Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ЕСІРТКІ САУДАСЫ БОЙЫНША 50 АДАМҒА АЙЫПТАУ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
19.01.2012 09:59

Өткен жылы Қызылорда облысының қазылары заңсы­з есiрткi айналымы бойынша 39 қылмыстық iсті қарап, 50 адамға айыптау үкімдерін шығарды. Ал  5 адам жөніндегі 5 іс қыл­мыстық жазаның ізгіленді­рілуіне орай қысқартылған. Сауда айналымынан негізі­нен героин, гашиш және марих­уна көптеп алынатын көрінеді.

Қызылорда қалалық сотын­ың 14.12.2011 жылғы үкімімен К.Ахбанбаев 251,3 гр гашишті тасымалдағаны және сақтағаны үшін Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-1-бөлігімен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айрыл­ды. Сот оны жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге тиіс деген үкім оқыды. Жалпы 4 адам осындай жазаға тартылған. Ал 23,46 гр кептірілген марих­уананы заңсыз алып өтпек болған А.Тілеуниязов Қазалы аудандық сотының 09.12.2011 жылғы үкімімен  7 жыл 6 ай мерзімге ерекше режимдегі түрмеге жабылды. Дүние-мүлкі қоса тәркіленген. Ірі мөлшердегі (2,25 гр) героинді айналымға қосқан М.Дәуренбеков Қызылорда қалалық сотының 27.01.2011 жылғы үкімімен Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-1-бөлігімен 6 жыл бойы абақтыда отыратын болды. Ол сияқты тағы 6 адам бас бостандығынан айрылса, 1 адамға Қылмыстық кодекстің 72-бабына сәйкес жазасын кейін өтеу мүмкіндігі берілді.

Бұдан бөлек, соттар өсіруге тыйым салынған құрамында есірткілік заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге байланысты 10 адамға қа­тысты 6 қылмыстық істі қарап, 7 адамды бостандықта өмір сүру құқығынан айыр­са, 3 адамға шартты жаза тағайындады. Апелляциялық тәртiп бойынша бұзылған үкім жоқ. Ал прокурордың наразылығы негі­зінде 1 адамға қатыс­ты үкім өз­гертілген. Шиелі аудандық соты­ның 13.07.2011 жыл­ғы үкімімен Ж.Әуелбеков Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі ретінд­е мүлкі тәркі­ленгенімен қоса 3 жыл бойы жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болды­. Апелляциялық саты сотының 23.08.2011 жылғы қаулысымен бірінші саты сотын­ың үкімі прокурордың апелляциялық наразылығы негізінде өзгертіліп, қосымша жаза пайдакүнемдік ниет­пен жасалған қылмыс үшін және кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін екен­дігі соттың назарынан тыс қалған. Жалпы, 14 адамға қатысты апелляциялық тәртіптегі осындай сот үкім­дері өзгертiлген жоқ. Ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмады.

Ермек  ҚҰТЫБАЕВ,

облыстық  прокуратураның

басқарма  аға  прокуроры

Қылмыстық кодекстiң 259-бабының 1-1-бөлігімен – 20 іс бойынша 28 адам, 259-бабының 2-бөлiгiмен – 4 iс бойынша 4 адам, 259-бабының 2-1-бөлігімен – 1 іс бойынша 1 адам, 259-бабының 3-бөлігімен – 3 іс бойынша 7 адам, 262-бабымен 6 іс бойынша 10 адам сотталған.

***

259-бабының 1-1-бөлігімен барлығы 28 адамға қатысты 20 қылмыстық iс қаралып, қорытындысымен айыптау үкімдері шығарылды. 17  iс бойынша 24 адамға бас бостандығынан айыру, 3 iс бойынша 4 адамға шартты жаза тағайындалған.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2012 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары