­селерге  шашады.

- Байқауымызша, футболды жақсы тамашалайтын секілдісіз. Қай коман­даның  жанкүйерісіз? Жергілікті “Қай­сар” футбол клубының ойындарына қанша­лықты   барасыз?

- Футболға бала күнімде қатты қызықтым. Аздап футбол секциялары­на жазылып, доп тепкен кездерім де болды. Өз басым “Реал Мадрид” клубының жанкүйерімін. Куми­рім – Роналду. Ол көпшіліктің кумирі  ғой. Солай, “Реалдың”, Роналдудың  ойынын  үнемі  көру­ге  асығамын. Ал, “Қайсарға” келетін болсақ, жерлестеріміздің ойындарынан барынша қалмауға тырысамын, қолдау білдіремін. Оның үстіне біздің компания “Қай­сар” футбол клубына демеушілік танытады.

- Соңғы сауал болсын, мырза жігітсіз  бе?

- Мақтанғаным емес, өзімді мыр­замын деп айтуға болатын секілді. Сөз басында айтқанымдай, бізге ақыл-кеңес, көмек сұрап келетіндер көп. Оларға 100 пайыз қол ұшын созамын деп айтпаймын. Бірақ, келгендердің көбісіне мүмкіндігімше көмек көр­сетіп,  қолдан  келгенін  аянбаймын. Ол менің – азаматтық парызым. Ал, сұраққа нақты әрі шынайы жауап алу үшін өзгелерден сұрағаныңыз жөн шығар...

- Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан  Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары