Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
СОТТЫ БОЛСА ДА, ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАПТЫ
13.09.2018 15:03

Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мінің лауазымды тұлғалары осындай олқылықтарға жол беріпті. Бұл туралы өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті салалық басқармаларының басшылары  айтты.

Жалпы, БАҚ өкілдерімен ұдайы байланыста болып, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында журналистерге жиі брифинг беретін департаменттің бұл жолғы жұмысының жаңалығы – «Жасырын сатып алушы» тәсілі. Департамент  осы тәсілмен қоғамдық бақылау  жобасы  аясында  ағымдағы жылдың­ 8 айында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, қорғаныс, кеден ісі, әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша барлығ­ы  50 мекемеге инспекциялау мен бақылау  жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан  41 кемшілік анық­талған. Ал кемшіліктердің  басым бөлігі қорғаныс істері,  денсаулық  сақтау және білім беру салаларына тиесілі болып шықты. Осыға­н орай 9 адам жауапкершілікке  тартылған.

Білетін боларсыздар, білім ұясын алғаш аттаған балалардың ата-аналарынан бұрын­дары баланың туу туралы куәлігі, 3*4 суреті, денсаулық паспортымен қоса мекенжай  анықтамасын, арнайы көк түсті файл, ата-ананың жұмыс орнынан анықтама сұрататын еді. Бүгінде бұл құ­жаттардың қатары азай­ған. Тек ғана туу туралы куәлік, денсаулық паспорты мен 3*4 суреті болса болды, балаңыз мектеп­ке қабылданады. Алайда департаменттің «Жасырын сатып алушы» тәсілімен жүргізілген іс-шарасы барысында оқушыларды мектепке қабылдау кезінде  стандартта  көзделмеген  құжаттар  сұратылғаны  белгілі  болған.

– Нәтижесінде, қалалық білім бөлімі басшысының атына тиісті ұсыныстар енгізіліп, қалалық №253 қазақ орта мектеб­інің директорына «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Анықталғандай, мектеп басшылығы балалар­дан 086/е форматындағы құжат сұратыпты. Ал бұл мүлдем қажет емес әрі ақылы сатылатындықтан, ата-аналардың қалтасына салмақ түсіреді,- дейді департаменттің мемлекеттік қызмет­тер басқармасының басшысы Ғалымжан  Ілкібаев.

Сонымен  қатар ағымдағы жылдың 8 айында департаментпен барлығы 2920 іс-шара өткізілген. Бұл 2017 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3 есеге  көп. Өткен жылғы  көрсеткіш 987  болатын. Алайда сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру мақсатында атқарылған жұ­мыстар қаншалықты көп болғанымен, нәтиже мардымды болмай тұр. Бұлай айтуымызға  себеп, ағымдағы  жылдың 6 айында облыс көлемінде сыбайлас жемқо­рлық сипатындағы құқықбұзушылықтар былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда 21,3 пайызға өсіпті. Мысал­ы, 2017 жылдың І жартыжылдығында 75 болса, биылғы жылдың есепті мерзімінде 91-ге жеткен. Десе де, департаменттің сыбайлас жемқорлық про­фи­лактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов бұл жағдайды басқаша түсіндірді.

– Өсу динамикасының байқалғандығы, өткен жылы тергеуге алынған күдіктілердің биыл сотты болуымен байланысты. Өздеріңіз білесіздер, қылмыстық істер ұзақ уақыт тергеледі,- деді Бағдат  Оразбекұлы.

Сондай-ақ, департамент 8 айда «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің баптары бойынша 30 әкім­шілік іс қозғап, мемлекет пайдасына  1 852 882 теңге өндірген. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер аталмыш кодекс­тің 274-бабының 1-бөлігін жиі бұзады екен. Бұл бап мелекеттік лауазымды атқар­атын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, аталған адамдардың жұбайының салық салу объектілері болып табыла­тын табыстары мен мүлкі туралы­ декларацияларды және мәліметтерді ұсынуға байланысты. Алайда көбі ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде қасақана ұсынбай немесе  енді  біреулері ұдайы түсіп тұратын табыс­тарын  толық  көрсетпей  жататын  көрінеді.

Жыл сайын мектеп біті­ретін түлектердің оқу орындарына түсер сәтінде айты­латын «грантты сатып алдық» деген әңгімеге бұл жолы департамент те бейжай қарамапты. Биылғы оқу жылына мемлекеттік тапсырыс ая­сында 29 колледжге бөлінген 3108 білім грантын заңсыз иелену, заңсыз қабылдау әрі емтихан қабылдауда артықшылықтар көрсетуді болдырмау мақсатында комиссия мүшелерінің қатарына об­лыстық, қалалық және аудандық арнайы мониторингтік топ өкілдерін қосқан. Ал олар талапкерлерді оқуға қабылдау процесін толық бақыла­п отырған. Айта кете­йік, департамент басшысы А.Мұхимов осыған дейінгі брифингтерінде, тіпті БАҚ өкілдерінің де бұл мүшелікке­ ене алатынын, ұсыныстар болса қарастыруға дайын екенін жеткізген еді.

Ал сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар, әсіресе, Қызылорда қаласы, Арал және Шиелі аудандарында жиілеген. Мұны ескерген департамент өкілдері Әдеп кеңесінің кезекті көшпелі отырыстарын аталмыш аудандарда өткізген болатын. Айта кетейік, әзір­ше жемқорлық мемлекеттік сатып алу, қорғаныс істері, жұмыспен қамту және ішкі істер салаларында азаймай тұр. Алайда өткізілген 9 Әдеп кеңесінің бірінде де үнемі бірінші орынды бермейтін мемлекеттік сатып алу саласы­ мамандарының тәртіптік істері қаралмағаны ойлан­тады.

Жансая   ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары