Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
«ҚАЛАМЫ ҚАРЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
13.08.2018 11:06

Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен жазушы Әбірәш Жәмішевтің 90 жылдығы ауданда кеңінен аталып өтілуде. Мерейтой аясында «Қаламы қарымды тұлғалар» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кешке дарынды жазушылардың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, өнер, мәдениет саласының майталмандары, мерейтой қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты.

Әдеби кештің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев сөз сөйледі.

– Ауданның айтулы мерейтойымен осы ауданда туып, елімізге танылған халық жазушысы, жерлестер мақтанышы Қалтай Мұхамеджанов пен жазушы Әбірәш Жәмішевтің 90 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, аудан әкімінің өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қаламы қарымды тұлғалар» атты әдеби кеш өткізу жоспарланған болатын. Мақсатымыз қаламына құт қонып, бақ дарыған дарынды жзаушылардың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі ету, ауданның тарихы тереңде екенін паш ету болып табылады,- деді аудан әкімінің орныбасары.

Әдеби кеш барысында қаламына құт қонып, бақ дарыған даңқты қаламгерлердің шығармашылығы кеңінен насихатталды. Шығармашылықтың шыңына шыққан тұлғалардың өлеңдерінен үзінді оқылды. Ақын С.Оспан, жазушы Т.Дайрабаев, ақын Ж.Дәрібаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың профессоры Қ.Құдайбергеновтер сөз сөйлеп, Қалтай Мұхамеджанов пен Әбірәш Жәмішев туралы естеліктер айтып, толғаныстарын жеткізді.

Әдеби кеш соңында жазушы Әбірәш Жәмішевтің ұрпақтары мәдени іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған аудан әкімдігіне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Ақтөре Ибрагимұлы,

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары