Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
“ЖҰМЫС ЖАСАҢДАР!”
09.08.2018 11:10

Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айтты да, орынбасары Б.Сәрменбаевқа сөз кезегі­н ұсынды. Сол-ақ екен, Сәрменбаев сан араласқан баян­даманы судырата жө­нелді.

- Облыс орталығында жылу маусымына дайындық жүргізу үшін “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында инженерлік жүйелерді қайта жаңғыртуға респуб­ликалық бюджеттен 3,7 млрд  теңге  бөлінді. Биыл­ғы жоспар  бойынша  ауызсу,  кәріз су, жылу жүйелері және №2 насостық жылу станциясы қайта жаңғыртудан өтуде. Бұл жұмыстың барлығы 1 қа­занға дейін толығымен аяқталады деп жоспарланған. Тексеру барысында 30 көппәтерлі үйдің өжіресінің тозығы жеткені белгілі болды. Оның 12-сі тұрғын үй пәтер иелері кооперативтеріне тиесілі болса, қалғаны – иесіз тұрғын үйлер. Олар “Қызылорда тазалығы” ЖШС арқылы да қалпына келтірілетін болады, - дедi ол.

Жалпы, қала бойынша магис­тральдық, ауданаралық және ауданішілік жылу жүйелерінің ұзындығы 186,8 шақырымды құрайды. Бұл жүйелерге көпқабатты тұрғын үйлер, бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер, жеке кәсіпкерлік нысандары мен тұрғын үй қожалықтары қосылған.

Қала әкімінің орынбасарынан кейін баяндама жасаған “Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК дирек­торы Р.Нұрмағанбетов өз саласына қатысты біршама маңызды ақпарат­тарға  тоқталды.

“Ауылдарда жылуға қатысты проб­лема  бар ма?” деп Н.Нәлібаев сұрағын қойды Р.Нұрмағанбетов сөзін аяқтай салысымен. Сөйтті де, “Жылуға қарыз адамдар ақшаны төлегенде қиналады, жылу бір күн болмаса, шу шығарады. Сіздер де кім төлемейді жазыңыздар, айтыңыздар! Олар да көрсін, сезінсін жауапкершілікті. Қысқасы, жылу маусымына толық дайын болыңыздар! Ертең қиын жағдайлар болып жүрмесін. Осы бастан реттеңіздер” деп сөзін жалғады. Былай қарасақ, шаһар басшысының сөзіне алып-қосарымыз жоқ. Жұртшылықтың кейде түймедейді түйедей ететіні бар. Соған қарағанда “самаурыннан су ақтыны, Самарқандты­ су алыпты” деп жеткізетіндерден жер­гілікті билік шаршаған болуы керек. Олай болуы да заңдылық. Сонымен аппара­т мәжілісіндегі бірінші мәселеге­ қатысты ақпараттар айтылып, тиісті тапсырмалар  берілді. Келесі кезекте – бюджеттің  орындалу  барысы.

Ұлт жоспарының 98-қадамын орындау мақсатында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Оған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер биылдан бастап мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірліктерде енгі­зіліп отыр. Осыған байланысты 2 кент пен 6 ауылдық округ әкімдіктерінің (Талсуаттан басқасы) өз дербес бюд­жеттері  қалыптастырылды.

Бұл жолы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас­шысы Г.Баймаханова баяндама жасады.

– Жартыжылдықтың қорытындысымен кіріс көздері артығымен орындалуда. Жоспармен салыстырғанда ең төменгі орындалу көрсеткіші Қосшыңырау, Қызыл­өзек ауылы болса, жоғары орындағандардың қатарында Ақжарма мен Ақсуат ауылы бар. Айта кету керек, олардың бюджеті осы жылдан қалып­тастырылуына  байланысты  бүгінгі  күні салы­на­тын айыппұлдар және сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақ­ы  бойынша  жұмыс  өз деңгейінде­ жүргі­зілмеуде, - деп түсіндіріп өтті Г.Баймаханова.

Қала әкімі былтыр аймақта көмір тапшылығы болғанын да айта кетті. Одан  бөлек  қала  аумағындағы  бірқатар мәселелердің шешімін таппай тұр­ғанын жеткізді. “Жыл басынан бері 14 адам суға кеткен. Бұл, әрине, басқа қала­ларда да бар нәрсе. Бірақ, жұмыс істеу керек. Керек  болса, күнде рейдке шығыңдар!” деді  тиісті  сала  басшыларына.

Естеріңізде болса, былтыр облыс орталығында “Аналар аллеясы” салынған еді. Елбасымыздың “Сыр – Алаштың анасы” деп айтып, аймақтың қадір-қасиетін бір ғана сөзбен айшықтап бергені бар. Соны тағы бір дәлелдей түсетін орынның ашылғаны қуанышты жайт еді. Тұрғындардың қала тазалығына, мәдени орындарға деген немқұрайдылығының салдарынан аллеяның ай сайы­н жөндеу көретіні ақ жағалыларға ұнамайды. Әлбетте, бұл да заңды құбылыс. Жергілікті билік тілмен жалағандай тап-таза еткенімен, қоқыс тастайтын, гүлзарларды таптайтын, сындырып-бүлдіруге бейім тұрғындары барда іс ешқашан өнбейді. Орайы келгенде айта кетейік, “Сыр-ана” атты Сырдария  жағалауындағы сан миллионға салын­ған  монументтің қазіргі халі өте мүшкіл. Бірақ, бұл мәселеге тек тұр­ғындарды кінәлай алмаймыз...

Күн тәртібіндегі қос мәселе талқы­ланып, тағы да тиісті тапсырмалар берілг­еннен соң сөз алған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев: “Ауылдарда қандай проблемалар бар?” деп сұрады. Ың-шыңсыз құтылып кетпейтінін біле тұра ләм-мим демегендеріне шамдан­ған шаһар  басшысы: “Сіз­дерде ешқандай мәселе болмаса, мен 1-2-еуіне тоқталайын” деп сөзбен қағытты. Әрине, әкімнің әлгіндегі сөзінің астарында сарказмның “ізі” сайрап жатты.

Мұнан кейін мәжіліс залындағы экраннан қалаға қарасты ауылдардың фотолары кезек-кезек көрсетілді. Шашы­лған, үйілген күл-қоқыс, бір сөзбен айтқанда, ауылдың ажарын келтіретін емес, кетіретін көріністер. Аталған жайттан соң, өзіне қатысы барын сезінген ауыл әкімдері әр жерден қылаң берген саңырауқұлақтардай бірінен соң бірі тік тұрып жатты. Қызылжарма, Талсуат, Қарауылтөбе, т.б. секілді ауылдың әкімдеріне Н.Нәлібаев: “Кәсіпкерлерді тартып, ауылды абаттандыруға үлес қосыңыздар! Мәселе болса, айтыңыздар. “Ауруын­ жасырған өледі” деген. Қандай қиындық бар? Жұмыс істеңіздер! Керек болса, біз ауыл әкімдерін күнде ауыстырамыз. Онсызда ол орындарға сұранып жүргендер көп”, - деді. Рас, қолынан дым келмейтін болса, әкімдерді  қолғапша ауыстыру қазір түк те  қиын емес.

Жиын барысында қала әкімі “Жұмыс жасаңдар” дегенді жиі-жиі айтты. Соған қарағанда “жұмыс жасап” жатқандар аз ба деп қалдық. Әй, бірақ бізде бір айтқаннан қорытынды шығаратындар аз ғой. Желкесінен сүйреп алып барып жұмысқа жекпесең, аузына шайнап беріп, жұт демесең, іс қылмайтындардың жайы жалпақ жұртқа белгілі де. Сондықтан қайталап айту, қайта-қайта айту біздің әкімге қалыпты құбылысқа айналған шығар. Біз білмейміз, бәлкім...?

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары