Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
АЛАҢДАТҚАН АУЫЗСУ
26.07.2018 15:04

Соңғы кезде ауызсуға қатысты түйінді мәселелердің көбейгені рас. Күнделікті тұтынып отырған ауызсу құбырының өзінен тотты немесе құм араласқан су ағады. Шыны керек, дәмі де бұрынғыдай емес. Асылық айтылғ­ан сөз екені рас, өйткені әлемде миллиардтан астам адам сапалы ауызсуға зәру. Ал жарамсыз судың зардабын тартып жатқан­дардың саны бұдан 2-3 есе көп. Әріден қозғап, әлемді теңселдірудің қажеті жоқ. Себебі таза ауызсумен қамтамасыз етілмеге­н елді мекендер Қазақстанда да жетерлік. Өткен жылғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде қала халқының 92 пайыздан астам­ы таза су тұтынып отырса, ауылдық  елді мекеннің  60 па­йыз­ға жуығы ғана сапалы судың дәмін сезініп отыр. Ал қалған бөлігіне таза ауызсу қашан және қандай қаражатпен тартылады? ҚР Ауыл шаруашылығы министр­лігі Су ресурс­тары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің дәл осы сұра­ғына «Елді мекендерді орта­лық­тандырылған ауызсумен қамтама­сыз  ету» тақырыбындағы Қызыл­ордада өткен респуб­ликалық семин­арда тиісті сала басшы­лары жауап таппай қи­налды.­

Су ресурстары  комитетінің мәліметінше, қазіргі күні Қызылорда облысындағы тәулік бойына орталықтан­дырылған ауызсуға қосылған елді мекендер саны – 182. Республикада алдыңғы көрсет­кішті көрсетіп отырған аймақ болсақ та, сұрағы мен шағымы бітпейтін коммуналдық саланың абырой әперуі екіталай. Бас-аяғы үш сағатқа созылған жиында халықтың жағдайын ойлау туралы мәселе қатты да, жай да айтылды. Сөз-талқы барысы­нда ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелерінің әлі күнге ше­шіл­мей келе жатқандығы қа­тысушыларды  қызылкеңірдек болғанша  айтыстырды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өзі бастағ­ан, өзге де мемлекет­тік орган  өкілдері қоштаған семинарда  халықты  таза  ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне келген­де қаржының да қыруар­ бөлініп, жұмыстың да жүйелі істеліп  жатқандығы сөз  болды. Дегенмен, нәтиже аз. Белгіленген  мерзімде ауылдық елді  мекендерге  жетпеген  суға бөлінген қаржы жартылай желге­  де ұшып кетуі ықтимал.

2002-2010 жылдарға  арналған «Ауызсу» және 2011-2017 жылдарға  арналған  «Ақ бұлақ» бағдарламаларын  іске  асыруда кейбір олқылықтар орын алған.­ Атап айтқанда, жобалау-сметалық құжаттама сапасының төмендігі, қажетті мамандандырылған кадр персоналының, арнайы пайдаланушы кәсіпорынның болмауы. Ин­вес­тиция және даму министр­лігінің Құрылыс және ТКШ коми­теті осы мәсе­лелерді пысықтауға шешім қа­былдады. Жалпы, жыл сайын 100 млрд теңге бө­лінген кезде халықты толық са­палы сумен қамтамасыз ету үшін 12 жылдан аса уақыт қажет. Ал, ол уа­қытқа дейін 2002-2010 жылдарда са­лынған нысандар күрделі жөндеу және сорғы-қуатты жабдықты ауыстыруды талап­ етеді. Бұл мә­селені өткен жылы Парламент депута­ттары да қуаттаған. Елбасының өзі 2020 жылға  дейін ауылдық елді мекен­дер­дің 80 па­йызын ор­талықтан­дырыл­ған  ауызсу  жүйесіне  қосу жө­нінде тап­сырма  берген. Кейін бірқатар салалық бағдарламалар ықшамдалып, 2020 жылға дейінгі Өңір­лерді дамыту бағ­дарламасына бірік­тіріл­ді. 2015 жылы қабылданған  «Нұр­лы жол» бағдарламасы арқылы ескірген ауызсу жүйесін жаңғырту  жұмыс­тары  аса қарқынды жүр­гізілді. Ал ол мер­зім­нің   аяқталуына  бар-жоғы бір жарым жыл ғана уақыт қалды. Асығыс істелген жұ­мыс қандай нәтиже береді және жоспар толығымен орын­дала  ма?

- Аталған бағдарламалар аясында Қызылорда облысында мақсатты әрі жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2011-2017 жылдар аралығында бюджеттен 40 млрд теңгеден астам қаржы тартылды. Соның нәтижесінде 2,5 мың шақыр­ымға жуық ауылішілік және сервистік жүйелер жаңарт­ылып, 8,5 мыңнан астам­ су өлшегіш құралдары орнатыл­ды. Бүгінгі күні облыстағы 265 ауылдық елді мекеннің 199-ы немесе 76,5 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Халық санына шаққанда 97  пайызды  құрайды, - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Елеуұлы.

Орталықтандырылған ауыз­сум­ен қамту көрсеткіші республика  бойынша 57,4 па­йыз­ды құрайды. Сонымен қатар, шешімін әлі таппаған тағы да бірқатар мәселе бар. Мәселен, ауылдық елді мекендерді сумен қамту және суды бұру жөніндегі бірыңғай операторды құру – өзекті мәселенің бірі. Комитет төрағасы бірыңғай операторды құру орталық деңгейде оң шешімін тапса, жергілікті жерде бұл мәселені кейбір аймақтар ғана қолдағанын айтты. Атап өткен жөн, Қызылорда облысында республикада ал­ғашқылардың бірі болып 2017 жылдың 1 маусымынан бастап филиал негі­зінде сумен қамту және суды бұру жөніндегі бірыңға­й операторы құрылды. Бұл суды соңғы тұтынушыға жіберу бойынша қызметтерді тиімді, сапалы әрі жүйелі өткізуге әрі құрылғыларды пайдалану және жөндеу жұ­мыстарын өз күшімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқ­анда, жергілікті сумен қамту жүйелері коммуналдық меншіктен республикалық меншікке, яғни «Қазсушар» РМК «Арал» ОДСП филиа­лының теңгеріміне беріл­ген.

- Бәрімізге белгілі, ауылдық елді мекендерді ауызсумен жабдықтаудың көптеген мәселелері сапасыз жасалған жоба-сметалық құжаттамаларына байланысты. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттың тапсырыс берушісі аудандық әкім­дік­тердің ТКШ бөлімдері болып табы­лады. Онда 3-4, ТКШ басқармаларында 7-8 адам жұмыс істейді. Олардың ішінде су құбыры жүйелерін шамалы түсінетін  инженерлер  бар және оларда барлық туындаған техник­алық сұрақтарды терең және мұқият зерттеу үшін мүлде уақыттары жетпейді. Себебі, олар электрмен  жаб­дық­таудан  бастап  қоқыс шығар­уға дейін ТКШ-ның  барлық  спектрі­не жетекшілік етеді. Келесі мәселе – түрлі осал жеке компаниялардың құрылыс-монтаждау жұмыс­тарын сапасыз орындауы. Проку­ратура мен басқа да бақы­лаушы органдардың тексерісі көрсеткендей, 30 пайыздан аса жобалар құрылыс нормаларын өрескел бұзумен жүзеге асырылған. Сапасыз жабдықтарды, құбырлар мен фасонды заттарды қолдануы – жеке компаниялардың жобалардан үлкен пайда түсіруге тырысуы. «Қазсушар» РМК үшін пайда түсіру мақсат емес, оған әрі қарай өзі пайдаланатын салынған су құбыры желілерінің сапасы қажет, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев.

Сөз соңында ол бірқатар жаңа тәсілді іске асыру үшін «Қазсушар» кәсіпорнын ауылдық елді мекендерді ауызсумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай оператор ретінде анықтауды, оған жоба-сметалық құжаттама мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын әзірлеу бойынша тапсырыс беруш­інің қызметін жүктеуді, салынған объектілерді оқшау сумен жабдықтау көздері бар елді мекендерді және топтық су құбырларына қосылған барлық ауылдық елді мекендерді әрі қарай пайдалану үшін «Қазсушар» кәсіпорны теңгеріміне беруді, Су Кодексіне, кейбір заңдар мен НҚА-ға өзгеріс енгізу­ді ұсынды. Жаңа тәсіл жемісті жұмыс істейді және іске асырылмайтын идея болып саналмайды. Себебі, «Қазсушар» РМК «Арал» СЖҚБД филиа­лында 2014 жылдан бастап қолданыста және кәсіп­орын Қызылорда облысындағы топтық су құбырларын және оқшау сумен жабдықтау көз­дерімен барлық кентішілік желі­леріне қызмет көрсетеді. Оң тәжірибені және осы жүйе­нің орнықтылығы сенімділігін ескеріп, Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда қаласының қалалық су құбыры желі­лерін «Арал» СЖҚБД филиа­лының  теңгеріміне  беру бойынша ұсыныс жасады. Өз кезегінде филиал директоры И.Оңғарбаев:

- Топтық су құбырларын пайда­лану ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Су ресурс­тары жөніндегі комитетінің құзырында болатын болса, ал елді мекендердегі ауызсу жүйелерін пайдалану ҚР Инвести­циялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті арқылы жергілікті атқарушы органдардың құзырында болып табылады. Ауызсу нысандарын жаңадан салу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары екі министр­ліктің өздерінің бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады және кей жағдайларда бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалады. Сондай-ақ, насос станциялары топтық су құбырынан су келгенше, иесіз, тозығы жетіп, жылдап қаңырап бос тұрады. Сол  себептен  ауызсуды­ тұтынушыға бір оператормен жеткізіп беру ауызсу нысандарын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді, - деді.

Қорыта айтқанда, Қызыл­орда облысының ауызсу мәселесін түбегейлі шешу үшін жыл басында облыс, аудан депутаттарынан құрылған уақытша комис­сия аудан орталықтары мен елді мекендердің ауыз­сумен қамтамасыз етілу жағдайын анықтап, «2018-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысы елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз етудің перс­пективалық даму жоспарын» жасады. Нәтижесінде аймақтағы 184 елді мекенді тәулік бойына ауызсумен қамту 2019 жылдың соңына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде. Айта кету керек, Қызылорда облысында таза ауызсумен қамту көрсеткіші республика бойынша ең жоғары – 97 па­йыз. Алдағы жылдары елді мекендерді сумен қамту көрсет­кіші 100 пайызға жеткізілмек.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары