Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
МҰЗАЙДЫН МҰЗБАЛАҒЫ
26.07.2018 14:46

Көңілдің айнасында мұң қалады-ау,

Көліктің айнасы да құр қалады-ау.

Мәнерлеп сырғанаудың хас шебері,

Мәнерсіз дүниеден сырғанады-ау.

Елжас   ӘБДІЛДА

Мына бес күндік өмірді бабалардың жалған деп атағаны­ осыдан шығар. Сұм-сұрқия, аждаһа өмір-ай! Өлімді естігенде өз-өзімізді “өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды” деп жұбатып жатамыз­. Өлім! Қандай ауыр сөз еді. Кісі қолынан өлу! Бұл – ауырдың­ ауыры шығар. Мұз үстінде ойнақ салып, мұз үстіне өрнек салып, сұлу өнерімен сүйсінткен ұлдың маңдайын­а сұлу өлім жазылмағаны өте өкінішті! Өртенудем­із. Ішіміз алай-түлей. Әлімсақтан танитын туысым­ыз  секілді. Қабырғамыз қайысты. Жоғалт­қымыз  келмейді,  іздейміз.

“Бүгін – Тен, ертең – сен, арғы күні – мен”. Әлеуметтік желілер­дің бірінен осы сарындағы жазбаны оқыдық. Рас, ешкім де, ештеңе де мәңгілік емес. Бірақ, болашағы бұлыңғыр санал­майтын, керісінше келешегінен көп үміт күттіретін адамды жоғалту­ кімге болмасын, оңайға соқпайды. Алматыда айдың күні аманында­ көлік айнасы үшін алтын азаматымыздан айырылып қала бердік. Иә, небәрі 25 жастағы мұзайдын мұзбалағы Денис Тен қапияда қаныпезерлер қолынан қаза тапты. Қазақ спорты қара жамылды. Айналасы 1 сағаттың ішінде рейтинг қуған сайттар жаппай сүйінші сұрағандай қаралы хабар таратты. Ақындар азалы жырларын арнады.­ Қалың көпшілік бір-біріне көңіл қосын білдіріп жатты...

Бойы бір тұтам болса да, қаршадай ұлдың қазақ үшін істеген­ ісі өлшенбейтіндей еді-ау. Алғаш рет Белоруссия елінде өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінен соң мұз ханзадасына біреу “картада жоқ мемлекеттің спортшысы бірінші орын алды” депті. “Дәл осы кезде менің көзімнен жас шығып кетті. Сол уақыттан бастап мен өз-өзіме Қазақстанды барша жер жаһанға танытамын деген мақсат қойдым. Содан бері тынбай еңбектеніп келе жатырмын” деген еді Денис Тен бір сұхбатында. Ол сөзінде тұрды. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін қазақ еліне сыйға тартты. Одан өзге көптеген байрақты бәсекелерде қазақтың туын басқалардан биік ете білді. Әлі де солай жасар еді.

“Тағдырыңды таңып берген пышаққа

Сенің жұртың шынымен де ұсақ па?!

Мұз үстінде ойнақтаған құлыншақ,

Қинадың-ау!

Сыймадың-ау құшаққа!” деп ақын Серік Сейтман жырлағандай, құшағымызға сыймай-ақ кетті. Денистің өліміне күллі қазақты кінәлап жазба жазғандарды түсінуге тырыстық. Көкірекке ащы ыза келіп тірелген сәтте қаттырақ түкіре салсаң кететіндей көрінеді. Бірақ, олай болмайды. Сол секілді бұл жайтқа кінәлі қазақ емес, қазақ қоғамы!

Іске қатысы бар деп танылған күдіктілер бүгінгі таңда өз кінәсін мойындады. Бұрын сотты болған Арман Құдайбер­генов пен Нұралы Қиясов көлік иесі даңқты спортшы Денис Тен екенін білмегендіктерін айтады.

Алматыда спортшымен қоштасу рәсіміне қатысқандардың санында есеп болмады. Олар гүл шоқтары мен марқұмның портреті­н көтеріп таңғы сағат 7:00-ден бастап жиналған. Міне, чемпионын халқы есіне алады, құрмет тұтады, іздейді! Қоштасу­ сәтінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының жеделхатын оқыса, мәртебелі қонақтардың сөзінен кейін Денистің табытын өзі жазған әнмен алып шықты. Жиналғандар спортшыны ерекше құрметпен ақтық сапарға аттандырды. Марқұм қала іргесіндегі Достық ауылындағы әжесінің жанына жерленді.

Осылайша, спорттық жарыстарда сенімімізге селкеу түсірмей, әнұранымызды шырқатып, абыройымызды асқақ­татып жүрген бір спортшымыздан ойда-жоқта айырылып қалдық. Жүрегіміздесің, Денис! Қош бол, чемпион!

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары