Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 685 |
![]() | Кеше | 2076 |
![]() | Осы аптада | 685 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 36175 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3573195 |
ҚПЛ: айып алаңында Пуношевацтан сақтан! |
27.09.2018 10:20 |
Қазақстан премьер-лигасы, 27 тур. 22 қыркүйек «Қайсар» – «Шахтер» – 2:1 (Тағыберген, 51-пенальтиден, Пуношевац, 80 – Вух, 23) «Қайсар» командасының сербиялық шабуылшысы Братислав Пуношевац осы кездесуде пенальти жасап, қызылордалықтардың матч тағдырын өзгертуіне жол ашты. Содан кейін осы шабуылшы 80-минутта Тағыберген бұрыштан көтерген допты баспен дәл соғып, «Қайсарға» жігерлі жеңіс сыйлады.
Ең қызығы, Қызылордаға келген соң, серб мергені пенальти жасау шеберіне айналды. «Қайсар» сапында өткізген 8 кездесуінде қарсылас команданың қорғаушылары өз айып алаңында Пуношевацқа қарсы 4 рет тәртіп бұзған. 1. 05.07.2018 ж. 17 тур. «Ордабасы» – «Қайсар» – 1:2 (57 минут, тәртіп бұзған – Ұ.Жақсыбаев, пенальтиді М.Курьор соқты – 1:1); 2. 14.07.2018 ж. 18 тур. «Тобыл» – «Қайсар» – 2:2 (90+4 мин, Ф.Кассай, А.Тағыберген – 2:2); 3. 11.08.2018 ж. 22 тур. «Ақтөбе» – «Қайсар» – 2:1 (75 мин, Р.Нұрмұхаметов, А.Тағыберген – 2:1); 4. 22.09.2018 ж. 27 тур. «Қайсар» – «Шахтер» – 2:1 (51 мин. Е.Тарасов, А.Тағыберген – 1:1). Биылғы премьер-лигада өз командасына 4 пенальти сыйлаған басқа футболшы жоқ. А.Әйімбетов («Ақтөбе»), А.Эсеола («Ақжайық»), Н.Бочаров («Ордабасы») және Р.Степанюк («Жетісу») 2 реттен пенальтиге еңбек сіңірді. Жалпы, «Қайсар» сапында Б.Пуношевац пен А.Тағыберген арасында жақсы үйлесім бар секілді. Пуношевац жасаған пенальтидің үшеуін де Тағыберген дәл соқса, соңғы турда Братислав Асхаттың пасынан кейін жеңіс голын енгізді. Есей ЖЕҢІСҰЛЫ |