Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
ҮЗДІК ҮЛГІ
13.09.2018 14:29

Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

 

БАЛАБАҚШАҒА  –  БАЙЫПТЫ   БАҒА

Өткен  аптада  аталмыш Жолдауды бетке  ұстап, байыпты бастаманың Сыр өңіріндегі жұмысын бағдарлауға Елордадан бір топ сенаторлар келді. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің өкілдері Бірғаным Әйтімова, Серік Бектұрғанов, Мұрат Бақтиярұлы, Сергей Ершов, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Нариман Төреғалиевтер ұшақтан түскен бойда облыс орталығындағы балабақшаларға бұрылды. Мәртебелі меймандар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған білім беру ұйымдарының ішінен алдымен №2 «Нұр-Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесімен танысты. Сәулеті мен сәні келісті ғимаратта балаларға барлық жағдай жасалған. 320 балаға арнап жабдықталған мекемеде ойын және спорт алаңдары да бар. Сабақ үш тілде өтеді. Аймаққа аты белгілі меценат, «Нұрай» құрылыс компаниясының директоры Сейітқали Алшынбаев – балабақшаның құрылтайшысы. Оның сөзінше, ғимаратты «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік инновациялық бағдарламасы ая­сында­ «Альянс Банк» АҚ банкінен 200 миллион теңге несие рәсімдеп, өзінің  қалтасынан  265 миллион тең­ге­ қаражат  қосып, барлығы 465 мил­лион  теңгеге  салған.

– Бүгінде  балабақшада 80-нен аса қызметкер жұмыс атқарса, оның тең жартысы – педагогтер. Үш тілде білім беретін  мекеме  интерактивтік  құрал-жабдықтармен  жабдықталған, - деді балабақша меңгерушісі Бибіайша Төлегенова.

Нысанды аралау кезінде сенатор Бірғаным Әйтімова балабақша құрылтайшысы С.Алшынбаевтан «депутаттар тарапынан қандай көмек қажет? Немесе ұсынысыңыз бар ма?» деп сұрады. Құрылтайшының ай­туынша, балабақшада барлығы жеткілікті, жақсы. Айта кетейік, «Білім меценаты» алтын медалі мен «Алтын жүректің» иегері Сейітқали Бегманұлы – мұнан өзге 360 орындық­  №1 «Шұғыла», 180 орындық №3 «Алтын­ Орда Шұғыла», Досан ауылындағы 100 балаға арналған мектепті­ң  құрылтайшысы.

Бірғаным Әйтімова бастаған депутаттар тобы ары қарай «Сыр Балажаны» балабақшасын аралады. Қаладағы Мұстафа Шоқай көшесінде орна­ласқан балалар мекені 100 балаға арналған. Екіқабатты ғимараттың ауласындағы ойын, спорт алаңдары балғындардың игілігіне жарап тұр. Басқарушысы Наталья Мишукованың айтуынша, мұнда 27 қызметкер жұмыс істесе, оның 14-і – педагог маманд­ар. Барлығы  балалардың тілін таба білетін, өз ісін жетік меңгерген майталмандар дейді ол. Мекеменің құрылтайшысы – Бақыт  Әбубәкірова. Ол «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ АҚ бағдарламасы шеңберінде бірігіп ашқан нысанның жалпы сметалық құны 97 миллион теңге тұрады. Үш тілде білім мен тәрбие берілетін бұл мекемеде сабақтар ұдайы орыс тілінде жүргізіледі. Оқу проце­сі барысында ата-аналар өз қаражатынан алып берген ноутбуктар пайдаланылады. Осылайша балалар жаңа заманның жетіс­тік­терімен ерте баста­н таныстырылмақ.

- Парламент регламентіне сәй­кес, депутаттар жылына кем дегенде 2-3 өңірді аралауы тиіс. Біз былтыр осында, Қы­зылорда облысына келіп, осы жақтағы тәжірибені үйренуді жоспарлағанбыз. Қазір 7 сенатор Қызыл­орда облысына арнайы жұмыс сапарымен келдік. Жаңа «Нұр-Шұғыла» балабақшасында болдық. Біздің депута­ттардың алған әсері өте жақсы. Өйткені мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік негізінде кәсіпкер азаматтарымыз балабақшаны барлық талаптарға сәйкес жасаған. Материалдық-техникалық базаларының бәрі дұрыс. Балаларға берілетін бүкіл тәрбие, оқу жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатқанының куәсі болдық, - деп пікірін  білдірді ҚР Парламент Сена­тының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Депутаттар Серік Бектұрғанов, Сергей Ершов, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Нариман Төреғалиев «Сыр еркесі», «Бегім ана», «Жеті қазына» балабақшаларына арнайы ат басын бұрды.

 

ТӘЖІРИБЕМІЗ   ТАЛҚЫҒА  ТҮСТІ

Мұнан соң елордалық қонақтар облыс әкімдігінде ҚР Парламенті Сенат­ының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің көшпелі отырысына қатысты. Алғаш­қы болып сөз алған комитет төрайымы Бірғаным Әйтімова Қызылорда облысының мемлекеттік бағдарламалар аясында жүйелі жұмыс істеп келе жатқандығын, Сыр өңірінің даму динамик­асын тілге тиек етті. Бұған дейін балабақшалардың тыныс-тір­шілігімен танысқан сенатор ол туралы жоғары пікірін білдірді.

- Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған бірқатар балабақшалардың, нысандардың жұмысымен таныстық. Әріптестері­мізбен бірге Қызыл­орда облысындағы бұл тәжірибені үз­дік үлгі ретінде республика бойынша енгізу керек деп ойлаймыз, - деді өз сөзінде Бірғаным Әйтімова.

Біздің  өңірде 396-ға жуық жекемен­шік балабақша жұмыс істейді. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жалпы санын­ың 75 пайызын құрайды.

Қызылорда облысының әлеумет­тік-экономикалық даму барысы туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев айтты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқа­н жұмыстар жүйесіне арнайы тоқталды.

- Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік  аясында өңірде 75 жоба жүзеге асырылуда. Басым бөлігі денсаулық сақтау саласы бо­йынша,  яғни 75 жобаның 29-ы немесе­ 39 пайызы осы салаға тиесілі. Сондай­-ақ, спорт, білім беру, цифрландыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бо­йынша жобалар да іске асуда, - деді облыс  әкімі  Қырымбек Елеуұлы.

Қызылорда облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойын­ша еліміздегі бес үздік аймақтың бірі болып табылады және жүзеге асыры­латын жобалар экономиканың барлық салаларын қамтиды. Мысалы,  денсаулық сақтау саласын­да­ 29 жоба,  дене шынықтыру және спорт саласында 12 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сала­сында 10 жоба, білім беру саласында 8 жоба, цифрландыру саласында 7 жоба, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары саласында 5 жоба, мәдениет, әлеуметтік қамсыздан­дыру, қоғамдық тәртіп және экология­ салаларында 1 жобадан жүзеге асуда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ай­мақ­та 18 МЖӘ келісімшарты жасалған. Оның ішінде 10 медициналық диспансер құрылысы, 4 спорттық-сауық­тыру кешенін жалға беру және қызмет көрсету, Қызылорда қала­сындағы бір ауысымда 400 келушіге қызмет көрсете алатын  емхана ашу, Жалағаш ауданы Таң ауылдық окру­гінде балабақша салу, Қызылорда қаласындағы №101 орта мектепте арнай­ы әлеуметтік қызметтер көр­сетуге кішігірім үй салу және қазандығын жаңғырту (газ жылыту жүйе­сіне  көшіру) жұмыстары жүргізіледі.

Алқалы басқосуда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комите­тінің төрағасы Н.Оршубеков, Қызыл­орда облысы әкімінің орынбасары Е.Ким, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Т.Матаев, №2 «Нұр-Шұғыла» жекеменшік балабақшасының бастығы Б.Төлегенова  баяндама  жасады.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ректоры Қ.Бисенов 20 мың оқу грантын  сұранысқа байланысты көбейту туралы ұсыныс берді. Жиын соңында­ ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова ұсынымдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін, әзірге жоба ретінде қабылдайтынын  айтты.

 

САЛАҒА   ҚОЛДАУ  ЗОР

Сенаторлар сапары ары қарай мемлек­еттік-жекеменшік әріптестік негізінде ашылған И.Тайманов көше­сіндегі емханада жалғасты. Қонақтарды күтіп алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназа­рова сала бойынша аймақ жетістіктерін сөз етті. Сондай-ақ, 400 орындық клини­каның жұмысын таныстырды. Бүгінде заманауи  медициналық құрылғылармен жабдық­талған емхананы таңдайтындар қатары көбейген. Бұл ақхалаттылар тарапынан сапалы қызмет көрсетіліп жатқанының белгісі деп түйдік. Қазіргі таңда мұнда 46 мың тұрғын ем-домын алып тұрады. Клиникада балалар мен ересектер бөлімі, функционалды диагностикалық бөлім, зертхана, 10 төсектік күндізгі стацио­нар және қосалқы бөлмелері бар. Емхана «Alexey Sultan Akhmed» ЖШС жеке инвестор және кепілдендірілген тегін медицинал­ық көмекке тапсырыс негі­зінде салынған. Бюджет қаража­тынан.

Қаржы дегеннен шығады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова облыс бюджетінен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың өскенін алға тартты. Бұл өз кезегінде медициналық мекемелерде мате­риалдық-техникалық жағдайдың жақсаруына да әсерін тигізбек. Ел президенті ұсынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласында атқарылар жұмыс ауқымы артқан. Ал 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемле­кеттік  бағдарламасы  бойынша­ да жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып жатқанын да атап өтті ол. Бағдарламаның негізгі индикаторлық  көрсет­кіші – адамдардың өмір сүру ұзақтығы екенін ескерсек, Қызылордада соңғы 3 жылда өмір сүру жасы 71,06-ға дейін жоға­рылаған.

 

ОҚУ   ОРЫНДАРЫМЕН

ТАНЫСТЫ

Мұнан  ары мәртебелі меймандар Қазақ гуманитарлық-заң және техни­калық колледжіне ат басын бұрды. Негізі­нен техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқ­ан  оқу  орнын  аралаған депутаттар одан кейін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ға барды. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларының ҚР БҒМ Ғылым комитет­інің  гранттық  қаржыландыруы аясында орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларымен және жас ғалымдардың жетістіктерін көрді. Қ.Бисенов басшылық ететін іргелі оқу орны бүгінде 9 ғылыми жобаға жан бітіру жолында жұмыс істеуде. Ғылым мен техниканың түрлі салаларын қамтитын жобалар сенато­рлар көңілінен шыққан сыңайлы. Көрме жұмыстарын саралап, оқу орнының жетістіктеріне куә болған қонақтар оқу ордасының жұмысына жоғар­ы  баға  берді.

Нысандарды аралау жұмысы мұнымен тоқтаған жоқ. Қала орталығында орналасқан «Тарлан» фитнес орталы­ғының  жұмысын  көрді.

 

АЖАРЛЫ   АУЫЛ

Қызылорда облысына қатысты осы тіркес айтыла қалған тұста көбіміздің ойымызға бірден Н.Ілиясов ауылы оралары­ сөзсіз. Сыр өңіріне жұмыс сапарым­ен келген сенаторлар да ажар­лы­  ауылды айналып өтпеді. Кешқұрым Нағи  Ілиясов ауылындағы нысандармен танысып, ары қарай егін басына барды. Қамбаға құйылған астықты да көріп, естелікке суретке түскен қонақтар ауылға деген таңданысын жасыра алмады.­ «Қазақстанның барлық ауылы осындай­ болса, еліміз көркейе түсер еді» десті олар.

Сенбі күні сенат депутаттары «Қорқыт ата» кешеніне барып, ұлы тұлға туралы­ тарихи деректерге қанықты. Ары қарай «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына аялдап, ондағы білім беру жүйесі мен ғимараттың материалдық жағдайын көрді. Мұнан кейін Байқоңыр қаласына жол жүріп, ондағы қалалық мәдениет үйінен аспан әлемінің сырына үңілді. Жер кіндігінің «қасиетіне» назар аударды. Депутаттар ғарышкерлердің ұшу сәті бейнеленген бейнероликті көріп, көңілге  түйді.

Осылайша екі күннің ішінде бірталай нысандарды аралап, бағамдаған халық қалаулылары Сыр өңірінің даму динамикасына жоғары баға берді. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тындырылған істерді еліміздің өзге өңірлеріне үлгі ретінде ұсынатын болып шешімге келді.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА,

Н.Нұржаубай  (сурет)

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары