Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 192 |
![]() | Кеше | 2006 |
![]() | Осы аптада | 10981 |
![]() | Өткен аптада | 14901 |
![]() | Осы айда | 31169 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3568189 |
БЕС БАСТАМАНЫҢ БЕРЕРІ БАР |
09.08.2018 11:25 |
Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бастаған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Олар бірқатар нысандарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Мәртебелі меймандар аялдаған екінші нысан – «Q-med» клиникасы. Қаладағы Абай даңғылының бойында орналасқан емхана мекенжайының өзі жұртшылық үшін тиімді. Тұрғындар көп жүретін орталық көшеде тұрақтаған. Ал науқастарға көрсететін сапалы қызметі туралы әңгіме бөлек. Бұған қарап «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастамасының жемісін бергеніне марқайып қаласыз. Клиниканың өзге емханаларға қарағанда ерекшелігі де, артықшылығы да бар. Бағасы емдеу қызметіне қарай әртүрлі. Негізінен терапевтік, диагностикалық және реабилитациялық, т.б. емдеу түрімен айналысады. Дәрігерлердің жылы қабағы мен біліктілігінің арқасында дертінен айыққандардың алғысы зор. Қазіргі күні 2016 жылдың сәуірінен бастап жұмысы жандана бастаған клиниканы таңдайтын жұрттың саны артқан. Сапалы қызмет қашан да тұтынушыларды өзіне магниттей тартады емес пе? Емхананың ішін аралаған уақытта Сенат депутаты Б.Жұмағұловтың «Несие алдыңыздар ма?» деген сұрағына клиника директоры Раушан Базарбай «Істі бастау үшін 18 миллион теңге несие рәсімдеп, оған облыста жоқ құрал-жабдық алдық. Бұл – біз үшін әдеттегідей емес, үлкен несие» деп атап өтті. Ал «Қараөзек» жоғары технологиялық газ компрессорлық стансасы Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында магистралдық газ құбырының «қақпасы» саналады. Қызылорда облысы – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша. Қоғамдық кеңес мүшелері стансаның қуаттылығын, іске қосылуға дайындық жұмыстарын шолып шықты. Даярлық деңгейінің қандай екенін бағдарлай келе ары қарай осы «Қараөзекте» жұмыс істейтін сапалы маман даярлайтын мекемеге келді. Айта кету керек, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бесінші бағытының іске асуы бойынша жасалып жатқан бұл жоба ә дегеннен-ақ нәтижесін беріп келеді. «Электротехнология» ЖШС оқу орталығы 3, 4-санаттағы газ дәнекерлеуші мамандарды даярлайды. Мекеме биылғы наурыздан бастап құрылған. Ашылғанына аз уақыт болса да алға қойған мақсатынан айнымай, жетістікке жетуде. Оқу орталығында директор, директордың орынбасары және 7 оқытушы, 1 іс жүргізуші, 1 әдіскер жұмыс істейді. Мұнда келіп 3 ай курс оқыған кісілер «Электрогазбен дәнекерлеуші» және «Электр жабдықтарына қызмет көрсетуші және жөндеуші электромонтер» мамандықтарын игеріп шығады. Мекеме ашылғалы бері 33 түлек бітірген. Оның ішінде 3-еуі «ҚазЭлектроИнжинирингСервис» ЖШС-не жұмысқа қабылданып, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіліпті. Ал қазіргі уақытта онда 61 азамат білім алуда. Оқу курсын аяқтап, жұмыс істеп жатқан қала тұрғыны Ғалымжан Құтыбаев бағдарлама туралы ойын жеткізді. - Осы оқу орталығында дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқып шықтым. Алғашында жұмыс таппай, үйде отырған сәтімде көп ойландым. Қандай мамандықтарға сұраныс жоғары қазір? Саралай келе бүгінгі күні техникалық мамандықтар тапшы екенін түсіндім. Бір жақсысы, оны оқып алуға ыңғайлы жағдай жасалған. Бұл әрине, мемлекеттің біз сияқты екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды қолдауы деп білемін. Елбасы ұсынған бағдарламаның арқасында ойлағанымыз біртіндеп орындалып жатыр. Осындай бағдарламаның игілігін көргеніме қуаныштымын,- деді Ғ.Құтыбаев. Сыр өңіріндегі серпінді жобалардың жұмысына қанық болған Қоғамдық кеңес мүшелерінің сапары «Достық» үйінде қорытындыланды. Елбасының бес әлеуметтік бастамасының Қызылорда облысында жүзеге асырылуы сарапталып, Ақмешіт атырабында атқарылған жұмыстарға баға берілді. Экономиканы ілгерілету ісінде шағын және орта кәсіпкерліктің бәсі биік, беделі жоғары. Бұл табыс табамын деген талабы бар адамдарға басты мүмкіндік те. Қазіргі күні осы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен микрокредиттер саны артқан. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы ағымдағы жылдың 6 айында өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың біршама азайғанын айтты. - 2018 жылдың басында облыста өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адам анықталды. 2018 жылдың 6 айында 7000-нан астам адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылып, 20400-ден аса жұмыссыз өнімді жұмыспен қамтылып, 20 мың азаматтың қызметі заңдастырылса, оның 17 мыңға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісімшартын жасады. 3000-ға жуығы мемлекеттік кіріс органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде кәсіптерін бастады, - деді облыс әкімі. Басқосу барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова өңірдегі білім саласы туралы сөз қозғады. Аталмыш саладағы қол жеткізген жетістіктер мен алдағы жоспарлар да тілге тиек етілді. Президент ұсынған бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Облыс әкімі де бұл ретте қарап отырған емес. Жыл сайын білім гранттарын ұсынуда. Биыл оқу гранттарының саны бұрынғыға қарағанда екі есеге артпақ. Бұл – жоғары білім алатын талапкерлерге үлкен қолдау. Мұнан бөлек құрылыс нысандарының ішінде алғашқы лекте оқу орнының құрылысының салынуы да көңілге қуаныш ұялатады. Осылайша республикалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және тиісті мемлекеттік органдар өкілдері, саяси партия және қоғам белсенділері қатысқан кеңес өз мақсатына жетті. Әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөніндегі кеңестің төрағасы Б.Жұмағұлов Сыр өңіріндегі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Түстен кейін делегация мүшелері берекесін берген бастаманың өңір аудандарында жүзеге асу барысын бақылау үшін Шиелі ауданына аттанды. Шиелі ауданында 10 ферманы біріктірген «Шиелі-төрт түлігі» ауылшаруашылық кооперативі мен тәулігіне 400 литр шұбатқа дейін өңдейтін «Ару Ана» цехын аралап көрді. Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА |