Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 333 |
![]() | Кеше | 2056 |
![]() | Осы аптада | 7035 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 42525 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3579545 |
ЖАУАПСЫЗ ҚАЛҒАН САУАЛ |
19.07.2018 12:50 |
Жалпы, шен таққандардың шындап іске кірісетін кезі жеткендей. Мәселен, жыл басынан бері 15 мыңнан аса шетел азаматтары қалаға келсе, оның 6 мыңы жұмыс істеуге рұқсат алған. Бірақ еңбек етуге келген «меймандар» тапқан табысының 10 пайызын Қазақстан аумағынан кетем дегенше төлеуі қажет. Десе де, бұл орындалмай отыр. – 2017 жылы Қызылорда қаласына 22394 шетел азаматы келген, оның 9785-і жұмысқа рұқсат алып, бюджетке 111,8 млн теңге түскен. 2018 жылдың басынан бүгінге дейін 15408 шетел азаматы келсе, оның 6377-сі жұмысқа рұқсат алып, бюджетке 65 млн теңге түскен. Жалпы, жұмысқа рұқсат алған әлгі 6377 азамат бойынша жалақының ең төменгі мөлшерімен есептегенде 51 млн теңге өндірілуі тиіс, - деді Бектас Балғабайұлы. Расында, қалада жүргізіліп жатқан құрылыс объектілерінің қай-қайсысына да барсаңыз, шетел азаматтарын жолықтыратыныңыз анық. Сонда көші-қон қызметкерлері қайда қарап отыр? Ал қала әкімі Н.Нәлібаевқа «мұның себебін айта алмаймын» деп жауап берді шенділер. – Сіздерге облыстан қанша қаражат бөлінді? Қажетті автокөліктеріңді беріп, бейнекамераларды орнаттық. Шетелден келген әр азамат есепке алынуы тиіс. «Қонаққа келдік» деп, осында қаражат тауып, салықтан жалтаратын болса, қамап тастаңыздар! Заңға бағыну керек ғой, - деді шаһар басшысы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында да қордаланған мәселелер аз емес. Айталық, қала көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатында 710 шаруа қожалығына 175 уақытша және 94 тұрақты жер учаскесі берілген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің мәліметіне сүйенсек, 113 жер учаскесі мақсатына сай пайдаланылмай отыр. 2018 жылдың 1 шілдесіне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 100,7% пайызға, оның ішінде қаланың өз кірістері 102% пайызға орындалып, 162,1 млн теңге артығымен түскен. Шығындар бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 97,0% пайызға орындалды. Игерілмеген қаржы – 742,5 млн теңге, оның 734,8 млн теңгесі (республикалық бюджеттен бөлінген) қалалық құрылыс бөліміне тиесілі. Бөлінген қаржылардың игерілмеу себебін қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы мемлекеттік сатып алу жұмыстарының кеш жүргізілуімен түсіндірді. Ал қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Шахмардан Байманов жетекшілік ететін салалары бойынша атқарған жұмысына тоқталды. – Биылғы жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, яғни физика, химия, биология, робототехника кабинеттері мен 3D модельдеу, цифрлы лабораториялармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 332 млн 031 мың 100 теңге қаржы қаралып, игерілуде, - деді Ш. Асқарұлы. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай біршама мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен Сыр бойынан шыққан ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін шақыру жоспарланған. Және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін 2000 дана арнайы сериялық мерекелік медаль дайындалып жатқан көрінеді. Аппарат мәжілісінде бірнеше кадрлық ауыс-түйістердің болғаны айтылды. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған Руслан Каюпов қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болса, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Каюпов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып Сәкен Әбдіжаппар және Талсуат ауылдық округінің әкімі болып Болатбек Нұрлыбаев сайланды. Қозы Көрпеш ЖАСАРАҰЛЫ |