Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
ГРАНТТАР БАР, ЖҰМЫСТАР ҚАЙДА?
16.08.2018 12:05

Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды құрайды. Жұмыссыздар қатарында кеше ғана магистратура, бакалавриатты тамамдаған жастар қаншама?!

Көбісінен болашақ жұмыс істейтін орын­дарынан анықтама қағазын сұратып, «біздің ЖОО-нан «пәленшесі жұмыспен қамтылды» деген жалған мәліметпен қарулануға әкелетін осы көзжаулық әдет қалмай келеді. Бұл тұтас жастардың жұмыспен қамтылған статистиканы көрсетпейді. Сәйкесінше, осы әрекет арқылы жалпы әлеуметтік һәм мемлекеттік болжау, тәуекелділіктерді анықтау саясатында теріс ықпалын тигізетінін бірі түсін­се, бірі түсінбейді. Сондықтан, бүгінгі таңдағы жұмыссыз жүрген жастардың саны әлі толық нақтыланбаған деген тұжырыммен тоқталайық. Ендігі мәселе, әлгі қосымша жиырма мыңдық болашақ маман­дарды  төрт жылдан кейін қайтпекпіз? Төрт жылда инфрақұрылым, жұмыс беруші мектеп, өндірістік ошақтар, мекемелер дайын бола ма? Бұл мәселе – енді тұтас үкіметтік министрліктердің басы ауыратын  дүниелері. Осы жерде мә­селені тек білім саласына итере­ салу – ақымақтық. Жұмыспен қамту, спорт, мәдениет, ұлттық экономика, қорғаныс, азаматтық қоғамды дамыту министр­ліктері осы тұрғыда нақты жұмыс топтарын құрып, жастарымызды қандай тиімді жолмен жұмыспен қамти аламыз деген күнделікті күн тәртібінде қарай беретін негізгі мәселе болуы­  шарт. Өйтпеген жағдайда, мынадай қымбатшылығы асқынған нарықтық заманда, жұмыс орындарының ашылуы емес жабылуы көбейіп келе жатқан шақта, ертеңгі маргиналдан­ған, жұмыссыз, қылмысқа баруға бейім, әлеуметтік текетіреске жақын жастардың армиясына душар боламыз. Немесе, бес жылдың көрсеткіші әрең отыз мыңға толған шетел асқан жастардың  биылғы жар­ты­жылдықтың  өзінде  ғана  отыз мыңнан асып түскен көрсет­кіш­тердің зорын­а тап болатын жағ­дай­ тууы әбден мүмкін.

Сол себепті, нақты жастардың, жас мамандардың, педагогтердің, ғалымдардың бірыңғай жұмыспен қамту орталығы жасақт­алуы керек. Қай ауданда, қай қалада, қай облыста мынадай мамандықтың орны бар, оған онлайн жүйесінде құжат­тарын тапсырып, бірден жем­қорлықсыз үкіметтік тізіммен барып жұмысқа орналасып кететін­дей жүйесі орнауы тиіс. Бұл – ұсыныс.

Екінші мәселе, ЖОО-ның әрбір өз мекемелерінде жұмыспен қамту департаменттері немес­е орталықтары ашылуы тиіс. Ол орталықтар нақты өз маман­дықтарына сәйкес жұмыс берушілерге шығып, мәміле немесе­ меморандумдарға отырып, жыл сайын жаңа кадрлармен қамтамасыз ететін меха­низмдерді орнықтыруы қа­жет. Сол кезде ғана, жалған анықтама сұратпай, ЖОО нақты өз студенттеріне жұ­мыспен қамти алатын жауапкершіліктерді мойындарына алатын болады. Статистикада белгілі бір жүйеге түседі.

Үшіншіден, жақында ғана Францияда бүкіл ел бойынша мектептерінде ұялы телфондарын  қолдануға тыйым салды. Мамандар мен ғалымдардың, физиолог-педагогтердің қаты­суымен келген шешім осылай бекітілді. Меніңше, бұл – керемет бастама. Бізде барлық мектеп тұрмақ, барлық ЖОО-да әлеу­меттік  желіге  кіруді шек­тейті­н ортақ жү­йесін енгізу  керек. Мектептерде  ұялы теле­фон­ды қолдануға мүл­дем тыйым салу керек деп есептеймін. Ұялы теле­фон­дардың  ұрпақ  тәрбиесі мен білім алу процесіне кері әсер ететіні  бесенед­ен  белгілі жағдай  бол­ғандықтан, не үшін тыю керек­ екендігін  дәлелдеп  жатпайық.

Төртіншіден, Елбасының өзі былтырғы бастамаларынан бастап­, педагогикалық мамандықтарды күшейтуге, жалпы балағ­а білімді беретін мұғалімдердің  сапасын  арттырып, мәр­тебесін көтеруді көптен сөзге тиек етіп келеді. Осы мәселеге ұсына кетерім, мұғалімдікке бараты­н талапкерлердің шәкір­тақысын 20 пайызға жоғары­латып, оқу ақысын 30 пайызға төмендетіп, жатақханасын 50 па­йызға арзандату қажет. Және әрбір ЖОО өзінен түлеп ұшатын жас мұғалімді жұмыспен қамтуға септігін тигізіп, Түркияның тәжірибесі көрсеткендей, жас ұстаздың еңбекақысын про­фессордан да жоғары алатындай деңгейге көтермелеу керек деп есептеймін.

Сана-сезімді тән басқарады. Рухани білімді беретін маман­ның қарны тоймай, көңі­лі  көншімей, өз кәсібіне толық берілмей, рухани маманданған ішкі әлеміне селқос қарайды. Дана Абай ондай адамдарды «жарты адам» деген. Ендеше, ондай мұғалімнен қандай шәкірт озып шығады? Мұға­лімнің мәртебесін көтеретін сәт­ туды. Бұл бағытта мемлекеттік бастамалар жоқ емес. Осыны тек жүйелі әрекеттерге сала білу ғана қалып тұр. Елі­міздің жастарын біліммен, жұмыспен қамтитын, ғылымға бойлайтын, өндірістер мен кәсіптерін құрай алатын рефор­малар керек. Бірақ аймақт­ар, министрліктер, ЖОО, мектептер  болып  бірігіп атсалысатын кешенді қаре­кеттер болмаса, бәрі бос сөз, жалған  статистика  болып  қала береді.

Жастар үшін, ел үшін бір жағад­ан бас, бір жеңнен қол шығаратын  кез  жетті.

Мақсат  ЖАҚАУ,

аймақтану  магистрі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары