Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
ЖЕЛІГЕ «ТАБЫНҒАН» ЖАСТАР «ЖИҺАДШЫЛ» БОЛЫП БАРАДЫ
26.07.2018 14:56

Жер  бетінде жақсылық  қанатын  жайып, мейірімділік  теңіздей  төгіліп  жатса деп армандайтын  болдық.  Дүние  тірлігіне  алаңдаған  адамдар  уақыт  еншісіндегі қымбат нәрселерді  жоғалта  түсуде.  Бауырмалдық.... Ізгілік... Мейірімділік... Саф көңіл... Бұл қасиеттер  бәрімізге  қажет.

Рухани жұтаңдаған денемізге иманды қуаттайтын белсенділіктер қажет болғаны көріне түседі. Күн өткен сайын жантүршігерлік оқиғалардың саны артып, адамзат баласы азғындыққа қадам басуда. Соның бірден-бір көрінісі – шекара асып, шалыс басқандардың тағдыры. Бүгінде адасқан топтардың түрі көп. Ең қиыны, қой терісін жамылғандардың көбі Исламның атынан сөйлеп, Алланы ауызға алады. Солардың бірі әрі қауіптісі ДАИШ тобы болып отыр. Ислам құндылықтары талқандалып, мұсылман құқықтары аяққа тапталып жатқан жерде Құран мен қару қатар жүрмейді.

Өткен тарихқа көз салсақ, Мұхаммед  пайғамбар да өз уақытында және одан кейінгі халифалар да өзіне шаб­уылдаған жауға қар­сы соғысып жиһад жасаған. Алайда түтіні түзу ұшып, тыныш өмір сүріп жатқан елге барып қан­төгіс жасамаған. Мұхаммед пайғамбар мұ­сылман әс­керлеріне үнемі: «Алла атымен аттаныңдар, Алланың және Елшісінің діні­мен жүріңдер. Қарт адамды, баланы, әйелді өлтір­мең­дер...», - деген. Ал атақты халифа Әбу Бәкір: «әйелді, жас баланы, қарт адамды өлтірмеңдер. Жеміс ағашын кеспеңдер. Ғимаратты қиратпаңдар. Қой мен түйені тек жеу  үшін ғана ба­уыздаң­дар...», - деп, жанды-жансызға түгел аяу­шылық сезімін біл­дірген. Халифат  орнатамыз деп, қару асынып, адамдарды қойша бауыздап жат­қан ДАИШ со­дырла­рының  әреке­ті – Алла­ның берген аманатына  жасалып жатқан қиянат. Бойларындағы қатыгездік мен қані­ше­рліктен жан түр­шігеді. Қасиетті Құ­ран Кәрімде: «Өлті­рілуіне Алла тыйым салған кісіні нақақтан өлтір­меңдер...», - деп айтыл­ған. ДАИШ террорлық ұйым мүшелер­і өлтіру, ұрлау, зорлау, мешітт­ер мен шіркеулерді қирату, әйелдерді жыныстық құлдыққа салу, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуден алда­рына жан салмай тұр. Жарату­шы Алла тағаланың: «Жазықсыз адамды өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен тең (күнәһар) болад­ы»  («Мәида»  сүресі,  32-аят) деген ескертуі бар. Ардақ­ты  Мұхаммед  пайғамбар болса, қоштасу қажылығында: «Ақиқатында сендер­дің қандарың, мал-мүлік­терің бір-бірің үшін қастерлі, қол сұғуға болмайды. Мына қажылық күніндей қастерлі, қажылық айындай қастерлі, Мекке қаласындай қастерлі», - деп өсиет  еткен  болатын.

Демек, жазықсыз адамға оның өміріне, жеке мүлкіне немесе ар-намысына қатысты қандай да бір басқыншылық жасауға рұқсат берілмейді. Исламдағы  бұл қағида барша­ға ортақ. Ертеректе  ғұламалардың бірі медреседе дәріс бере­тін ұстазға шәкірттерін нұс­қап: «Бұларға не үйретіп жатыр­сың?», - деп сұрайды. Сонда ұстаз: «Сарф, фиқһ, хадис­», - деп бірталай ғылымды тізбектей жөнелтіпті. Сонда әлгі ғалым басын шайқап: «Жо-оқ! Бұларға бәрінен бұ­рын  «білмеймін» деуді  үй­рет», - деген екен. Бір күні Имам Мәлікке бір мәселе жайлы сұрақ қойылады. Ұлы Имам: «Білмей­мін», - деп жа­уап бере­ді. «Негі­зінде бұл жеңіл, әрі оңай мәселе еді ғой» дегенді естігенде, Имам Мәлік ашуланып: «Ғылымда жеңіл нәрсе жоқ. Алланың: «Әлбетте, Біз саған ауыр бір сөз уахи етеміз» («Мүзәммил» сүресі, 5-аят) деген аятты естімедің бе? Сондықт­ан, ғылымның барлығы ауыр. Әсіресе, қиямет күні сұраққа тартылатын ғылымы­ңыз», - дейді.

Аталмыш екі оқиғадан төмендегі мәселелерді аңғарамыз. Діни мәселелерде пәтуа беретін адам білмейтін тақырыбында ешнәрсе айтпауы тиіс. Ең болмағанда іздестіріп, зерттеп, «кейін жауабын бере­мін» деуі керек. Бұл – нағыз ғалымға жарасатын қасиет. Ал енді білгішсініп, әр мәселеде пәтуа беретін болса, бұл – дүниеде, әрі ақыретте масқара болуға алып баратын әрекет. Ертең ақыретте Алла тағала: «Жаңылыс пәтуа беріп, адамдардың қате істеуіне себеп болдың», - деп айыптағанынан гөрі бүгін адамдардың «ешнәр­седен хабары жоқ» деп, бұл дүниеде айыптағаны мың есе артық емес пе?

Қалай болғанда да, ДАИШ террорлық ұйымының оңды-солды пәтуа беруі Исламның ешбір ғылымына сай келмей­ді. Керісінше дұрыс емес пәтуа беру арқылы көптеген адамдардың өмірін ойран-ботқасын шығарып, қор ету зұлымдығы тұр. Сондай-ақ, бұл ұйымның  ұстанымында Ислам шариғатына теріс «тағут» және «тәкфір» түсініктері бар. Олардың пайымдауынша, тәкфір жасау, яғни кәпір деп айыптау үлкен күнә жасаған адамға қарата айтылады. Демек, Ислам шариғаты басшылыққа алынбаған жүйеге «кәпір» үкімі шығарылады. Бұл тұрғыда үкімді Алла өзі бере­ді. Исламда адам­ға қорлық көрсетудің бірде-бір түрі жоқ. Мұ­хаммед пайғамбар: «Қиямет күні өлтірілген адам өзін өлтіргенді Алланың құзырына басы мен шашынан ұстап алып келіп, мойындағы тамырларынан қан ағып тұрған күйде: «Раббым! Мынадан сұра, мені не үшін өлтірді», - деп қайта-қайта айтып Аршының жанына алып келеді», - деген. Және тағы бір хадисінде пайғамбар: «Кімде-кім менің үмбетіме қарсы шықса, олардың жақсысы мен жаманын өлтірсе, мұсылмандарын да аямаса, келісім иелеріне берген уәде­сін орындамаса, ол менің үмбетімнен емес...», «Егер олар бір нәсілшілдік үшін соғыс­са, нәсілшілдік себепті ашуланса, нәсілшілдікке жақта­сып жүріп өлтірілсе, ол надандық өліммен өлгені», - деген. Қазіргі таңда ДАИШ ұйымы Ирак, Сирия билігіне және мемлекет әскерлеріне қарсы  соғыс  бастады. Ел ішін­де береке кетіп, христиан дінін ұстанушыларға қарсы қысым күшейді. Суық қарудың оғына ілініп, тепкі көр­гендер отанын, баспанасын тастап, қара басының аман­дығын ойлауға көшті. Баспана іздеп, бас сауғалағандардың халі қарулыларды ойландырар емес.

Бала – бақыт пен байлық, аманат. Алайда қару асынып, ашкөздіктің буына мастанғандар жас балаларды да аяусыз өлтіруде. Жазықсыз жандар жапа шеккен жерде қандай ислам­ болуы мүмкін? Жастардың бойында еліктеушілік көп болады ғой. Қазіргі таңда сол жастардың басым бөлігі әлеуметтік желіге тәуелді. Теріс пиғылды топтар осы бір «тәуелділікті» ұтымды пайдаланып отыр. Жарнама аясы ке­ңей­ген сайын желіде жа­ңылған жастар аз ғана уа­қыттың ішін­де «жиһадшыл» болып, жәннат­қа баруды қалағандардың қатарына қосылуда. Негізінде, Жаратушы Алла тағала бізге жер бетінде зұлымдық жасауды емес, көркем мәміле мен адамдарға жақсылық жасауды бұйырмап па еді?! Білімі таяз, сенімі сол­қыл­дақ келген жастардың арасынд­а басын қатерге тіккен нәзік жандылар да бар. Исламда некелі жарына ғана адал болған­ әйел заты бүгінде шетел­ асып, азғындықтың шашбауын көтеріп жүр. Мұны әлгі ДАИШ-те орын алып жатқ­ан сұмдықтардан пайымдауға болад­ы. Соқыр сеніммен өзге елдің ішкі мәселесіне арала­сып,­ саяси  соғыстарға  қатысу – «әһлі-сүннет» ақидасына жат және ислам шариғатына қайшы. Шындығында, кез келген соғысқұмар адамның ашқан соғысы жиһадқа жатпайды. Негізінде, мұндай бас-көзсіз озбырлық іс-әрекеттер мәселені шешпейді. Керісінше, жағдайды ушық­тырып, шиеленістіре түседі.

Ақиқатында, адамзат үшін қазіргі ең үлкен жиһад – са­уатсыздықпен  күрес. Мұхаммед пайғамбардың: «Үлкен жиһад – өз нәпсіңмен күрес»,- деген өсиеті мұсылман баласына өмірлік ұстаным болуы тиіс. Ислам – бейбітшілік пен мейірімділік діні. Қаншама ұлттар мен ұлыстарды бірік­тіріп отырған әлемдік дін. Ислам­да ізгілік жасау, қамқорлық, мейірімділік үстемірек. Керісінше, зорлық-зомбылық, мұсылман бауырын кәпірлік­пен айыптау, намаз оқымаса, ағайын-туыспен қатынас үзу, өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңдарын мойындамау, өзімен пікірлес болмағаны үшін басқалармен қарым-қатынастан қашу, қоғам мүшелеріне құр­метсіздікпен қарау, басқаларды бүлікке шақыру сияқты ұстанымдар ешуақытта болмаған. Экстремистік және лаңкестік әрекеттер Ислам дініне мүлдем жат. «Бір-бірлеріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал кім айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақын­да отқа саламыз. Бұл – Аллаға оңай» («Ниса» сүресі, 29, 30-аяттар) деген Алланың аятынан хабары бар мұсылман қару ұстап, қолын былғамасы анық.

Өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялап, жер бетін қарумен жаулауды ниет еткен ДАИШ-діктерде бұлжымас шариғат бар деп ойласақ, қателесеміз. Олардың пиғылы – қантөгіс. Қандастарымыз, қаракөздеріміз, намысты азаматтарымыз адасқандардың сойылын соғып кетпес үшін елімізде насихат жұмысы қарқын алуы қажет. Жастарға дінін, ділін, отанын, дәстүрін құрметтейтіндей сезім, ақ пен қараны ажырата аларлық терең білім қажет. Айбынды жастарымыз рухы биік, намысты болса, теріс пиғылдылардың тәнімізге тісі, жерімізге табаны тимейді. ДАИШ-тің улы идеологиясы әлемді алаңдатып отырған тұста елімізге де сақтық керек.

«Жау жоқ деме, жар астында» деп бұрынғылар текке айт­паған. Қол қусырып қа­рап отырмай, ел ішінде бірлік болуын қаласақ, сын сағаттарда ауыр жүкті жұ­мыла көтерген жақсы.

Тұрар   ӘБУОВ,

дінтанушы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары