Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Жиенқұловтың жемісті жолы
14.06.2018 12:28

«Ине ұшындағы ғұмыр» дегенді есітуіңіз бар ма?! Мән-мағынасына денсаулығыңыз сыр бергенде терең үңілесіз десем, шамдана қоймассыз. Ауырлау болса да мойындауға тура келеді. Мен Талғат Жиенқұловты бұған дейін өнегелі отбасының иесі, парасатты азамат ретінде білетінмін. Ал білікті дәрігер, өз ісінің нағыз шебері екендігіне жақында көзім жетті. Ең бастысы, Алладан соң өзіне сеніп қаралған науқас жандарға мейлінше жылы сөйлеп, кішіпейілдік танытатын дағдысы да осынау сабырлы мінезді жігіт ағасының шоқтығын асырып тұрғандай. Мұның өзі «кейбір дәрігерлерге көрінуге барсаң, қабағын түйіп сызданып отырған жандарға тап келесің» деген (бәріне бірдей күйе жағу емес) ауыл арасында оқта-текте айтылып қалатын пікірдің ұшқары екендігіне еріксіз келісесің.

Талғат Жиенқұлов – Қазалының төл перзенті. Әкесі Алдан ғұмыр бойы теміржол саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шықты. Марқұм артық ауыс сөзге жоқ, біртоға мінезді жан тұғын. Өмірден өткенше адалдық қасиеттерін ту көтерді. Талғаттың анасы Кәмпит теміржол ауруханасында тура 30 жыл кіші мейіркеш болып жұмыс істеп, ұжымдастарының құрметіне бөленді. Апайдың еңбек кітапшасында «жұмысқа қабылданды, зейнеткерлік демалысына шықты»деген бір ғана сөйлем жазулы тұр. Міндетті жұмысына жауапкершілік деген осы шығар.

Талғат – Семей мемлекеттік медицина институының емдеу ісі факультетінің түлегі. Бұлар оқуды аяқтаған шақ еліміздің еңсесін толық тіктей алмай жатқан мезгілге тап келді. Алғашқы еңбек жолын Жанқожа батыр ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі лауазымымен бастаған жас дәрігерді баба ұрпақтары жатсынған емес. Қайта биязы мінезді, тәуліктің қай бөлігінде шақырту алса да, сырқаттың жанынан табылатын қараторы жігітке өз перзенттеріндей іш тартты. Жақын көргендері емес пе?! Қосалқы бөлшегі табылмай, қаңтарылып тұрған жедел жәрдем көлігін ауыл ағалары көптеп көмектеп жүргізіп берді. Атақты әскери қолбасшының «жаттығуда ауыр болса, ұрыста жеңіл болады» деген қанатты сөзі баршаға аян. Талғаттың институт қабырғасында жүргенде алғашқы көмек көрсету бағытына баса назар аударғаны баба ауылындағы қызметінде үлкен септігін тигізді, Анау-мынау жара, шығу дегендерді өзі тіліп, емін жүргізе беруші еді. Мұндай әрекет те сол кездегі жоғары білім ордасынан жаңа түлеген, жас дәрігердің өмірлік тәжірибесін шыңдай түскені хақ.

Талғаттың мұнан кейінгі қызмет жолы Қазалы жедел жәрдем стансасында, аудандық емханада жалғасты. Арада өткен уақыт ағынымен емдеу саласындағы тәжірибесі де молая түсті. Теміржол ауруханасына қызметін ауыстырғанда Талғат Жиенқұлов ел аузына «білікті дәрігер» ретінде көпшілікке танылған, өз ісінің шынайы шеберіне айналған маман болатын. «Жігітке жеті өнер де аз». Ел ішіндегі жалпақ тілде «алтын ине» атанып кеткен инемен емдеу тәсілін жетік меңгеруі – Талғат Алданұлының соны қыры. Әрине, бұл жетістікке жету жолында телегей тер төгілді. Десе де, хас шеберден істің қорқатыны босқа айтылмапты. Жиенқұлов жетістікке жетті. Біздің кейіпкеріміз аудан көлеміндегі инемен емдеу терапиясының майталманы саналады.

Нақты кезеңде Талғат Алданұлы Қазалы теміржол ауруханасының неврология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Мереке қарсаңында бес аспап дәрігерді тілге тартқан едік. Қашанда қарапайымдылығынан танбайтын Талғат өзінің жеке басынан гөрі бөлімшенің ахуалын әңгіме өзегіне айналдырды. Білгеніміз, ағымдағы жылдан бастап теміржол ауруханасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылыпты. Білікті дәрігер Құбыл Ршымбет басшылық жасайтын ауруханада ауданаралық (Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарының халқына арналған) Нейроинсульт орталығы жұмыс істейді. Осы орталықтың құрамындағы неврология бөлімшесі 12 төсекке арналған.

- Аталмыш орталық невролог, реаниматолог, кардиолог, нейрохирург, физиотерапевт, реабилитолог, психолог, логопед мамандары, орта, кіші буын мейіркештермен қамтылған. Тәулік бойы компютерлік томография, лабораториялық зертхана, реанимация бөлімі жұмыс істейді. Науқастарға барынша жағдай жасалған, - дейді І санатты невропатолог-дәрігер Талғат Жиенқұлов.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы ауданы

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары