Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Жұмыссыздар төрт түлікке тыным бермей тұр
14.08.2018 16:16

Барымташыларға тоқтам болмай тұр. Ауылдағы ағайын «мал ашуы – жан ашуы» деп азарда-безер. Тіпті, кейбірі құзырлы орган өкілдері ұрлықты ашуға қарекетсіз отыр деп қынжылады. Десе де, ресми орган өкілдері бұған тұрғындардың өздерін кінәлауда. Осы және өзге де мәселелер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтылды.

Облыстық ІІД Кримогендік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Әбдібековтің айтуынша, тұрғындар жоғалған малын өз бетінше іздеп, біраз уақыт өткен соң ғана ішкі істер органдарына хабар береді екен. Сонымен қатар барымташылардың батыл қимылдауының басты себебі – бақташылардың болмауы.

– Аймақ бойынша 2018 жылдың 7 айында 29 мал ұрлығы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға төмендеген. Ал оның ашылуы 28,6%-дан 47,6%-ға артты. Жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 103 қылмыскер ұсталған. Олардың қатысуымен жасалған 139 қылмыс дәлелденіп, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, 20 қылмыстық топ құрықталса, олардың 82 мал ұрлығын жасағандары белгілі болды, - дейді Дархан Темірбекұлы.

Осы орайда тағы бір ресми мәліметті назарларыңызға ұсынсақ. Жоғалған малдың 179-ы – өрістен, 118-і қорадан қолды болып отыр. «Бұл ненің дәлелі?» деген сауалдың туындайтыны рас. Жауаптылардың сөзінше, мысалы, 1500 тұрғыны бар ауылға 1 ғана учаскелік полицей бекітілген. Сондықтан қылмыстың ашылуы да қиындаған. Мал ұрлығының алдын алу бағытында ҚР Ішкі істер министрлігімен 2018-2020 жылдарға арналған Бағдарлама бекітіліп, қолданысқа енгізілген. Соның аясында мал ұстайтын орындарда дабыл қондырғысы және техникалық құралдармен жабықтау шаралары жүргізілуде. Облыс көлемінде қылмыстың осы түрін болдырмау үшін 5 рет «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Және осы бағытта күресті күшейту үшін түнгі мезгілде рейдтер ұйымдастырылған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жыл басында Сырдария ауданында мал ұрлығын тұрақты түрде кәсіп еткен 16 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталған. Олар жалпы саны 16 эпизодтық, оның ішінде 9 ауыр санатындағы мал ұрлығы қылмыстарын жасаған. Шенділердің сөзінше, қылмыскерлердің барлығы да жұмыссыздар екен. Сондай-ақ, қала көлемінде төрт түліктің 27-сі – қорадан, 37-сі жайылымдық жерлерден жоғалған.

– Әр қылмыс – жұмбақ. Осы уақытқа дейін ұсталған азаматтардың орташа жасы 25 пен 30 жасты құрап отыр. Қала көлемінде Тасбөгет кенті, Досан, Абай ауылдарында мал ұрлығы жиіледі,- дейді қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев.

Шенділер тұрғындарға төрт түліктің есебін алу, оларға арнайы қондырғы орнату керектігін ескертеді.

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары