Өзекті мәселелер

  • 10.01.19

    Өткен жылы облыс про­куроры Х.Дәуешов бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосып, галстуксыз кездесу өткізген болатын. Қашанда қара халықтың қамы үшін тер төгетін тілшілер қауымын шақыра отырып, ел-жұрттың көкейіндегі маңызды деген мәселелерді ортаға салуымызды сұраған-ды. Басқасы басқа, білдей қадағалау органы басшысының бұқараның жайын ойлағаны, әрине, қуантқан болатын. Бар білгенімізді «мынадай мә...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тоқсаныншы  жылдары балалардың ермегі еміс-еміс есімізде қа­лыпты. Шыбықты ат қып міндік, сымнан машина жасадық, асық ойнадық. Асылында, қаланың қайнаған тірлігінен алыс жатқан ауыл балалары алдан­ыштарын ойдан тауы­п жататын. «Ғұлы-ғұлы» дегеніңіз есіңізде шығар? Ләңгі ше? Сол жылдары ата-аналар қара сирақ жүгірмектерін үйге шақыра алмай әлек болатын.

    ...
    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Ділмұхамед  АБЫЗОВ,

    «Dalatex»  ЖШС-нің  директоры:

    ТМД  елдерінің ішінде жеңіл өнеркәсібі артта қалған ел болса, ол – Қазақстан. Себебі бізде отандық өнімдер аз. Бар болған күннің өзінде бағасы қымбат. Оның басты себебі барлық шикізатымызды сыртқа экспорттап, қайта қымбат бағамен сатып...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы жерлесіміз Ермекбек Пазлиевті ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады. Батыр ұл Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы  №2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі  болып  жұмыс  істейді. Қызыл жалынға қарсы күресіп, адам  ...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    “Қыз пен жігіттің арасында достық бола ма?” деген сауал ортаға тасталған ретте, “болады” деп бой бермей, мыңдап мысал келтіруге бар достарыңыз табылатын шығар. Расында, дәл осы сауал түрлі отырыс­тарда даулы мәселеге айналып, көптеген адамдарды мазалағаны­ анық. Сіздің ойыңызша, сөйлесу кезінде бір-біріне көңілі ауып, сезімі пайда бола бастаған адамдар дос болуы мүмкін бе? Немесе махабб...

    Толығырақ...
ҚОС ЖАҒАЛАУЫ ҚАТАР ТҮЛЕГЕН ШАҺАР
09.08.2018 11:47

Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

Алдымен қала әкімі Тас­бөгет кентіне табан тіреді. Онда 140 орындық балабақша бой көтеруде. Жобаның құны – 526,9 млн теңге. Мердігер – «Интегрострой» ЖШС. Кенттегі жаңадан тұрғызылып жатқан ықшам ауданда салынған бөбек­жай­дың құрылысы жақын арада аяқталады. Құрылыс барысымен танысқан Н.Мәшбекұлы мердігерге реті келсе 1 қыр­күйекке дейін тамамдауды тапсырды. Бірақ, асығамыз деп сапасыз болмау қажет­тігін де  жеткізді.

– Бұл ықшам ауданға қо­ныс­танып жатқан тұрғындар көп. Сондықтан әлеумет­тік нысандар керек. Және мұн­да қатынайтын қоғамдық көлік­терді де реттеп береміз. Бұ­йырса, жолға қаражат бөле­тін боламыз,- деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Нұрлыбек Нәлібаев қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітовке қажетті мамандарды тарту керектігін айтты. Және тиісті жұмыстары аяқталған соң айналасын абаттандыру керектігін де еске салды. Сонымен қатар «құрылыс саласында кезінде  кеткен  кемшіліктер қайталанбауы  қажет» деп қатаң ескертті.

Қазіргі таңда Жаппасбай батыр көшесінде тұрғызылған көпқабатты үйлерде қоныстанған халықтың қарасы қалың. Тиісінше, әлеуметтік нысан­дарға сұраныстың  артатыны  түсінікті. Бүгінде сол көпқабатты үйлердің қақ ортасында 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны 974,4 млн теңгені құрайды. Нысанның құрылысы 2019 жылы тамамдалмақ. Мердігер  мекеме – «Ария-Жаңа  Астана»  ЖШС.

Расы сол, кемі 60 жылдан аса жер астын­да жатқан су құбырының қазіргі жай-күйі айтпаса да түсінікті ғой. Шірігені анық. Абайсызда ақау шықса, 300 мыңнан аса тұрғыны бар қалаңыз ауызсусыз қалады. Ал тозығы жеткен құбырлардың  барлығын бір маусымда ауыстыру  мүмкін емес. Оның үстіне жыл  сайын бұған қазынадан қаралатын қаржы қайда? Сондықтан қала билігі жылына қаралған қаражатқа қарай жаң­ғырту жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні шаһарадағы су құбырларының 60-70 пайыздан астамы то­лық жөндеуден өткен. Қалғаны алдағы 2-3 жылдың еншісінде. Жыл басында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаладағы ауызсу, кәрізсу және жылу жүйелерін қайта жаң­ғыртуға 3 млрд 794,5 млн теңге бөлінген. Айталық, Амангелді көшесінен бастап Скатков пен Панфилов көшелерінің бойындағы магистралдық жылу жүйелерін жаңғыртуға – 166,4 млн теңге, Панфилов, Қ.Яссауи, Ә.Бөкейханов көшелеріндегі ауызсу жүйесін қайта жаңғыртуға – 199,7 млн теңге, Қ.Яссауи мен Ғ.Мұратбаев көшелерінің бойындағы  магистрладық жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға – 227,5 млн теңге­, Н.Ільясов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысы және Д.Қонаев пен Қыдыров көшелерінің қиылысына дейінгі аралықтағы ауызсу жүйесін қайта жаңғыртуға 221,6 млн теңге қаржы қаралған. Аталған көшелерде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығын қала әкімі өз көзімен көріп, мердігер мекеме­ басшыларымен жүздесті. Оларға жылу маусымы басталғанға дейін тиісті тапсыр­маларды уақытылы бітіруді тапсырды. Сондай-ақ, мердігерлерге су жүйелерін ауыстырған кезде жаңадан са­лынған жолдарға тиіспеуді міндеттеді. Сондай­-ақ, құрылыс жұмыстары біткен соң айналасын тазартып кету керектігі­н  де  айтты.

Сырдария өзенінің сол жағасында салынып жатқан жаңа қала жөнінде бұған дейін талай мәрте жазылды, айтыл­ды. Шаһар басшысы мұндағы жұмыстарды да назардан тыс қалдырмады. Арнайы ат басын бұрды. Бүгінде сол жағалауда ауызсу жүйесі, газ құбы­ры, электр желісінің құрылысына қажетті 17 млрд 209 млн 600 мың теңге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Ал магистралды жылу жүйелері мен жылу қазандығының құрылы­сына жұмсалатын 2700,0 млн теңгеге Инвестиция және даму ми­нистр­лігіне бюджеттік өтінім жолдан­ған. Сонымен қатар жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Шір­кейлі» каналы үстінен өтетін көпір, қала орталығындағы жаңа көпірден бастап «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолына дейінгі аралықты жалғайтын 4,9  шақырымдық магистралдық көшеге­ 700 млн теңге, сол жағалаудағы ұзындығы  7,8  шақырым болатын авто­мобиль  жолының  құрылысына 70 млн теңге  қаржы  бөлінген.

– Биыл сол жағалауды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінде мұндағы «Рухани жаңғыру» ортал­ығының және 320 орындық балабақшаның құрылысы бітті. Жақын арада пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, «Болашақ» университетінің бас ғимаратының құрылысы қарқынды жүруде. Биыл кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен салынып жатқан 16 көпқабатты тұрғын үйді ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Және осы жылы 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Оған республикалық бюджеттен 4 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді. Бүгінде мердігерлер анықталып қойды. Атал­ған үйлердің 4-еуі (210 пәтер. - ред.) баспана  кезегінде  тұрған азаматтарға  берілетін  болады. Қазіргі таңда 23 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінд­е  тұр,- деді қала әкімі Нұрлыбек  Нәлібаев.

Айта кетейік, кәсіпкерлердің өз қаржысы­ есебінен  салынып  жатқан  16 көпқабатты үй мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы арқылы табысталатын болады.

Күннің екінші жартысында шаһар басшысы Қарауылтөбе ауылдық окру­гіндегі ауылшаруашылық кешенінің жұмысымен  танысты. 12 жыл құрылыс саласында еңбек еткен жеке кәсіпкер Досхан Жүнісов бұған 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Оған мал бордақыл­ау алаңы, өнімділігі жылына 500 тонна құс етін өндіретін цех, жылы­на 20 тонна шұжық шығаратын цех және жылыжай кешенін тұрғызған. Бүгінде 350 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Және 2026 жылға дейін лизингке алынған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржысы есебінен салынған «Қараторғай-1» өңіріндегі 120 жылыжай кеше­нінің 70-ін іске қосқан. Бүгінде онда өсірілген өнімдер үлкен сұранысқа ие.

– Атқарып жатқан еңбектеріңізге жеміс тілеймін. 350 адамды жұмыспен қамту оңай емес. Әрине, «Евростандарт­тарды» толықтай сақтау қиын. Деген­мен, қыс  мезгілінде  жылыжайда  өсіріл­ген қызанақ  пен  қияр  қала  тұрғындарын қамта­масыз етеді деп ойлаймын,- деді Н.Мәшбекұлы.

Ал Ақсуат ауылдық округіндегі «Самұры­қ құс» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі ауыл маңынан құс  фермасын  ашқан. 20 мың құс ұстайтын 2 ангарда әзірше 13 мың құс өсірілуде. Күніне 6500 жұмыртқа өнді­ріліп, нарыққа  шығады. «Алдағы уақытта қанаттылар қатарын арттырып, көбейтеміз» дейді кооператив төрағасы Мақсат  Жүсіпов.

Міне, Қызылорда қаласында атқарылып жатқан шаралар легі осы. Қала әкімі бас шаһардың 200 жылдық мерейтойына  орай  айтулы шаралардың ұйымдастырылатынын  да  жеткізді.

Қозы  Көрпеш    ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары