Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
СИҚЫРЛЫ ТАЯҚШАСЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒА
21.06.2018 12:07

«Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сынды «керектеріміз» көп болатын. Сондай уақыттардың бірінде Төлепберген «мен қазір ақша жинап әкелемін» дейтін де 1 сағаттан кейін қайдан  табатынын білмеймін, қолына 1 сом ұстап келетін. Оған 2-3 бөлке нан, 1 қорап халуа алып, бәріміз бөліп жейтінбіз».

Бұл – дирижер Төлепберген  Әбдірашевтің замандасы, белгілі композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевтың сөзі. Өткен күннің еншісінде қалса да, тау тұлға туралы естелік елге керек-ақ. Осыны дөп басқан ол талантты  дирижер  жайлы көңілге ыстық көріністерді  толғана  айтып берді. Жаңақорған ауданында ҚР халық  әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, ҚР  еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Төлепберген  Әбдірашевтің  туғанына 70 жыл  толуына  арналған  республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференцияда  мұнан  өзге тың  деректер  тілге  тиек  етілді.
Шараға арнайы барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өнер майталманының халық жадынан өшпейтінін айтты. Туған жерінің де оған деген  құрметі аса зор.
- Осындай  Сыр  елінің  абыройын  асқақтатқан таланттарының бірі – жерлесіміз Төлепберген Әбдірашев. Қазақстан Республикасының Халық  қаһарманы  Нұрғиса Тілендиев айтқандай, «Төлепберген қазірдің өзінде әлемдік өнердің інжу-маржан тұлғасы». Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзі оқыған №239 орта мектепке Төлепберген Әбдірашевтің есімі беріліп, қоғамдық негіздегі музейі ашылды. Болашақта мектептің алдында Т.Әбдірашевтің ескерткіші қойылады. Одан бөлек, Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан жаңа қаладағы көшелерінің біріне Т.Әбдірашевтің есімі берілмек, - деді  аймақ басшысы.
Мұндай жағымды жаңалық туралы естіген Т.Әбдірашевтің  өнер  әлеміндегі достары, ұстазы, туыстары  алғаусыз  алғысын  білдіріп  жатты.
Талантты дер кезінде таныған ұстазы Меруерт Қаленбаева шәкірті туралы жүрекжарды лебізін жеткізді. Оның сөзінше, Төлепберген – бақытты. Өйткені, өзінің тума таланты арқылы әлемдік деңгейде мойындалған өнер адамы болды. Құрметті  композиторлардың  шығармаларын  халыққа насихаттауда оның еңбегі зор. Сондай-ақ, өнерлі, адамгершілігі мол ұл-қыз өсіріп, тәрбиелегенінің өзі бақыт екенін айтып өтті ұстазы.
Ал белгілі сатирик Көпен Әмірбек болса осы шараға аманат дүние арқалап келіпті.
- Бір күні Оралға барсам (ол кезде Қ.Елеуұлының әкім кезі), бір апай тоқтатады. «Сіз Көшербаевсыз  ба?» деп. «Иә» дедім. «Бір шаруам бар еді осындай...», «Онда ертең сағат бесте келіңіз» дедім, сізге барған шығар» деп жұртты ду күлдірді Көпен Әмірбек. Бұл – (облыс әкімі Қ.Көшербаевпен. - ред.) сыртқы ұқсастығымыз. Ал ішкі ұқсастық – осы жерге жиналғанымыз. Мен аманат арқалап келіп отырмын. Ол – Төлепберген ағамыздың таяқшасы. Сиқырлы таяқшасы. Мұны Қалаш Басқожаев деген астаналық ағасы өмір бойы сақтап келген екен. Соны апарып тапсыршы деп аманаттаған соң, сіздерге музейге қоюға ұсынып отырмын, - деді К.Әмірбек.
Конференция барысында қазақ пианисі, педагог, профессор  Жания  Яхияқызы Т.Әбдірашев  атындағы  қорға 1000 доллар көлемінде қаржы  аударатындығын  жеткізді. Ал атақты  әнші А.Қоразбаев  әнші Р.Бағланованың киген көйлегі мен портретін музейге тапсырды. Сондай-ақ ол Алматыдағы мемлекеттік симфонияның атын Т.Әбдірашевтің атына ауыстыруды өтінді. Оған өнер саласында жүрген азаматтар жазбаша ұсыныс білдіріп, қол қоятындығын қоса жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі «Елдің алдында сөз беремін, Алтынбек аға, сол хатты дайындап беріңіздер. Төлепберген ағаның аруағына қызмет етуге дайынмын» деді.
Жиын соңында Төлепберген Әбдірашевтің баласы қолға алынып жатқан  игі  істері  үшін алғыс  айтты.
Жаңақорған ауданының Кеңес кеңшарында дүниеге келген жұлдыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы конференция қонақтары осылайша тарқасты. Мәскеу консерваториясында білім алып, атақты Г.Рождественскийден тәлім алған Т.Әбдірашев туған елге елеулі қызмет етті. Сиқырлы таяқшасымен Сыр елінің атын абыройлы етуге атсалысқан талантты биліктегілер де, бұқара да дәріптеді. Бұл – біздегі ұлыларды ұлықтаудың  бір көрінісі.

 

Жазира  БАҒЛАН,
Б.Есжанов  (сурет)

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары