Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
СЕНІМ мен СЕЗІМ
13.09.2018 12:45

Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

журналист

БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

«Еттің пісуіне әлі бірталай уақыт бар, жақын маңдағы базарғ­а барып келе қояйын, басқа да керек-жарақты ала келермі­н»  деп  ойлады.

Шашы  ұнамады, сосын ақ орамал  байлай  қойды.

Базарда кісі көп. Ұнға барған адам балаларына жылы шұлықтар таңдап кетті. Әйел деген сол ғой. Шай демдейтін шәйнек те ұнай қалды. «Жү­зім алсаңшы, қызым», - деп жылы сөйлеген әжейдің де көңілін  қимай, бір келі жүзім сатып алды.

Байқағаны – бұл кейуана ғана емес, базардағы өзіне жолыққа­н сатушының бәрі бұған жылы, абайлап (әсіресе, жастар жағы), өзгеше ілти­патпен қарағандай болып кө­рінді.

Әйел олардың өзіне емес, басын­дағы ақ орамалға құр­метпен қарағанын түсінді. Түсінді де, қайнаған базарда жүріп сол орамалға лайықты болуға­, дұрыс сөйлеуге, әдепті көрінуге  тырысты.

Адам тұрмақ, бір қиық орамал да әйелді тәрбиелей алады екен-ау!

Өзін жеңіл де әдемі сезініп, үйіне оралған әйел айнаға қарады.­  Айнадан ақ жаулықты Анасын  көрді...

 

ӘЙЕЛ   БАҚЫТЫ

ТҮСТЕ қос құлыныңды маңдайын­ан сүйіп, сәттілік тілеп, мектепке шығарып салып,

КЕШКЕ есіктен ене сала құшағыңа сағына ұмтылған екеуін­  бауырыңа ұза-а-ақ басып тұрып қарсы алу – неткен ғажап сезім!

ЕҢБЕК демалысындамын. Жұмысқа қосылған соң, екеуі мектепке өздері кетіп, өздері келеді ғой, ал  әзірге  басым  бақыттан  айнала  тұрсыншы!

Сізге де осындай бақыт пен сезім тілеймін!

 

ЮБКА  және  ҚЫЗ

«Қалқаман» (Алматы) мек­тебінде қызы оқитын қайын­сіңлім биыл сол қызына юбка қарап  жүргенде,

- Былтыр ғана алып едіңдер ғой? - дедім.

- Бұлар тез өседі екен, бойы сыриып барады (күлді), онысы қысқарып қалыпты. Ал бізде тізеден­ жоғары кигізбейді, - деді.

Риза болдым. Мектепке де, ата-анаға да.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды».

Бүгін мектеп формасы, орамал туралы біраз post оқыдым. Сонда есіме түскен оқиға ғой.

 

АЛАҚАН

Ұлым даладан қара терге малшы­нып,  шашының арасынан  суы моншақтап кіріп келді. Футбол­  ойнапты. Су  сұрады.

Аяғын, башпайларының арасын­а дейін салқын сумен жуып жатыр едім, «Ух, рақат-а-ай! Қолыңыз со-ондай жұмса-а-ақ!» деді  «Алтын асығым».

- Біздің маманың алақаны күшті-і ғой! - деп қостай кетті «Күміс  қасығым».

- Балам, менің ғана емес, барлық­  ананың  алақаны  жұмсақ болады, - дедім.

Баламызды  жұмыста  отырып сағынып, қарны ашып қалған жоқ па екен деп алаңдап  отырамыз.

 

Ал қамауда отырып сағыну, езілу деген...

Анасының сүйген ернінен баласын­ың  өн  бойына  жылылық тарап сала бергеніне шүбә­сізбін.

АНА мен БАЛА ажырамасын!

(Суретті С.Сауытбайдың соты  кезінде  Сәуле  Әбілдахан­қызы  түсірген).

 

ӘЙЕЛ

Кешкі сағат сегіз. Кезек­шіліктен  шықтым.

Таксидемін.

Оң жағымда отырған келіншек шырылдаған телефонын дере­у көтерді. Дауысы қаттырақ шығып кетті.

- Не дейсің енді маған?! Қанат байлап ұшайын ба?! Келе жатырм. Келе жатырм дейм. Қойш осы сондайыңды! Міне, міне, сенбесең, - деп қолындағы телефоны­н көліктің терезесінен сыртқа шығарды. - Естідің бе, машиналардың дауысын, жолда келе жатырмын!

Ал, керек болса, келе жат­қан көлігіміз тоқтады да қал­ды. Шопыр түсіп кетті. Әлгі әйелге жалт қараппын ғой, енді бұл байғұс келіншек қайт­пек дегендей. Шарасыз әйел:

- Соқыр атқа қотыр ат деуші ме ед, қалай ед өзі?! Енді қайт­тім?! - деді де басқа такси ұста­йын деп орта жолда түсіп қалды.

Әйел болу оңай емес. Әсі­ресе, қызғаншақ күйеуге...

Біздің үйдегі кісі звондады.

- Жақындаған кезіңде айта сал, алдыңнан өзім шығармын, иә болмаса балаларды жіберер­мін, - деп.

Тәубе, шүкір өміріме!

 

ҚЫЗЫМ  –  ҮЙДЕ, ҚЫЛЫҒЫ  –  ТҮЗДЕ...

Ұзату  тойы.

Ұзатылып жатқан қыз  19-да.  Әп-әдемі. Қос жанары мөлдіреп  тұр. Көптен именіп, көзін төмен сала беретіні ұнады.

Қамзолының  белін қынай қапсырған  тұсы  сәл  көтеріліп тұр екен, жүрегім  ауырып кетті. Аяғы  ауыр  екен...

Баяғыда, ауылға келетін үнді фильміне бара жатқанымызда шешелеріміз «жігіттің қасына отырма, отырма» дегенді шегелеп айта беретін. Шеше бізге тек дұрыс нәрсе ғана айтады деген оймен, шыны­мен де, ешбірінің, өзіңе көңілін білдіріп жүрген бозбаланың да жанына отырмаған күйі  үйге  қайтатынбыз.

Сонда, өз басым, «анамның осыншалықты қайта-қайта  айта  беретініне  қарағанда, жігіттің қасына отыр­ған қыз екіқабат болып қалатын шығар-ау» деп ойлаушы едім.

Ал бүгінгі таңда жүкті болып­ тұрмысқа шығатын үлбіреген қаракөздер неге көбейіп кетті?...

Алматы  қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары