Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
ЗАҢНАМА БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
26.07.2018 12:22

Ел Президенті жариялаған бес институционалдық реформаның негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. Елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізуді міндеттеген бұл Жоспарды жүзеге асыру тек кәсіби, білікті әрі қиыншылықтар мен түрлі жүктемелерге­ төтеп бере алатын, адал қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер аппараты ғана жүзеге­ асыра алатыны сөзсіз. Әрине кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру Жаңа этикалық ережелерді қабылдауды қажет етті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында қызмет этикасына қатысты талаптар айтарлықтай күшейтіле түсті. Осы орайда Ұлт жоспарының 12-қадамына сәйкес, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары  белгіленген  Әдеп кодексі қабылданды.

Бұл Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызмет­шілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Бұдан бөлек Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгі­зілді. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылайды, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультациялық көмек береді, түсіндірме жұмыстарын жүргі­зеді, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын тәртіптік істерге тиісті мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілін қатыстыру тәжірибесі қолданылуда. Бұл, бір жағынан, Әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік орган қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарымен танысып, мекеменің моральдық-әдеп­тілік ахуалын бағамдауға мүм­кіндік берсе, екінші жағынан, мемлекеттік қызметші теріс қылық әрекетке жол бермеген жағдайда  оның  құқығын қор­ғай  алады.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесімен 2018 жылдың 6 айында 7 отырыс өткізіліп, онда 35 мәселе қаралды. Оның 42%-ы немесе 15-і тәртіптік іс болса, қалған 58%-ы алдын алу шаралары негізінде өткізілді. Атап айтар болсақ, 7-еуі – мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша атқарған жұ­мыстарының қорытындылары, 4-еуі – әдеп жөніндегі уәкіл­дің қызметінің нәти­желері, 1-еуі сыбайлас жемқо­рлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы болса, қалғаны – мемлекеттік қызметте әдептілік деңгейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарда  белгіленген мәсе­лелер.

Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының алдын алу мәселесіне басымдық беріліп, бұл бағыттағы мемлекеттік органдар басшылары мен аудан әкімдерінің есептері 2 есеге артты. Дегенмен, мемлекеттік лауазым иелерінің әдеп нор­маларын бұзу, қызметтік өкілет­тілігін асыра пайдалану фактілері әлі де жиі орын алуда. Мысалы, Кеңес шешімімен тәртіптік істерді қарау нәти­жесінде 10 қызметші әртүрлі тәр­тіптік жазаға тартылды. Оның 7-еуіне Әдеп кодексі талап­тарын бұзғаны үшін ескер­ту (4), сөгіс (2), қатаң сөгіс (1) беріл­се, 3 мемлекеттік қыз­мет­шіге мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес емес­тігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қол­данылған.

Мәселен, Кеңестің ағымдағы жылдың 27 сәуірінде өткен отырысында Арал аудандық прокуратурасының берген материалына сәйкес, ҚР Жер кодексінің талаптарын өрескел бұзған Арал қаласының әкімі Б.Махатов пен орынбасары Р.Жанаевтың тәртіптік істері қаралды. Аталған лауазым ие­лері бірнеше азаматтардың жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштерінің қаралу мерзімдерін сақтамаған, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын ұзарту және жер учаскесін табыс­тау талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген. Сондықтан Б.Махатов пен Р.Жанаевқа Кеңес шешімі негізінде «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәр­тіптік жаза қолданылды. Ал Кеңестің 21 маусымындағы отырысы Арал аудандық мәс­лихатының депутаты, аудандық әйелдер кеңесінің төрайы­мы А.С.-ның арызына сәйкес өтті. Онда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Исмайлованың тәртіптік ісі қаралды. Департамент жүргіз­ген тексеру нәтижесімен анықталғандай, басқарма басшысының орынбасары Г.Исмайлова 2018 жылдың 20 мамыры күні Арал ауданында өткізген жиналысы барысында өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен жиынға қатысушылар тарапынан сыни көзқарастар туын­дауына себепкер болған. Яғни, азаматша А.С.-ға дөрекілік таны­тып, бұл кісілерді жиналысқа шақырмағандығын айтып­, залдан шығып кетуін сұрап, өзінің іс-әрекетімен Әдеп кодексінің 5-тармағының 2, 6, 7, 14-тармақшаларында көзделген талаптарын бұзған. Кеңес шешімі негізінде бе­рілген ұсынысқа сәйкес, бас­қарма  басшысының орын­басары Г.Исмайловаға «қатаң сөгіс» тәртіптік жазасы қол­данылды. Бұдан бөлек, кәсіп­керлік  субъектілеріне  қатысты тек­серулерді  ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талап­тарды бұзғаны үшін Қы­зыл­орда қаласы ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Жұмаділлаевқа «қызметіне толық сәйкес емес­тігі  туралы  ескерту» түріндегі тәртіптік  жаза қолданылды.

Жалпы, Департаментпен 2018 жылдың 6 айында 30 тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 131 бұзушылық анықталды. Мемлекеттік органдарға аталған бұзушылықтарды жою тура­лы 12 ұсыныс енгізіліп, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға  тартылды. Шағымдан­ған 7 азаматтың құқықтары қалпына  келтірілді.

Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

ҚР Мемлекеттік  қызмет  істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша

департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі  кеңес хатшылығының меңгерушісі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары