Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
РАЙКҮЛ – №1 ҚАҚПАШЫ
13.09.2018 12:01

1982 жылдың қаңтар айында ауылдағы №182 орта мектепке дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ол кезде мектебіміздің іргетасы қаланғанына 17 жыл болған еді. Сол жыл ішінде Басықара ауылының мектебінде спорт жұмыстары өте төменгі деңгейде көрініп жүрген болатын. Бұрынғы сегіз жылдық мектептің онжылдық болып ашылғанына бір жыл да толмаған. Ол кезде оқушылар саны 370-ке жететін. Өткен жылы 8-сыныпты бітірген оқушылардың білім ордасында оқып жатқан­ кезі. Қыздарға қолдобынан спорт үйірмесін аштым. Гандбол алаңын дайындадым. 5-9-сынып аралығында қыздардың спорт ойындарына деген ықыластары ерекше­ болды.

Соның ішінде туабітті спортқа бейім қыздар саламатты өмір салтын оқушылар арасында кеңінен насихаттауда үлгі бола білді. Соның бірі әрі бірегейі  9-сынып оқушысы Райкүл Ерғали­қызы еді. Оны бәріміз азан шақырып қойған атымен атамай, Рая дейтінбіз. Оның сыныбындағы қыздардың басым көпшілігі жарысқа қатысқанымен, бейімділіктері төмендеу еді. Мектепішілік жарыстардан соңғы орынды иемденетін. Бірақ, гандбол жарысына бірі қалмай қатысатын. Қыздарды Райкүл бастаған белсенді құрбылары жинайтын. Қақпаны қорғайтын Раяға өзге қақпашыларына қарағанда доп қарша борай­тын. Себебі алға шығып кеткен ойынш­ылар артқа қайта алмай қалатындықтан, қақпашыға көп еңбектенуге тура келеді. Қарсыластың ойыншылары алтылық сызықтың сыртынан соққан допты аяқ-қолын бірдей қимылдатып, қақпаға дарытпауға барынша күш салатын. Онымен қоса, шабуылдың әдістерінде жедел ұйымдастырып ұстаған добын шабуылшыларға уақытында жеткізетін. Көрермендер 9-сыныптың қақпашысы Рая Тобабергенованың әбжіл қимылына ризашылықтан қол соққанына талай куә болдым. Қолдобынан аудандық жарысқа да қатысып, жүлделі орын алуға өз үлесін қосты. Айнал­дырған екі жылдың ішінде гандболдан өткен аудандық жарыстарға үзбей қатысып, спорттық шеберлігімен замандас­тарына  үлгі-өнеге  көрсетті.

Ұрпақты тәрбиелеуге атсалысқан ұстаз ретінде айтарым көп. Өмірдің көркін айшы­қтап, тіршіліктің шырайына әр берген шәкіртім Рая Ерғалиқызы – өнегелі отбасы­ның ұйытқысы, отағасы Сейітжан Тағыбергенұлы екеуі Индира, Мөлдір есімді қыз тәрбиелеп, ұясына қондырды. Олардан Жанна, Мира, Рамазан атты немер­е  сүйіп, ата-әже атанып, бақытты күн кешуде. Мектеп өміріне өнегелі ісімен із қалдырған шәкіртім Райкүл Тобабергенованың отбасын өткен спортшылар күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілеймін!

Мұхтар  ЕРЖАНҰЛЫ,

ҚР  білім  беру  ісінің  үздігі, ардагер-ұстаз,

Қазалы  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары