Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 335 |
![]() | Кеше | 2056 |
![]() | Осы аптада | 7037 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 42527 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3579547 |
СЕНІМСІЗДІК БАСШЫҒА ЖАРАСПАЙДЫ |
13.09.2018 14:18 |
Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көшелердің бірі Желтоқсан көшесі неліктен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфальт қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол біртіндеп «отыра» береді екен. Ал қалыпқа келтіру жұмыстарын мердігер мекеме келісілген кепілхат арқылы жөндейді. Бұл жұмыстарды мердігерлер өз қаржысы есебінен жүргізеді. Мұның ақ-қарасын қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы тәптіштеп тұрып түсіндіріп берді. Қала әкімдігінде өткен аппарат отырысында екі мәселе қаралды. Алдымен жол жөндеу жұмыстары барысы туралы баяндама жасаған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Каюпов өзіне тым сенімсіз көрінді. Баяндамасын әрең оқыған жас шенеунік ақыры Нұрлыбек Нәлібаевтан: – Азамат Биғалиұлы, өзіңізге сенімсіз сияқтысыз ғой. Баяндамаңызды зорға оқып шықтыңыз. Жас емессіз бе? Сіздің бөлімге артылған үміт көп. Бұлай жай қимылдауға болмайды, - деген ескерту естіді. Жыл басынан бері республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден аталмыш бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға барлығы 2 159,8 млн теңге қаржы қаралған. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында барлығы 956,3 млн теңге бөлінсе, қалалық бюджеттен бөлінген 393,8 млн теңгеге бірқатар көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүрген. Бұған бөлінген 76,5 млн теңгеге 14 500 шаршы метрді құрайтын 51 көшенің асфальт қабаттарының бұзылған жерлері қайта қалпына келтірілген. – Қала орталығындағы ұзындығы 1,3 шақырым болатын Тоқмағанбетов көшесін Қазыбек би көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін орташа жөндеуге – 174,5 млн теңге, ұзындығы 2,17 шақырымды құрайтын Байтұрсынов көшесін Абай даңғылынан Тоқмағанбетов көшесіне дейін орташа жөндеуге – 231,8 млн теңге, және ұзындығы 3,89 шақырым болатын Жаппасбай батыр көшесінен Қорқыт ата көшесіндегі көпірге дейін орташа жөндеуге 183,6 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Жаппасбай батыр және Байтұрсынов көшелері бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, ал Тоқмағанбетов көшесінің асфальт қабаты толығымен төселіп, жарық бағаналарына мердігер мекеме тарапынан тапсырыс берілді,- деді Азамат Биғалиұлы. Сондай-ақ, шаһар басшысы жылу мен су желілерін қайта жаңғыртудан өткізу кезінде біраз қиындықтардың орын алғандығын айтты. Мердігерлер барынша асфальт қабатын бұзбауға тырысқанын жеткізді. Дегенмен, тиісті бөлім басшыларына мердігерлерге тапсырылған жұмысты орындаған соң бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру керектігін еске салды. Және қаладағы жол белгілерін жаңартуды тапсырды. Жаңадан құрылған қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысы да жыл басынан бері атқарылған шаруалар барысына тоқталды. – Бүгінгі күнге бөлімге 239 өтінім түсіп, барлығы 239 ашық конкурс 19 млрд 964,6 млн теңгеге жарияланды. Оның ішінде 30 ашық конкурс өтпеді деп танылып, қайтадан жарияланды. Сонымен қатар өтпеді деп танылған мемлекеттік сатып алулар бойынша бiр көзден сатып алуға 37 шақыру жіберілді. Жалпы, бүгінгі күнге жарияланған ашық конкурстан 163 конкурс (69,96%) бойынша қорытындысы шықты, 22 конкурс (9,4%) бойынша құжаттар қаралуда, 48 конкурс (20,2%) бойынша өтінімдер қабылдануда,- деді бөлім басшысы Әлсейіт Иманқұлов. Әлсейіт Аманжолұлының айтуыша, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруда ауылдық округтегі мамандар біліксіз екен. Сондықтан осымен айналысатын мамандарды арнайы оқытуды ұсынды. Аппарат отырысында шаһар басшысы қалада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан инфрақұрылым желілерін 15 қыркүйекке дейін бітіруді тапсырды. Жиында бірқатар ауыс-түйістер де орын алды. Бұған дейін Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген Елмұрат Рахматуллаев қала әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалса, оның орнына «Қазалы-Теміржолжылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Әліпбайұлы сайланды. Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ |