Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ТАРИХҚА ЕНБЕК
20.09.2018 10:40

КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемлек­ет қарауында және Сыр шаһарының  көз  алдында.

Жуырда  Қызылорда қаласы­ екі ғасырдың куәсі болған айтулы­ мерекесін тойлайды. Ырыс­тың елі, күріштің жері, тума талан­ттардың табаны тиген­, қасиет қонақтаған, Қыдыр қолдаған, бабалар ізі тұлпарлар тұяғымен таңба болып­ қалған­ Сыр шаһарының тарихи­ сәттері тағы да жаңармақшы. Қала бұрынғыдай емес, көшелері тегіс, келбеті көркем, инвестициялық тартымдылығы мен өзге де экономикалық дамуға­ бет бұрғызатын деңгейге жетті. Ал әлеуметтік ахуалы экономикалық зор жетістіктердің еншісінде. Өйткені соңғы жылдары халықтың баспана­мен қамтамасыз етілу көрсеткіші еселеп артып келе­ді. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 5 жылдан бері қаламызда 12 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық жерлестеріміз қоныс­тойын тойлады. Қызылорда қаласы әкімінің  есеп беру сәтінде  айт­қан «Былтырғы жылы қа­ламызда 230 мың шаршы метр болатын 2 мың 971 пә­терлік 61 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Қызыл­орда  қаласында  тұрғын үй құрылы­сын дамытуға тартыл­ған инвестиция көлемі 33 млрд 142 млн теңгеге жетті. Облыста атқарылған құрылыс жұмыс­тарының 43,8 пайызы Қызыл­орда қаласының үлесінде. Бұл жобаларды жүзеге асыру ба­рысында 20 мыңға жуық жерлестеріміз жұмыспен қамтылды. 2017 жылдың ең үлкен жетістігі – Қызылорда қала­сының бас жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жаға­лауынан жаңа қала құрылысының басталуы» деген болатын.

 

АПАТТЫ   ҮЙ   МӘСЕЛЕСІ   ШЕШІЛДІ

Жалпы, қалада тынымсыз тірліктің өніп жатқандығын күнделікті көріп жүрміз. Көп емес, екі сағат уақытыңызды қиып, қаланың арғы басынан бергі бетіне дейін бір шолып шықсаңыз, зәулім-зәулім ғи­мараттардың еңсесі тіктеліп, сап түзеп тұрған тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды байқамау мүмкін емес. Әрине, мұның барлығы – жерден шығып немесе көктен түсіп жатқан жоқ, қажырлы еңбек пен іскерліктің нәтижесінде халық үшін салынып жатқа­н нысандар. Болашақта ұрпақ  жалғастығы  осы  жақсылықтармен тікелей байланысты  екенін  ескерсек, сұранысты­ игере білу де өнерге жататынына екендігіне көзіміз жетеді. Сол сұраныстың арасында «үйі жоқтың көкейінде алтын сарай жүреді» деген тәмсілмен өмір сүріп жатқа­н қаншама халық бар. Көптің тілегін орындаған тіректі басшылардың арқа­сында жыл сайын мыңдаған қала  тұрғыны  пәтер  кілтіне қол жеткізді. Ал апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесі толық шешілген. Бұл – тек жаңа баспана иелері үшін ғана емес, біз үшін де үлкен қуа­ныш. Басындағы жалғыз бас­панасы апатты деп танылған жерлестеріміздің жағдайы бізді қатты алаңдатқан ең өзекті мәселелердің бірі болатын. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында соңғы 5 жылда қала бойынша 3 млрд 200 млн теңгеге 123 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткі­зілген. Бұл өзгерістерге де тұр­ғын­дардың көңілі көншіп, қасбеті мен бірқатар мәселесі шешіл­ген үйдің тазалығын сақтап­ отыруға  жұмылдырылып  отыр. Әйтпесе қазақ «Үйің жаман болса, күйің  жаман»  деп бекер­ айтпаса  керек.

 

БОЙЫНА   ҚАН   ЖҮГІРГЕН  КОММУНАЛДЫҚ   САЛА

Бұрындары бос жатқан жерлерд­ің төрт құлағына қазық қағулы болса, «біреудің меншігіндегі жер екен» деп өте беретін едік. Қазір басқаша... Қазық меншік ұғымын білдір­мейді. Жерге иелік ететін болсаң, іргетасы қаланып, шатыры­ жабылғанша әрекет жасау керек­. Бұрынғыдай ескерту жоқ, уақытында тиімді пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Өйткені ол жерге мемлекеттік бюд­жет­тен  қыруар  қаржы  бөлініп, инфрақұрылымдық жобалар сызылып, жоспарлары орындалды. Жарық желілері, ауызсу және кәріз су желілері, жол секілді бірқатар мәселелер шешілгеннен кейін ғана халыққа жер телімін табыстау үрдіске айналды. Өткен жылы бұл бағытта республикалық, облыстық, қалалық бюджет көздерінен барлығы 3 млрд 376 млн теңге қарастырылған. Ауызсу, кәріз жүйелері мен ғимарат­тарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 61 млн теңге, Ұлттық  қор  есебінен  545 млн теңге бөлінді. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы арқыл­ы республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 584 млн 151 мың теңгеге 13 жоба бо­йынша 17,03 шақырым ауызсу және кәріз су құбырлары жаңғы­ртылған. Ең бастысы сол, соңғы 5 жылдың ішінде Қызылорда қаласында 16 млрд теңгеге 544 шақырым ауызсу инфрақұрылымы  жаңаланған. Соның  нәтижесінде қалаіші­лік су құбырлары 75 пайызға толық­тай өзгертілген. Бүгінде ең  таза  жерасты суын  тұтынып отыр­ған бірден-бір қала Қызылорда­ екенін мойындау керек. Қала әкімдігінің мәлі­метіне сүйенсек, қаламызда жылу желілерін жаңарту жұ­мыстары да қарқынды жүргі­зілуде. Соңғы 5 жылда қаладағы магистральды жылу желілерін жаңартуға 8 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Биыл жылу жүйелері мен қазандықтарды  ағымдағы және күрделі жөндеуден өткі­зуге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2 млрд 210 млн  450 мың теңге қаржы бөлініп, 8 жоба бойынша 7,433 шақырым жылу құбырларына жаң­ғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жол құрылысын дамыт­уға 23 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, 500 шақырымға жуық жол орташа күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өткізілді. Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстарына республикалық, облыс­тық бюджеттен 1 млрд 110 млн 219 мың теңге қаржы қаралып, 22 жоба бойынша 39,723 шақырым жол қалыпқа келтірілуде. Дегенмен, қала халқының саны жыл сайын қарқынды өсіп, тиісінше жаңа тұрғын аудандар мен жаңа көшелер пайда болуда. Сондықтан да қала тұрғындарының сұра­нысына сәйкес жол сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар  жүргізілуде.

 

ҰЛЫ   ЖОСПАР  –  ҰЛЫ   ІС

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­дауында төртінші жаңғыртудың негізгі 10 басым бағытын атап көрсетті. Жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік револ­юция әлеміне бейімделуге, жетістікке жетуге жол табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Ендігі кезекте бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, Елбасы берген бағытпен халық артқан сенімді ақтау үшін бүгінгі жетістіктерімізді еселеу жолында қарқынды жұмыс істеу ғана жеткілікті. Ол үшін алдымен қала экономикасының еңсесін көтеріп, әлеуметтік деңгейін жақсарту мін­деті тұр. Мәселен, ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 95 па­йызды құраған. Негізінде өң­деуші өнеркәсіп саласында жо­ғары сұранысқа ие болып отырғандары – тамақ өндіру, машина жөндеу, резең­ке және пласт­масса бұйымдарын өнді­ру салал­ары. Ал жыл басынан бері негізгі капиталға салынған­ инвестиция көлемі 27 771,3 млн теңге­ні еңсеріп отыр. Демек, біздің алар  асуымыз әлі алда, дамуымыз  даңғыл  жолда.

Қала әкімі Н.Нәлібаев өзінің ел алдындағы есебінде:

- Биылғы жыл еліміз үшін, біздің өңіріміз үшін айтулы оқиғаларға толы, тарихи жыл болғалы тұр. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген ең үлкен жетістігіміздің бірі, Сарыар­қаның төрінен әсем Астанамыз бой көтерді. Осы жылы Елбасымыздың төл туындысы Елордамыздың 20 жылдық мерейтойын, Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласының 200 жылдығын атап өтеміз. Тарих­и тағылымы мен мағы­насы терең қос мерейтойды атап өтудің маңызы зор. Арманымыз ақиқатқа айналған тәуел­сіздігіміздің арқасында қол    жеткен  құнды  жетістігі­міз – тарихымызды қайта түле­тіп, ұлттық қасиетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеуге мүм­кіндік алдық. Туған топырақтың тарихын дүйім елге таныту, мерейін үстем етуге арнал­ған мерейтойлық шаралар қа­зірдің өзінде бастау алды. Сыр өңірі бас шаһарының 200 жылдық мерейтойына басты тартуы – Қызылорда қаласының сол жақ жағалауындағы жаңа тұрғын ауданның пайдалануға берілуі, - деген болатын.

Сол жағалауда құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен 5 қабатты 18 тұрғын үйдің, 320 орындық балабақшаның, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, жастар орталығы салынуда. Ал Қазақ Орталық Атқару Комитеті мұражайы ғимаратының жобасымен салынып жатқан «Рухани жаңғыру» ғимараты пайдалануға берілу алдында тұр. Сондай-ақ, осы аумақта 100 келушіге арналған емханамен қоса, 300 төсектік көп­салалы  облыстық  аурухана, 900 орындық мектеп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500  келушіге  арнал­ған­ ем­хананың құрылысы бой көтерсе, жаңа қаланың келбеті айшықтала  түсері  анық.

Шежірелі шаһардың бүгінгі бет-бейнесінің қысқаша көрі­нісі осындай. Бұйыртса, Сырдарияның қос жағалауында қоныс тепкен Қызылорда қа­ласы қос ғасырлық куәгерлігін одан ары мыңжылдықтарға ұласт­ырады. Әрине, ұлы жоспар – ұлы іс, ұлы мақсат.

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары