Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
Қызылордада жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатыровтың шығармашылық кеші өтті
11.07.2018 15:58

Жазушы, эколог, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатыровты әріптестері 70 жас мерейтойымен құттықтады.

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен Сайлаубай Жұбатыровтың шығармашылық кеші жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы шағын деректі фильм көрсетілімімен басталды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жазушыны мерейтойымен құттықтап, бар саналы ғұмырын Арал теңізінің тағдырына арнағанын ерекше атап өтті.

«Сайлаубай Жұбатырұлы - қарапайым, ал, табиғатында тым жұмбақ жазушы. Алғаш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен танылған. Шығармашылық ғұмыры Аралмен байланысқан ол жерлестерін әрдайым рухани демеумен келеді. Бұл Азаматтық миссиясынан ешқашан айныған емес және оны әлем жұртшылығына таныстырудан да жалыққан кезі жоқ. Бүгінде біреу білсе, біреу білмес, Кеңестер Одағы кезінде әлемге әйгілі жиһангез Жак Ив Кустоға хат жазып, толғандырған теңіз мәселесін қозғады. «Кіші Арал» идеясы мен Қазақстан өзендерінің бір бөлігін Арал өңіріне жеткізу туралы батыл ұсыныстары араға жарты ғасырға жуық уақыт салып орындалып жатыр. Бұл қаламгердің уақыт көшінен қашан да озық жүретінін аңғартса керек. Кейінгі жылдары Арал өңірінің өмірінен жазылған бірнеше томнан тұратын «Абыржы» романы әдебиетте тосын сый болғаны біздер үшін мақтаныш дер едім», - деді аймақ басшысы.

Қырымбек Елеуұлы жазушыға Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың арнайы құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, мерейтойда Сайлаубай Жұбатыровтың әріптестері мен замандастары, жақындарының жылы лебіздері айтылып, «Абыржы» романының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кеш қаламгердің Арал теңізіне арналған шығармаларынан тұратын концерттік бағдарламаға ұласты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары