Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ
14.06.2018 12:10

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бірқатар ардагер ақсақалдарды мерейтойларымен құттықтады.

Салтанатты қабылдаудың басты кейіпкерлері, «Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының» иегері, «Қазақстанның Құрметті журналисі» Өтеген Жаппарханов ағамыз сексеннің сеңгіріне шықса, «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» және «Арал ауданының құрметті азаматы», «Құрмет белгісі» орденінің, «Еңбек ерені» медалінің иегері Қуанышқали Шапшанов және «Еңбектегі ерекше еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалдарының иегері Аманкелді Құдайбергенов 75 жасқа толып отыр.

- «Осы салтанатты сәтті пайдалана отырып, бүгінгі жастарға артқан сенімдеріңіз үшін, айтқан ақылдарыңыз бен үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтамын.

Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде Сіздер әлі де бізге жол көрсетіп, аталық ақыл-кеңестеріңізді береді деген сенімдемін.

Сіздер ел егемендігі жолында түрлі қиын-қыстау заманда да сыр бермей еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі аянбай тер төктіңіздер.

Біз, Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бен еліміздің ертеңі үшін жасаған бар игілікті істеріңіздің алдында басымызды иеміз.

Ұлт болып ынтымақтасуды, отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік.

Сіздердің баталарыңызбен еліміз көгеріп, тілектеріңізбен жастарымыз болашаққа нық қадам басары анық», - деген қала әкімі, мерейтой иелерін Қызылорда қаласының «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапаттап, ардагерлердің иығына шапан жапты.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары