Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Қызылордада антикоррупциялық фронт-офис шетелдік мамандардың визасын алуды жеделдетті
13.08.2018 11:13

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыт құрылысына қажетті шетелдік 5 маманның құжаттары антикоррупциялық фронт-офис арқылы шешілді.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Сыр елінде инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «Рrotecting business and investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында Қызылорда облысында жалпы құны 356 млрд. теңгені құрайтын шетелдік және отандық инвесторлардың 12 инвестициялық жобалары сүйемелдеуге алынып, жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімдерге қол қойылды. Инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін және қолдау көрсететін фронт-офис ашылып, өз жұмысын бастап кетті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев: «Жыл басынан біздің департаменттің араласуымен 4 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Олардың қатарында кәсіпкерлерге жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы табысталмауы, мемлекеттік тапсырысқа бөлінген тиесілі қаржының уақытылы аударылмауы секілді мәселелер бар. Қазіргі таңда осы фронт-офиске инвесторлар тарапынан сұрақтар келіп түсуде. Мысалы, фронт-офиске шетелдік инвестор «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг» ЖШС компаниясынан шағым келіп түсті. Шағымда инвестор компания Шиелі ауданындағы цемент зауытының құрылысына қажетті мамандарды тарту үшін облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон қызметіне визалық рұқсат алу құжаттарын өткізгендігін, алайда шетелдік мамандарға виза алу мәселесі шешілмей жатқанын хабарлаған болатын. Департаменттің тікелей араласуымен бұл мәселе өз шешімін тауып, цемент зауытының құрылысына қажетті 5 шетелдік маманға визалық құжаттар рәсімделді», - деп мәлімдеді.

Бүгінгі күні фронт-офис пен өңірдегі инвесторлар арасында сенімді қарым-қатынас орнатылған.

Департаменттің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары