Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
АДАМ ӨЛТІРУ ОЙЫНШЫҚҚА АЙНАЛЫП БАРАДЫ
26.07.2018 12:39

Өмір бар жерде өлім бары заңдылық. Алайда соңғы уақытта болып жатқан жан­түршігерлік оқиғалар адам өмірінің ойыншыққа айналып бара жатқанынан айқын көрініс береді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылдың алғашқы жарты­жылдығында еліміз бойынша 529 (барлығы өндірісте бол­ғаны – 760) адам өлтіру фактісі тіркелген болса, соның 20-сы (барлығы өндірісте болғаны – 25) біздің облысымызға тиесілі екен. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнай­ы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сүйенсек,  былтырғы  есепті мерзі­м­де бұл көрсеткіш облысымыз бойынша 25-ті (барлығы өнді­рісте болғаны – 32), ал республика  бойынша 447-ні (барлы­ғы өндірісте болғаны – 632) құраған. Байқағаныңыздай, Қазақстан  бойынша  адам өлтіру  фактісі өскен.

Ал  облысымызда  ағымдағы жылдың алғашқы айында 3 адам өлтіру фактісі тіркелген болса, ақпан айында 6 адам өзгенің қолынан ажал құшқан. Наурызда тағы 3 адам өлтіру фактісі тіркеліп, алғашқы үш айдың қорытындысымен бі­реудің қолынан мерт болғандар саны 12-ге жеткен. Өкініш­ке қарай, біреудің өмірін өлімге қия салу оңай болып кетті. Бұған дәлел – сәуірде тағы 3 адамның өзгенің қолынан ажал құшқаны. Ал мамыр айында 4, маусымда 1 адам өлтіріліпті. Осылайша, алғаш­қы жартыжылдықта 20 адам өлтірілген. Осы жерде шатастырып алмайық. Бұл бір ауыр науқастан не кездейсоқ көлік апатынан мерт  болған  адамдар санының көрсеткіші емес. Бұл – ҚР Қылмыстық Кодек­сінің 99-бабы, яғни адам өлтіру фактісі бойынша тіркелген қылмыстар саны. Өкініштісі, соңғы жылдары құқық қорғау органдарына барлық жағдай жасалып, тіпті штат саны көбейсе де, елімізде қылмыс пен қылмыскерлер саны азаймай тұр.

Алайда адам өмірге қылмыскер боп емес, сәби болып келеді. Нәрестені періште деп те атайтынымыз да сондықтан. Өйткені оның адам деген аты болғанымен, әлі оң-солын танып­ білмейді. Оның бойындағы қандай да бір қасиет өсе, тәрбиелене, одан қалды, ортамен араласа келе қалыптасады. Данышпан, хан болуы да не қылмыскер атануы да – жүре келе анықталатын дүниелер. Өкінішке қарай, қазір қандай да бір құқықбұзушылық бола қалса, бәрі жастарды кінәлайды. Айтқанға көнбейді, айдағанға жүрмейді деп шағым­данады. Онысымен қоймай, бұрынғы ата-бабаларымыздың балаларын тал бесіктен жер бесікке дейін ұрып алатын тәрбиесін еске салып, бүгін­гі­нің ата-аналарын дұрыс тәр­бие бермейді деп сынайды. Тіпті, қыры кеткен баланы жөнге салу оңай емес деп, қол­ды бір-ақ сілтейді. Сөйтеді де, онсыз да бұзық баланы қоғамнан шеттетіп, оқшау қалдырады. Ал өзін өзгеге керексіз, өзін дәрменсіз сезінген баланың болашақ қылмыскерге айнал­масына кім кепіл? Осындайда ақын Абай атамыздың отыз жетінші қара сөзі еріксіз еске түседі екен. Ғұлама бұл қара сөзінде тәрбие туралы айта келіп, «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» депті. Иә, сіз дұрыс байқадыңыз! Әлгі сіз «бұдан адам шықпайды» деп қолыңызды бір сілтеген баланы жөнге салуға болады екен. Ендеше, қоғамда қылмыскерлер көбейді деп дабыл­ қаққанша, керісінше оларды түзеуге, жұмыс тауып, ұрлықпен емес, маңдай термен нан тауып жеуге неге үйретпеске? Бала тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ ұғымында «қиын бала» деген түсінік мүлде болмаған сияқты еді ғой. Демек елімізде жастармен жүйелі жұмыс жүргізілмейтін болып тұр. Не дегенмен, жау кеткен соң қылышымызды тасқа­ шабатын халықпыз ғой. Баланы жастайынан шыншыл, адал, ең­бекқор болуға тәр­бие­леудің орнына, қылмыскер болғаннан кейін қылмысымен күресіп жатамыз.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары