Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Тасбөгеттегі тубдиспансер көшірілуі мүмкін
13.08.2018 10:03

Ел Үкіметі 2015 жылдың желтоқсанында алдағы жылдарға арнап «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі индикаторы күтілетін өмір сүру ұзақтығы еді. Бүгінгі таңда республика бойынша өмір сүру ұзақтығы 72,6 жасты құрау керек болса, өңірімізде бұл көрсеткіш 72,2 екен. Бұл туралы ағымдағы жылдың 6 айындағы атқарған жұмыстары туралы БАҚ өкілдеріне брифинг берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова айтты.

– Жалпы, соңғы 3 жылда өмір сүрудің күтілетін ұзақтығының 71,6-дан 72,6-ға дейін тұрақты жоғарылауы байқалуда. 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жалпы өлім көрсеткіші 8,1 пайызға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 5,4 пайызды құрады. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 5,88 пайыз болатын,- деді Ақмарал Шәріпбайқызы.

Облысымзда сонымен қатар бала туу көрсеткіші айтарлықтай артқан. Осы алты айда аймағымызда 9031 бала өмірге келсе, былтыр есепті мерзімде 8901 сәби дүние есігін ашыпты. Керісінше, сәбилер өлімі 12,1 пайызға төмендеген. «Бұл денсаулық сақтау саласындағы түрлі атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі» дейді басқарма басшысы. Мысалы, республика көлемінде алғашқылардың бірі болып халықаралық ұйымдармен бірлесіп, 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға күтім жасау бойынша жаңа «Бала кездегі ауруларды интеграциялық бақылау» жобасы қолға алынған екен. Бұл арқылы облыстағы 5 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде әлеуметтік қырағылықты қажет ететіндерінің денсаулығы назарға алынып, бақылауда болатын көрінеді. Сондай-ақ перзентханалардағы құрал-жабдықтардың да рөлі орасан екені жасырын емес. Қазіргі таңда үшінші деңгейлі облыстық перинаталдық орталықтың жабдықталуы 91,1 пайызды құрап, еліміз бойынша алдыңғы үштікке еніп отыр.

Өлім көрсеткіші демекші, біздің өңірімізде қайтыс болған адамдардың ең көбі қан айналым жүйесі ауруларынан кетеді екен. Облыста бұл аурудан қайтыс болатындар саны азайғанымен, жалпы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасы «Дені сау аймақ» жобасын қолға алыпты. Облыс әкімдігінен қолдау тапқан жоба арқылы азаматтардың туғанынан бастап қартайған шағына дейінгі денсаулығы қадағаланатын болады. Нақтырақ айтсақ, олардың зиянды әдеттерден арылуы, дене белсенділігін арттыруы, тиімді тамақтануы толықтай назарға алынады екен. Ақмарал Шәріпбайқызының айтуынша, дәл осы темекі тарту, алкогольді ішімдіктерді көптеп ішу, сондай-ақ зиянды тамақтарды жеп, аз қозғалу қан айналым жүйесі ауруларына әкелетін көрінеді.

Өлім-жітім көрсеткішінің тағы бір үлкен үлесін онкологиялық аурулар құрап отыр. Соңғы кезде қатерлі ісікпен ауыратындардың қатары көбейгеннен онкологиялық ауруларды ерте анықтау қолға алынған. Себебі аты жаман ауруды алғашқы сатысында анықтаса, 100 пайыз жазылып кетуге мүмкіндік бар екен. Қазіргі таңда, облысымызда қатерлік ісіктің алғашқы сатысында, І-ІІ сатысында анықтау да айтарлықтай жоғарылаған. Бұған тұрғындарды скринингтен өткізу сеп. Әрі әйелдерді қарау бөлмесінен бөлек, арнайы ер-азаматтарға да ашылған қарау бөлмелерінің пайда болуы да өз үлесін қосуда. Мысалы, 2017 жылы мұндай кабинеттердің жалпы саны 20 ғана болса (ал ер-азаматтардікі мүлдем болмаған), 2018 жылдың есепті мерзімінде 175-ке жеткен. Оның 59-ы – ерлерге, 116-сы әйелдерге арналған.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын тасбөгеттік тұрғындар сондағы туберкулез диспансерінің халыққа жақын орналасқанына алаңдап, хабарласқан еді. Не дегенмен кох таяқшасының ауа арқылы таралатынын алға тартып, балаларының денсаулығы үшін уайымға салынған болатын. Одан қалды, сонда емделетін науқастардың қалаған уақыттарында дүкен аралап, халық арасында емін-еркін жүргеніне де назданып, «ауруын бізге жұқтырмай ма» деп шағымданғаны да бар. Тұрғындар сауалын брифинг барысында басқарма басшысына да қоюды жөн көрдік. А.Әлназарованың айтуынша, бұған ең алдымен, мекемені күзететін күзетшілер (келісімшарт бойынша олар арнайы мекемелерден келеді.– ред.) кінәлі екен. Өйткені, ауладан шығаруға болмайтын науқастарды сыртқа жіберіп отырған солар дейді. Ал диспансерді болашақта шет аймаққа көшіру жоспарда бар дүние екен. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Бектайқызы «диспансер айналасы арнайы залалсыздандырылады, сондықтан тұрғындар уайымдамаса да болады» деп отыр. Оның үстіне қазіргі таңда туберкулезбен аурушаңдық 2,9 пайызға төмендепті. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болатындардың саны да азайған. Басқарма жол апатына ұшырайтындарға уақытылы көмек көрсету үшін республикалық трассаларға жақын орналасқан медициналық ұйымдардың базасынан 13 медициналық тірек бекетін ашыпты. Нәтижесінде өлім-жітім саны 38 пайызға төмендеген.

Мұнан бөлек брифинг барысында А.Әлназарова 2 жылда 25 медициналық нысанның пайдалануға берілгенін, медициналық ұйымдардың 80 пайызы интернет желісіне қосылғанын, телемедициналық байланыстың 8-ден 15-ке жеткенін, есепті мерзімде 6,5 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алынғанын және алдағы 2018-2025 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 118 нысанның салынуы көзделіп отырғандығын айтты. Сонымен қатар облыс бойынша өлім-жітім саны жоғары Байқоңыр қаласында жыл басында емхананың ашылғанын, оған бүгінгі таңда 18 мыңнан астам қазақстандық тіркеліп, медициналық көмекке қолжетімділік артқанын да жеткізді.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары