Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАБАНДОЗЫНА БҰЙЫРДЫ
13.08.2018 10:53

Серпінді Сырдария ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған аламан бәйгенің бас жүлдесін Жамбыл облысынан келген шабандоз Тоқтар Рәтпек иеленді.

25 шақырымдық қашықтықта қарсыластарын шаң қаптырып кеткен шабандоз жүйрік сәйгүлігімен бірге 12 айналым бойы озық келді.

Осылайша, аламан бәйгенің бас жүлдесін иеленіп, жеңіл автокөлікті ұтып алды.

Ат жарысының ІІ орынын да жамбылдық шабандоз Сайлау Нұр иеленіп, 500 000 мың теңгені қанжығасына байлады.

ІІІ орынды қоғалыкөлдік Жандос Бақберген иеленді. Сырдария ауданының намысын қорғаған шабандозға 300 000 мың теңгенің сертификаты берілді.

Сонымен бірге, мәре сызығына Жандос Бақбергеннен санаулы секундқа ғана кешігіп жеткен аралдық Өтеш Ерлан 200 000 мың теңге иеленді.

Айта кету керек, ат жарысына 30-ға жуық шабандоз қатысып, бақ сынады. Аламан бәйгені тамашалаушыларға аудан әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалып, арнайы тасымалдау көліктері бөлінді.

Ал, Шымкент қаласынан келген шабандоз Өмірбек Құрманғалиев ауданның мерейлі мерейтойына орай өткен ат жарысының жеңімпазы атанды.

Ол құнан бәйгеде өзге шабандоздардан қара үзіп, жүйріктігін көрсетті.

15 шақырымдық жарыста мәре сызығына екінші болып Қызылорда қаласының атынан сынға түскен Бақдәулет Бақбергенұлы келді.

Ал, ІІІ орынды шымкенттік Орал Тоқтарбек иеленді.

Құнан бәйге жеңімпаздарына қаржылай қомақты сыйлықтар берілді.

90 жылдық мерейтойға орай ауданда өткізілген ат жарысының ішінде тай жарысы өте тартысты өтті.

Шабандоздардың жеңіске деген ерекше құштарлығы көпшілікті тәнті етті.

3 шақырымдық қашықтықта сынға түскен шабандоздардың ішінен Сырдария ауданының атынан сынға түскен Жандос Бақберген І орынды жеңіп алды. Жарыс жеңімпазына 200 000 мың теңгені сертификаты берілді.

ІІ орын иеленген Түркістан облысының шабандозы Санат Сисен 150 000 мың теңгені қанжығасына байлады.

Ал, ІІІ орын еншілеген шымкенттік шабандоз Жеңіс Тоғызақбаевқа 100 мың теңге берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары