Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
GGG ЖАЙЛЫ 7 ПІКІР
20.09.2018 10:26

Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

- Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйлаймын, басқа айтарым жоқ.

 

Бернард Хопкинс, орта салмақта әлемнің бұрынғы абсолют  чемпионы:

- Альварес өзінің басымдығын білгендіктен ринг ортасында болды. Ол қарсыласынан жылдамырақ қозғалды, жылдам ойлады. Мәселе жас айырмашылығында емес, ол да әсер етті, дегенмен шешуші фактор жылдамдық болды. Саульге орнында тұру керек болғанда, ол нық тұрды, шыдады. Бірнеше соққы өткізді және оны көтере алатынын көрсетті. Головкин де мұны түсінді. Залда барлығы Головкиннің шаршағанын көрді деп ойлаймын.

Майк Тайсон, ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы:

- “Канело” жеңді. Керемет жекпе-жек болды. Мен “Канелоның” жанкүйерімін. Головкин өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Жәнібек Әлімханұлы, қазақстандық кәсіпқой боксшы:­

- Бұйыртса, белбеулерді қайтарып аламыз!  2019  жылы  менің  промоутерім “Канелоның” промоутерімен келіседі деп сенемін. Асыға күтемін! Мексикалықтарға қазақтың бокс стилін көрсетеміз!

Владимир  Гендлин, бокс маманы және коммен­татор:

- Головкиннің шегінгеніне таңғалдым. Шынын айтсам, көңілім түсіп кетті. Осыдан кейін оның бұрышындағы адамдар Головкиннің не істеп жатқанынан мүлде түсінбейтініне көзім жетті. Қатты айтқым келмейді, бірақ, шынымен түсініксіз. Головкиннің қартайғаны көрініп тұр. Боксшы жасымен емес, өткізген жекпе-жектерімен қартаяды. Головкин айтарлықтай жеңіл жұдырықтасып жүрді. Соншалықты тәжірибесінің арқасында бапкерінің айтқанына қарсылығы болар дедім. Олардың жоспары “Канелодан”артық соққы жасау болған сияқты. Неге ол шегінді, неге джеб ғана ұрды? Түсініксіз.

Оскар  Де Ла Хойя, Альварестің  промоутері:

- Головкиннің командасы үшінші жекпе-жекті қалайтыны анық, бірақ шындыққа тура қарау керек, боксшылар үлкен жекпе-жектен кейін шаршады және оларды дәл қазір қайта кездестіру – ақымақтық. Головкин қалпына келіп, бірнеше жеңіске жету қажет, сосын мұны қайталауға болады. “Канело” агрессор болған ұлы шайқас. Бұл Головкиннің қашқанын білдіре ме? “Канело” денеден соққы жасады. Головкинге мұның ұнамайтынын білгенмін. Жекпе-жекті боксшылар тамаша өткізді. Ол бұл шоуды жапты. Боксқа осындай серпін қажет болды.

Том  Леффлер, Головкиннің  промоутері:

- Үшінші жекпе-жек туралы және ары қарай не істейтінімізді ойланамыз. Головкинде бәрі дұрыс. Әрине, жекпе-жек тең аяқталса немесе төрешілер жеңісті оған берсе, көңіл күйі жақсырақ болар еді, алайда онда бәрі қалыпты. Ол жеңілді деп есептесек немесе ол қатты жарақат алса, жағдай басқаша болатын еді. Бірақ командаң сені жеңімпаз деп есептесе, мұның еш ұяттығы жоқ. Геннадий еңсесін тік ұстауда және команда оны мақтан етеді.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары