Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ӨМІР ШЫРҒАЛАҢЫ
20.09.2018 10:31

Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде, тіпті, мұңайып қалатын-ды. Қызыға да, қызғана да қараушы еді. Алайда жазмыштан озмыш жоқ демекші, тағдырдың жазуына көнбеске шара бар ма?

«Қызым» деп әлпештеп өсірген әжесіне бауыр басып, ендігі жерде сол кісіні «ана» деді. Әжесі де өзге немерелері қарағанда Аяулымды ерекше жақын тартатын. Соған деп бар жақсысын берді, киіндірді, ешкімнен кем қылмады. Бар білгенін үйретіп өсірді. Жасы жетпістен асқан қария аяғы сырқырап, буын­ы сыздаса, қызына білдір­меуге тырысатын. Уақыт өте, мектеп бітіргенде, құрбыларынан қалмасын деп жоғарғы оқу орнына өзі қалаған мамандығы бойынша түсірді. Зейнетақысын да Аяулымның оқуы деп үнемдеп отыратын. Әкесі де аянып қалмағандай болды. Алайда алғашқы­ жылдары жарының жоқтығына жаны қиналғанымен, қазір оң босағада отырып қалған бір келіншекпен танысып жүр. Бәрі жақсы боп кетсе, үйленбек те ойы бар. Отау тігіп, ұрпақ сүйгісі келеді. Әзірше артын­да қалған  жалғыз қызы ғана бар. Енді бір қамшыұстар  болса  деп армандап қояды. Сон­дықтан да болар анасы да бұл жүрісіне артық әңгіме айтпайтын. Бар ойын немересі, яғни Аяулымға  арнап, аналық  махаббатын  сыйлаумен  болды.

Аяулым  қазір  студент. Нағыз­ жастық шақтың керемет уақы­тын  өткеріп жүр. Артық уайымы жоқ. Сабағы да бірқалыпты. Бір күні жан құрбысы Сұлушаштың туған күнінде өзінен бес жас үлкен Әсет есімді жігітпен та­ныс­ты. Сол-ақ екен, жігіттің бұл сұлуға көзі түсіп, қайтарда шыға­рып салды. Тіпті, ертеңіне университетіне келіп, көлігімен қалада қыдыртты. Өмірінде мұн­дайды көрмеген Аяулымның махабб­аттан басы айналып, шек­сіз ба­қытты  еді. Балалық ма­хаб­бат па, әлде шынайы ұнатты ма екен, әйтеуір Аяулымның өмі­рінде бірінші және соңғы жүрген жігіті осы Әсет болды. Әсет те мұны шын сүйіп қалғандай. Екеуінің махаббаты күн сайын нығая берді. Кейде қос ғашық отбасын құру туралы да армандайтын. Сәтін салса, алдағы жарты жылда­ отау тігеміз деп те жүрді.

Күндердің күнінде Аяулым жаман түс көріп, ұйқысынан шошып оянды. Түсінде сүйіктісі мұны тастап, қараңғы түнекке қарай кетіп барады екен. Өзін сондай жайсыз сезінген ол дереу жігітіне қоңырау  шалмақ  болды. Бірақ  таң ата жаман ойларымен шошытып алармын деп, қайта ойынан айнып қалды. Сөйтсе, түсі аян берген екен. Сол  күні Аяулымға жаман хабар келіп жетті. Әсет  көлік тізгіндеп келе жатып, байқаусызда адам қағып кетіпті. Қайтыс болған баланың ата-аналарынан қанша кешірім сұраса да, жігітті кешірмеген көрінеді. Сүйіктісінің қамауда екенін естігенде, Аяу­лым есінен танып құлап қалды. Жанында бірге оқитын құрбы­лары жедел жәрдем шақырып, аурухана алып барып еді, аяғының ауыр екенін білді. Өмір шіркін тосынсыйларға толы ғой. Бұлай болады деп кім ойлаған? «Бәрі басқаша болу керек еді ғой?» деп налыды Аяу­лым. Бір сәт болашағын ойласа,  басы қатып кете­тін. Сүйіктісі темір тордың арғы  жағында, өзінің  болса  аяғы  ауыр.

Арада ай өтті. Әсет абайсызда адам өлтіріп алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бол­ған жайттардан кейін Аяу­лымның сабаққа бармағанына екі аптаның жүзі болған. Құрсағындағы  сәбиді өмірге әкелерін не әкелмесін білмей дал. Әжесі де сырқаттанып жатып қалды. Ендігі жерде оған да қарайласатын адам керек. Қанша дегенмен, ана орнына ана болып, жас­тайынан өсірген әжесін тастап кете алмайтыны белгілі. Әкесі болса, әлгі келіншекке үйленбек. Оның да бағын байлағысы жоқ. Осындай ойлармен талай таңды  атырды. Бір күні, қыстың қақаған аязында Аяулымның әжесі  қатты  сырқаттанып  қал­ды. Бұрындары сұйық көже ішетін  болса, енді суды да татып алмады. Тек төсегінде жататын да қоятын. Сол  жатқаннан көпке ұзамай қайтыс болды. Тағы да ең жақынынан айырылып қалған Аяулым үшін бұл ауыр соққы еді. Ішіндегі сырын ешкімге айта қоймаған ол не істерін білмей дал болды. Бірақ түбі жасыру мүмкін емес болғандықтан, бар шындықты әкесіне айтты. Алайда әкенің ойы басқа жақта болғанд­ықтан, қызының бұл жаңалы­ғына қуана қойған жоқ. Керісінше, «абыройымды төк­тің» деп жалғызын далаға қуып шықты. Басына қара бұлт үйі­рілді деген осы шығар. Бірінен соң бірі қабаттасып кеткен өмір шырғалаңдарынан қажыған Аяулым болса Әсеттің жақын достар­ының арқасында «Аналар үйі» туралы біліп, сол жерді панала­ды.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары