Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ӘКІМДЕРДІҢ «ШАҢЫ» бұрқ ете қалды
04.10.2018 12:18

Бір кедейдің жұмыртқаға қарап отырып айтқан армандары туралы білесіздер ме? «Аузы-мұрны жоқ отаудан» үлкен үміт күткен кедейдің салы неге суға кетті? Оқыңыз.

Бірде кедейдің әйелі үйіне тауықтың жұмыртқасын алып келеді. Жұмыртқаны көрген күйеуі «Егер осы жұмыртқаны бастырып шөже шығарсақ, ол үлкейіп жұмыртқаласа, жұмыртқалардан тағы шөже шығарып тауығымыз көбейсе, онан соң тауықтарға қой айырбастап алсақ, қойлар төлдесе, қойларға тағы да сиыр айырбастап алсақ, сиыр бұзауласа, сиырларды сатып, жер алып, үй салсақ, онан соң тоқал алсам...» депті. Сонда күйеуінің сөзін бар зейінін салып тыңдап отырған әйелі бұлқан-талқан болып, үстелде тұрған жұмыртқаны алып жерге лақтырып жібереді. Сөйтіп әлгі кедейдің тәтті арманы адыра қалыпты.

Бар мәселені нарықтың иығына артып, қымбатшылықтың ырқына көніп отыра берсек, біздің де сол кедейден артықшылығымыз қалмауы мүмкін. Сағынтаевтың «сейсенбілік сағатында» нарыққ­а байланысты «өрте­ніп» тұрған мәселелер қаралды. Соның бірі – аузын «тұм­шалап» қойса да әрі аунап, бері қунап «өңін» құбылта беретін инфляция. Дегенмен, биылғы жылы бұл көр­сеткіш 5-7 пайыз арасын сақтап­ тұр. Ал нарық бағасы күннің  соңғы  шапағы  секіл­ді көкжиектен  асып  барады.

Балапан санайтын мезгіл жеткеннен бастап «ұн қымбаттапты», «қант түгесіліп жатыр екен», «жылу, газ да қымбаттайды екен», «нанға да ақша қосылыпты» деген сынды бірыңғай қымбатшылық туралы әңгімеден құлағымыз сарсыды. Оған себеп те жоқ емес. Өңірлердегі инфл­яцияны «иненің» көзі­нен өткізген сарапшылар жыл басынан бастап бірқатар аймақ республикалық деңгейден асып түскенін байқаған. Бұл ретте кейбір тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өңірлік себеттерінде жекелеген позициялар бо­йынша басқа өңірлерге қарағанда бағаның ең көп өсуі орын алған. Мәселен, Батыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар облыстарында және Алма­ты қаласында қоқыс жинау, сұйытылған газ, қатты отын, тұрғын үйді жалға беру мен кондитерлік өнімдер бағасы­  қымбаттаса, Қызыл­орда  облысында  орталықтан жылыту қызметтері 21,3 пайызға бағас­ын «ұшырып» жіберген. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар­лары да күн сайын тиын-тебенге өсіп отыр. Яғни, қант 17,6, күріш 11,3, қырыққабат 8,6 және күн­бағыс майы 4,5 пайызға қымбаттаған. Әлеуметтік азық-түліктің қатарына жататын сәбіз, қырыққабат, пияз, картоп Қызылордадан өзге тағы 7 облыста арзан емес бағада сатылуда.

Елдің премьер-министрі Б.Сағынтаевтан:

- Жергілікті атқарушы органдар баға нарығын реттеу мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорларының мүм­кіндіктерін тиімді пайда­лануы тиіс. Яғни, сатып алуларды уақытылы жүргізіп, тауар­ларды  жаңартуы, негізгі азық-түлік өнімдеріне ба­сым­дық берілсін. Аталған жұмыстардың барлығы әкім­діктердің тұрақты бақыла­уында болуы керек. Мониторингті күшейтіп, қажет болған жағдайда барлық ресурс­тарды жылдам іске қосуды тапсырамын, - деген тапсырма алған облыс басшыларының жүгіне салмақ қосылды.

Өзінің ішкен «суына» өзі «шашала» беретін денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелеріне келгенде де тақыры­п  ауқымды болды. Бір тармағы тегін дәрі-дәр­мекке  бағытталды.

- 2019 жылдан бастап барлық дәрі-дәрмекке бағаларды реттеу жүйесі әзірленіп, оны іске қосу және дәрі-дәр­мекті пилоттық қадағалау жүйесін енгізу жоспарлануда. 2020 жылға қарай дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі арқылы рецепті­лік препараттарды электрондық босатуға толық өту қамтамасыз етілетін болады, - деп мәлімдеді еліміздің бас дәрігері Е.Біртанов.

Сондай-ақ, ол жергілікті атқарушы органдар басшы­ларының «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру мә­селелері бойынша жауапкер­шілігін арттыру қажет екенін атап өткен болатын. Өз кезегінде тікелей байланысқа шыққан Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев:

- «Денсаулық» мемлекет­тік бағдарламасының орындалуына жергілікті атқарушы орган тікелей жауапты. Ал орындаудың негізі – жоспарлау. Мәселе осында болып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрсетілетін медлициналық көмекті жоспарлау құзыры толықтай әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілді. Яғни, заңнамаларды денсаулық сақтау басқармаларының медицинал­ық көмекті жоспарлау, сатып алу көлемін қалыптастыру, сонымен қатар  лицензиялаудан ке­йін­гі тетік­тері тіпті қарастырылмаған. Ал, жауапты – біз. Соның салдарынан қаралған қаржының  жұмсалуы әркел­кі орын алып, қызмет ұсыну­шылардың әлеуетін анықтау мүмкін болмай отыр. Бұл түптеп келгенде халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне кері әсер етеді.

Екінші, Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «дипломмен ауылға» бағдарламасы өз жемісін беріп отыр. Дегенмен, денсаулық сақтау саласына жетіспейтін мамандардың 50 пайызы облыс орталығындағы орналасқан көп­салалы мамандандырылған медициналық ұйымдарда орын алуда. Сол себепті қа­жетті мамандықтар бойынша қалада қызмет етуге ниет біл­дірген жас кадрларды қолдау мақсатында заңнамалық тұрғыда жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік пакет ұсыну тетіктерін қарас­тыру қажет деп есептеймін, - деп Үкіметке ұсыныс жасады.

Үкіметтің «сын сағатында» талқыланған үш мәселе­нің екеуі – осы. Үкіметбасы өткізген бүрсігүнгі басқосуда бұл мәселелерге қатысты сөз қозғалғанда бірі «тілсіз» қалса, бірқатар облыс әкім­дерінің «шаңы» бұрқ ете қалды. Қаққан – Бақытжан, қаққызған – қымбатшылық. Әліптің артын бағайық...

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары