Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
ТАНЫМАЛ БОЛУ ҚАУІПТІ МЕ?
26.07.2018 13:01

Миллиондаған көпшіліктің қабырғасы қайысып, сан сауалды­ң жауабын таппай отыр. Шаңқай түсте чемпионнан айырылу оңай ма?! Адам нөпірі қалың Алматының қақ ортасынд­а. Өлтіріп кетті. Деңгейі жоғары Денис Тенді. Жазмыш­  ­дегенді қойсаңшы. Мәнерлеп сырғанаудан қазақ­тың­ айнасына айналған Денисті айна үшін өлтіру дегеніңіз... Мұндайда құрғыр сөз көмейге кептетіліп, «мәу» деуге де шама жоқ. Расы сол. «Өлтірді» деп күдікке ілінгендер – өрім­дей жігіттер. «Тәртіптері тәуір емес» дейді ресми дереккөз. Былайынша «елдің атын ер шығарады» дейміз ғой. Жиырмасыншы ғасырда туып, жиырмасында Олимпиада шыңы­н бағындырып, жаңа ғасырға жарты сағат қалған­да боксшы Бекзат Саттархановтан айырылдық. 1999 жылы. Ел болып еңіреп, ақтық сапарға шығарып салдық.­ Маңдайымыз мандымай-ақ қойды ғой. Неге біз сүйегі асыл азаматтарымыздан ерте қол үзіп қала берем­із?

Былтыр «Егемен Қазақстан» газетінде «Талантты құрметтейік тірісінде» атты мақала­ басылды. Авторы – белгілі журналист Ержан Байтілес. Ерекең әңгімені «мемлекеттік деңгейд­егі таланттарды сақтайтын, қамқорлық  көрсететін  комиссия  құрылу  қажет» деп бастапты. Жөн сөз. Себебі...

Сонау Парижде ән салған Әміре Қашаубаев небәрі 46 жасында бақилық болды. Белгісіз жағдайда. Тума таланттың мәйіті 1934 жылы қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні Алматы көшелерінің бірінде табылған. Әншейінде әр қадамды аңдып, қазақтың адымын­ аштырмаған НКВД-ның адамдары бұл қастандықты жасаған қылмыскерлерді таппағаны таңғаларлық. Содан бері оның өліміне  қатысты  мәнтті  дерек жоқ. Қылмыс сол  күйі  ашылмады.

Биыл тірі болғанда пайғамбар жасқа жетіп, елдің абыз ақсақалы болар ма еді?! Айтып отырған азаматымыз – ҚР таэквондо федерациясының президенті Бексейіт Түлкиев. Өзі Мұстафа Өзтүріктен тәлім алған. Таэквондодан 6 дан иегері, суретші. 1998 жылы сәуір айының бел ортасында спортшы Алматыдағы үйінің маңына жетіп, көлігін тұраққа қойып жатқанда ту сыртынан келіп, баз біреулер пышақ салды. Қанша жыл өтсе де, қылмыскер­ құрықталмады. Ол туралы жазылған ақпараттарға сүйенсек, Бексейіт Түлкиев – феномен. Жекпе-жек өнерінің бірнеше түрін еркін меңгерген, хас шебер. Ол ұстазы, әрі досы Мұстафа Өзтүрікпен бірге еліміздің әр аймағын­да таэквондоның дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Суретшілік қасиеті – бір төбе. Оның 89 тарихи тұлғаны біріктіріп салған «Ұлы көш» картинасы бүгінде Алматыдағы Президент Резиденциясында сақтаулы тұр.

Тәуелсіздік алған алғашқы жыл­дары еліміздің әлеуметтік-экономи­калық жағдайы белгілі ғой. Сол уақытта­ екі кемпір әңгіме айтып отыр екен. Бірі: «Балам «рэкет» деген жұмысқа­  кірді. Жақсы болды. Көлігін алды. Үйін салды. Бізге ақша жіберіп тұрады», - десе, екіншісі: «Менің де балам сонда істеген. Бірақ кейіннен «косяк» деген жұмысқа кіріп, бәрінен айырылды», - депті.  Әзіл  де болса, ащы  шындық. Кешегі Денистің өлімін бұқара «бұл елімізде қалыптасқан әлеуметтік ахуалдың көрінісі» деп топшылауда. Қара базард­а әлгі айнаның құны 15-20 мың теңге тұрады екен. Әлеуметтік ахуал дегеннен шығады­, Сидней Олимпиадасы естеріңізде болар?! Сондағы боксшы Ермахан Ыбы­райымов­тың ерлігі. Бар қазақ жұдырықтай жұмылып, жанкүйерлік еттік. Ермахан ел үмітін ақтап, жеңіс туын желбіретті. Олимпиададан елге оралды. 2002 жылдың жазында Алматыдағы «Арман» кинотеатрынан шыққан оны он жігіт өлімші етіп сабап кетті. Өзінің айтуынша, әлгі бұзақыл­ардың қолында темірлері бар көрінеді. «Против  лома – нет приема»  дейді  ғой. Бас­бұзарлардың біреуі темірмен Ерма­хан­ның желкесінен қойып қалып, есінен тандырға­н екен. Сөйтіп, боксшының қолындағы 1 миллион 300 мың теңгенің сағатын алып кетіпті. Бұл оқиға сол кезеңдегі әлеуметтік ахуалдың айқын көрінісі екені анық.

Ал саясатта ше? Алтынбек Сәрсенбаев, Заманбек Нұрқаділовтер қастандықпен қаза тапты. Атып кетті. Міне, «мен» деген марқас­қаларды өзіміз қырып салыппыз. Санама­ла­сақ, бүгін-ертең түгесе алмайтынымыз түсі­нікті. Аталған азаматтардың қай-қайсысы да қарым-қабілетіне қарай еліне қызмет қылды. Қазақтың атын әлемге танытты. Дүние дидарын­ мойындатты. Қысқасы, ел үшін еткен­ еңбегінде есеп жоқ. Айтпақшы, 2009 жылы белгісіз біреулер Илья Ильинді де пышақ­тады. Зілтеміршіні  жоғалтып, зар илеп қалар  едік. Абырой  болғанда  аман  қалды.

Талайлар ту ұстайтын тарландардың тырнағы­на зар. Тіпті, ақшасын үйіп-төгіп өз еліне әкетуге әзір. Ныспысы жаһанда таралып, дүниежүзі түгел тәнті боп тұрғанда қошеме­т қылып, жайшылықта басынан бақ тайған айбоз ұлдарымызды жоғалта берсек, «елім» дейтін ерлер қайдан шықсын?!. Әлде мұның бәрі уақытша құрмет, уақытша марапат па? Әрі-беріден соң жасы келген спортшы тәуір шәкірт тәрбиелейтін шығар. Асылынд­а, «буын алмасу» дегеніңіз осы емес пе?! Жаратқаннан жарлық келіп, батырыңыз ауырып қаза тапса не шара?! Ал бізге таланттарымызға тасада тұрып тас атуды доғару керек­ тәрізді. Әлде бізде танымалдық қауіпті болып  бара ма?

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары