Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13.08.2018 10:43

Сырдария аудандық мәдениет үйінде ауданның 90 жылдық айтулы мерейтойына орай «Тамыры терең, тарихы кемел – Сырдария» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына елімізге белгілі ғалымдар, жазушылар, мәдениет, өнер қайраткерлері, тарихшылар, зерттеушілер, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, Қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ғылыми практикалық конференцияның ашылуында Қазақстанның эстрада жұлдызы Е.Әбдіхалықова «Сыр елі» әнін орындады. Мұнан кейін Сырдария ауданы туралы деректі фильм көрсетілді.

Конференцияны облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының диреткоры Н.Мыңжас ашып, жүргізді.

Сонымен бірге, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов Сырдария ауданының 90 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықованың, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың құттықтау жеделхатын оқыды.

Конференция барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, еңбек ардагері Д.Айсина қойнауы қазынаға толы, жері киелі, тарихы шежірелі серпінді Сырдария ауданы – Сыр өңіріндегі іргелі, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі екенін айтты.

Құрметті меймандар ынтымақ пен бірліктің түпқазығы болып саналатын ауданында тұрғындар игілігі үшін соңғы жылдары жасампаз жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, халықтың бірлігінің нәтижесінде жүзеге асқан жүйелі жұмыстарды өзге өңірлер өз тәжірибесіне енгізіп жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы мерейлі мерейтойға келген қонақтарға аудан халқының атынан алғысын білдірді.

Айта кету керек, бүгін басталған мерейтой ертең ат жарысы, спорттық байқаулар, аудан жастарының танымал тұлғалармен кездесуі, театрландырылған көрініс, гала концерт, лазерлік шоу секілді іс-шаралармен жалғасады.

Ақтөре Ибрагимұлы,

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары