Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
Қыз-келіншектерге бизнесін жүргізуге 5%-дан бастап несие беріледі
26.07.2018 16:45

Естеріңізде болса, өткен айда Астана қаласында өткен «Атамекен» ҰКП-ның V съезі аясында республикалық Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай қолдау үшін Еуразиялық Топпен (ERG) және Қазақстан халық банкімен меморандум жасаған болатын. Нәтижесінде Халық банк осы жылдың өзіне қыз-келіншектер кәсіпкерлігін қаржыландыруға 1 млрд. теңге бөлді.

Қазір республика бойынша құжат қабылдау жүріп жатыр. Қыз-келіншектерге арналған жеңілдетілген несиені алу жолдарын облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова былайша түсіндіріп берді.

«Кәсіппен айналысқысы келетін қыз-келіншектердің жобаларын қаржыландыруға республика көлемінде 1 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл шараға біздің облыстың да азаматтары қатыса алады. Қазіргі таңда Халық банк құжаттарды қабылдауда. Жеңілдетілген несие нақты кәсібі бар жандарға да, сондай-ақ стартап жобаларға да беріледі. Берілетін қаржы көлемі 10 млн. теңгеге дейін. Несие 5 пайыздан бастап 84 айға дейін беріледі. Құжаттарды қабылдау мерзіміне шектеу қойылмаған. Дегенмен, мынай жайтқа мән берулеріңізді сұраймын: бөлінген қаржы тек осы жылға арналған. Сондықтан қаржыландыруға қатысқысы келетіндер асыққан жөн. Қазірдің өзінде оннан астам облыстың азаматшасы қатыса алады», - дейді Жанна Аманова.

Несие алғысы келген жандар ең алдымен Кәсіпкерлер палатасына келіп, өтінім беруі қажет. Өтінімге сәйкес Палата арнайы хат дайындап береді. Аталмыш хатты кәсіпкер Халық банкіне тапсырады. Қажетті құжаттар тізілімін Банк қызметкерлері ұсынады.

Жеңілдетілген несиеге қол жеткізгісі келген қыз-келіншектер қосымша ақпараттарды Кәсіпкерлер палатасынан немесе Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Амановадан (тел. 87059019010) ала алады. Палатаның мекен-жайы Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28. Байланыс телефоны 40-09-81. Кәсіпкерлер палатасынан жауапты маман - Сәуле Биманова.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары