Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕАТРЫ ШОТЛАНДИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
08.08.2018 18:15

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Шотландияның Эдинбург қаласында өтіп жатқан «ФРИНДЖ» өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысуда.

Халықаралық фестиваль Эдинбург қаласында 3 тамыз күні басталып, 27 тамызға дейін жалғаспақ. «Ақбаян» спектаклі көрермендерге 6-8 тамыз аралығында көрсетілетін болады.

«Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады және әлем бойынша театр өнеріндегі ең ірі шара болып табылады. Биыл фестивальге әлемнің 50 елінен келген 50 000-ға жуық артист қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальде көрермен назарына 3700 түрлі жанрдағы қойылым ұсынылады.

«Бұл фестиваль театр қоғамдастығында өте беделді әрі танымал, әрине, осы халықаралық іс-шараға қатысу мүмкіндігіне ие болғанымызға және осы алаңда өнер көрсетіп, ұлттық мәдениетті әлемге танытатынымызға өте қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға және бізге көмектескен, қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысымызды білдіреміз», - деді команданың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Әмір-Темір.

Қызылордалық әртістер көрермен назарына «Ақбаян» қойылымын ұсынды. Фестиваль аясындағы қойылым көрсетіліміне Лондондағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Спектакль ұлттық билер, ойындар және асық, көкпар, арқан тарту сияқты спорттық сайыстар мен ұлттық киімдер арқылы халық нақышы мен қазақ мәдениетін көрсетеді.

Қоюшы-режиссер - театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Әмір-Темір. Суретші-декоратор -  Нұркен Қалымбетов. Қойылымдағы  әртістердің көпшілігі жастар екенін ерекше атап өту керек. Мысалы Ақбаян рөлінде – Зарина Кенжалы, Қозы рөлінде – Санат Жүзбай, Қодарды - Қанат Архабаев, Қарабайды - Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының  иегері Бахытбек Темірбеков сомдаса ,  Мақпал рөлінде - ҚР  Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет қызметкері» төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова, Күнікей рөлінде - Ақтолқын Төлеуова ойнады.

«Ұйымдастырушылардың талаптарының бірі – берілген уақыттан аспау. Дүниеге келгенінен басталатын  Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу оқиғасын 55 минутқа шақтап, қойылымды  «Ақбаян» деп атадық. Қазақи әуен, ұлттық нақыштағы декорациялар, костюмдер мен ойындар көрермендерге  ұнады,  біз үшін ең маңыздысы да - осы», - деді Хусейн Әмір-Темір.

Сонымен қатар, театр әртістері фестивальдің әртүрлі алаңдарында, мысалы, «Royal Mile» (Корольдік миль) атты туристер арасында ең танымал көшелерінің бірінде импровизацияланған қысқа спектакльдер қойды.

Жарты ғасырлық тарихы бар Нартай Бекежанов атындағы театрдың репертуарында әртүрлі жанрдағы көптеген пьесалар қойылған. Театрда жастар тобы, қуыршақ театры және драмалық ұжым, барлығы - 50-ге тарта әртіс бар. Осыған дейін театр Түркия, Әзірбайжан және Ұлыбритания сияқты елдерде өнер көрсеткен, енді театр қоржынына Шотландиядағы қойылым да  қосылды.

Айта кетейік,  Эдинбургтегі «ФРИНДЖ» - әлемдегі ең ірі өнер фестивалі. Шын мәнінде, бұл музыкалық, этникалық, кино, кітап және опера мен эксперименттік театр фестивалі болып табылады.

«ФРИНДЖ» (аудармасы «шеткі») фестивалінің тарихы 1947 жылдан басталады. Халықаралық Эдинбург фестивалінің бірінші бағдарламасына енбей қалған бірнеше театр ұжымы, аталмыш фестивальге балама ретінде шығармашылық еркіндікке бағытталған іс-шараны ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды.

Олар бүкіл қала бойынша табиғи алаңдарда өздерінің фестивалін өткізіп, сыншылардың таңданыс пікірлерін естиді.Содан бері «Фриндж»  Халықаралық Эдинбург фестивалімен бірге өткізіліп келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары