Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ ДА «ЖОЛДАН ТАЯДЫ»
21.06.2018 12:27

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алмай әлек. Тіпті, қоғамның жегі құрты сыбайлас жем­қорлық тікелей Елбасының бақылауында болса да, ақшаға құныққандар оңай олжадан бас тартпай келеді.

Әсіресе, жол патрульдік полиция қызметкерлеріне қатысты түрлі әңгімелердің жұрт арасында айтылып жүргенін құлағымыз жиі естіп жүр. Тіпті, бүгінгі күні халықтың оларға деген сенімі де жоғалған. Неге? Өйткені, қит етсе, «жол ережесін бұздың» деп тоқтататын жол сақшыларының түпкі ниеті жүргізу­ші­нің қалтасын жымқырып қалу екенін бәрі біледі. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, жұмысын өсумен емес, материалдық жағдайын жақсартумен байланыстыратын шенділердің бұл әрекеттері бүкіл құқық қорғау органдарының абыройына нұқсан келтіріп отырғанын түсінсе де, пысқырмайды-ау, сірә?! Статистикалық деректерге сүйенсек, Қызылорда об­лысында 2017 жылы ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты 7 қылмыстық іс тіркелсе, дәл осы көрсеткіш ағымдағы жылдың небәрі бес айында қайталанып отыр. Ал оның бесеуі жергілікті поли­ция қызметінің мамандары екен  (оның төртеуі – жол патруль­дік полиция қызметкері, біреуі – учаскелік инспектор). Жол сақшыларының тәртіпсіздікке жол беріп, заңды белшесінен басуы салдарынан Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылор­да облысы бойынша депар­таменті Жергілікті полиция қыз­метінде  жиын  өткізді.

– Ішкі істер органдары, олардың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, сіздердің халықпен  қарым-қатынастарыңыздың деңгейі барлық ішкі істер органдарына деген сенімнің мөлшері ретінде бағаланады. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты жағымсыз сипаттағы видеоматериалдар әлеуметтік желіде, интернетте, бұқаралық ақпарат  құралдарында өте көп таралған. Қоғамдық бақыл­ау  мен  құқық  қорғау  орган­дары тарапынан қадағалау қанша болға­нымен, нәтиже өте төмен болып­ отыр. Атап айтқанда, статистикалық көрсеткіштерге сәй­кес, өткен жылы сыбайлас жемқорлық және лауазымды қылмыстар жасағаны үшін жалпы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты 7 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа айыптау актісімен жолдан­ған. Биылғы жылдың бес айының өзін­де 7 қылмыстық іс тіркеліп, 10 қызметкер сотты болып отыр. Сондықтан мына қалыптастырып отырған жағдай ешқандай сынды көтермей, алаңдатушылық тудыруда, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызыл­орда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақытж­ан  Жандарбеков.

Қарамағындағы қызметкері халықты қанап, қалтасын қалыңдатып жатса, басшысының осал болғаны. Сондықтан талаптарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық жасаған мекемелердің басшылары да міндетті түрде қатаң жауапкершілікке тартылуы қажет. Бақытжан Ынтымақұлының айтуынша, ағымдағы жылдың бес айын­да өндіріспен аяқталған қыл­мыстық істер бойынша Қылмыстық процестік кодекстің 200-бабының талаптарына сәйкес, облыстық ішкі істер департаментіне жалпы 24 ұсыныс енгізіліпті. Енгізілген ұсыныстар бойынша 18 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған екен. Жергілікті полиция қызметінде өткізілген жиынның да негізгі себебі берілген ұсынысты қарау болды. Әрі жиында Қылмыстық кодекстің 416-бабының 2-бөлігі бойынша (әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау) айыптау актісімен ісі сотқа кетіп, бір жылға бас бостандығынан шектелген жергілікті полиция қызметінің бұрынғы инспекторы Д.Амангелдіұлының қателігі өзге әріптестеріне сабақ болсын деген мақсатта айтылды. Керек десеңіз, соңғы уақытта жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар немесе заңсыз іс-әрекеттерді тыю мақсатында бөліністің кіші басшы құрамының айлық жа­лақысы да көбейтілген. Ол үшін, тіпті, оларды орта басшы құрамға ауыс­тырған. Алайда «баяғы жартас – сол  жартас».

– Жергілікті полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу, ұдайы бақыл­ауға алып, болдырмау үшін және осы сипаттағы қылмыстарды анықтап, жолын кесу мақсатында департаменттің Өзіндік қауіпсіздік бас­қармасымен бірлесіп кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде 96  құқықбұзушылық анықталып, оның  ішінде  жол қозғалысы ережеле­рін бұзған 79 қызметкерге әкімшілік жауа­пкершілік  көрілген. Жүйелі түрде жүргізіліп отырған алды­н алу шараларына қарамастан, жеке құраммен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтар, сонымен қатар қызмет уақытында, қызметтен тыс уақытта жол жүру ережелерін бұзумен ұштасқан заңсыздықтар орын алды. Ағымдағы жылы жергілікті полици­я қызметінің қызметкерлеріне қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған (жоғарыда  айтылды. - ред.). Облыс­тық ішкі істер департамен­ті­нің тәртіптік кеңестерінде заңдылықты, әскери-қызметтік тәртіп­ті бұзған полиция қызметкерлерінің жауапкершіліктері туралы мәселелер 28 рет қаралып, нәтижесінде  35 қызметкер тәртіптік жазаға тартылған. Оның ішінде 5 қызметкер­ теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылса, 20 қызметкер атқарып отырған лауа­зым­дарынан босатылды,- деді ОІІД Жергілікті полиция қызметінің жұмысты  ұйымдастыру  және  бақы­лау бөлімінің бастығы Жолдас Өтепбергенов.

Ал Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас  жемқорлыққа  қар­сы іс-қимыл агенттігінің Қызыл­орда облысы бойынша департамен­ті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев Елбасының биылғы Жолдауында айтып өткендей, сыбайлас жемқорлықпен күрестің кешен­ді жүргізіле беретінін ескертті. Сондықтан, ішкі істер органдарының абыройына кір келтірмей, барынша­  адал  болуға  шақырды.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары