Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Жетістікке жетелеген жобалар
18.07.2018 15:43

«Қолы қимылдағанның, аузы қимылдайдыны» білмейтіндер кемде-кем. Қандай қоғамда да бел шеше еңбек еткендердің есесі кеткен емес. Бұл әсіресе, нарық заңы өмірімізге дендеп енген бүгінгі таңдағы басты қағидаға айналғандай. Ел арасында Қазалы ауданын кіші Түркістан деп те атайды. Мұның астары өңірде сауда-саттықтың қарқынды дамығанында жатыр. Тарихқа зер салсақ, сауда-саттық Қазалы жерінде сонау ықылым заманнан бастау алғанын көруге болады. Ресей патшалығы тұсында, кеңес өкіметі кезінде қанатын жайған кәсіпкерлік ісі ауданда қазірде де жоғары деңгейде. Мақаланы жазу барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймахановпен тілдескен едік. Осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген басшы бізге қажет мәліметтерді тайға таңба басқандай баяндап берді.

Білгеніміз, палата тарапынан өткен жылы аудандағы кәсіпкер болуға ниеттенген 1160 адамға 3480 қызмет түріне кеңес берілсе, ағымдағы жылы осынау жағымды жаңалық жалғасын тапқан. Атап өтерлігі, кеңес беру барысында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, түсіндіру, кәсіпкерлерді құқықтық қолдау, несиені алу, мақсатты жұмсау және қайтару мәселесіне ерекше назар аударылады. Білімді адамның қай кезде де есесі кетпесі анық. Бұл тұрғыда кәсіпкерлер палатасы белсенділік танытыпты. Филиал тарапынан ауданның Қарақұм беткейі мен Қызылқұм шекарасына дейінгі шетаймақ саналатын елді мекендерді аралап, ауыл кітапханаларына «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы табысталыпты. Осынау қадам арқылы ауылдағы бастауыш кәсіпкерлер жаңа бизнес әдебиетімен қаруланды. Оған қоса филиалдың ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратымен бірлесіп қала, кент, барша ауылдық округ әкімі аппаратының бас мамандарының қатысуымен «Онлайн жүйеде кеңес алу» тақырыбында семинар өткізілуі де құптарлық жайт. Елді мекендердегі кәсіпкерлерге, кәсіпкер болуға ниеттілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында онлайн режимде мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес беріп, селекторлық жүйеде ауыл азаматтарымен тікелей байланысып, ұсыныс-сауалдарына жауап беріп, қолдау көрсетуді көздеген семинарда ауыл әкімі аппараттарында арнайы электронды пошта ашылып, мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуі де көпшілік тарапынан оң бағаланды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бүгінгі таңдағы өзекті мәселе екені әмбеге аян. Осы бағытта атқарылған шараларға да тоқтала кетсек, артық болмас.

- Кәсіпкерлердің өтінішімен құқықтарын қорғау бойынша сот отырысының алты азаматтық ісіне қатысып, құқықтарын қорғап шығу оңай шаруа емес. Олардың қатарында «Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 3 кәсіпкердің жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отыруына байланысты мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берген болатын. Талап бойынша филиал заңгері азаматтық істерге қатысып, Қазалы ауданының үш кәсіпкерінің жалпы аумағы 1500 шаршы метр құрайтын жер телімі қорғалды. Сондай-ақ, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 430 549 теңге «Жалаңтөс батыр» ЖШС-не өндірілді. Сот отырысында кәсіпкерге тиесілі 430 мың теңге қаржысы қорғалды. Ағымдағы жылы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мен құқығын қорғау жайлы өтініштер келіп, қанағаттандырылуда. Кәсіпкерлердің сенімхаттары негізінде Қазалы аудандық сотының отырысына филиал заңгері қатысып, екі кәсіпкердің 310 мың теңге көлемінде қаржысы өндірілді, - дейді филиал басшысы.

Оған қоса, кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында бірлескен іс-шараға сәйкес филиалдағы «Прокурор кабинетінде» аудан прокуроры аптаның әр серсенбісінде азаматтарды, кәсіпкерлерді қабылдау өткізіп тұратынын, филиалдың бастамасымен кәсіпкерлерге, аудан тұрғындарына заңнамалық актілердің қолданылуы, құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында «Заңгерлер клубы» ашылғанын, кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру әкімшілік шара көрулерінен сақтау мақсатында жадынама ретінде алгоритм дайындалғанын (алгоритмнің тиімділігі сол, кәсіпкерлер жер телімін алудан бастап құрылыс нысанын тұрғызып іске қосуға дейінгі аралықта құжаттар жинақтап, тапсыру легін реттестіреді) естігенде, біздің де көңілімізді ризашылық сезімі кернеді. Халықты жаппай кәсіпкерлік негіздеріне оқыту да ауданда күн тәртібіне тұрақты қойылған. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағытында «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша бірқатар адам білімін жетілдірсе, «Бастау Бизнес» жобасымен өткен жылы 222 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, бизнес жобасын қорғап, сертификаттар табысталды. Ауыл тұрғындарын оқытуда кент, қала, Майдакөл, Құмжиек, Ғ.Мұратбаев, Қызылқұм ауылдық округтері ерекше белсенділік танытып келеді. «Бастау Бизнес» жобасымен ағымдағы жылға 220 тыңдаушыны оқуға қатыстыру жоспарланған. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың Кәсіпкерлер палатасына келіп, тыңдаушылармен кездесу жүргізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы жоспарларымен ой бөлісуі көпшілікті қанаттандырып, кәсібіне деген сенімді арттыра түскендей. Осынау қарапайым да қажетті қадам халқымыздың «Сен дегеннен не бітер, сіз дегеннен нең кетер?!» деген даналық лебізін ойға оралтты.

Ең бастысы, аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының бастамасы, филиалдың ұйымдастыруымен оқу курсына қатысқан тыңдаушылармен бірге облыстық комиссияға ауыл әкімдері қатысып, жобалардың қорғалуына өз ықпалдарын тигізіпті. Нәтижесінде, қайтарымсыз инновациялық гранттық қаржыландыру бойынша өткен жылы ұсынылған жобалардың ішінен 19-ы грант ұтып алды. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп текке айтылды деймісіз?!.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары