Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
Хат тасушыларға жағдай жасалып келеді
08.10.2018 12:14

Күніне бірнеше шақырымды жүріп, газет-журнал тарататын хат тасушылардың еңбегі орасан. Олар күннің ыстық, суығына қарамай әр үйге уақытылы басылымдар мен хаттарды апарып береді. Бірі жұмыстың бұл түріне шыдаса, екіншісі аяққа көп күш түсетіндіктен, көпке бармай жатады. Осындайда қызметкерлерінің жағдайын ойлаған пошта басшылығы олардың бұл мәселесін шешуді қолға алыпты.

– Қазіргі таңда хат тасушылар күніне қаншама көше аралайтын және қолдарында ауыр заттар ұстайтын болғандықтан, біз оларға дөңгелегі бар арнайы сөмкелер алып бердік. Сондай-ақ, көп жүретіндіктен, салмақ аяқкиімге түсуіне байланысты ай сайын тегін аяқкиімдермен қамтамасыз етіп отырамыз. Сонымен қатар, ол кісілерге жолпұл төленеді және қазіргі күні 50-ден аса велосипедтер пайдалануға берілді, - дейді «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева ағымдағы жылдың 8 айын қорытындылаған брифинг барысында.

Иә, соңғы кезде ұлттық пошта операторы айналасында оң өзгерістер көп. Ең алдымен, бұрынғыдай касса алдында үйіліп тұратын кезек жойылды. Халық бүгінде пошта қызметтерін тік тұрып емес, жайлы орындыққа отырып-ақ алады. Оны күнделікті пошта мекемелеріне барғанда анық байқауға болады. Төлем терминалдар желісінің пайда болуы да айтарлықтай жаңалық. Уақытты зая кетірмеудің тиімді тәсілі. Әрі зейнетақасын барып алуға жағдайы келмейтін қарияларға үйіне әкеліп беру мәселесі де оңтайлы шешілген. Бұл жасы 80-нен асқан қарт кісілерге автоматты түрде жасалынса (егер ол кісі осы қызмет түрін өзі қаласа. – ред.), өзге зейнеткерлер зейнетақыларын үйлеріне әкеліп бергенін қаласа, ай сайынғы 200 теңге төлемақысын төлеуі қажет. Аида Ибрагимқызының айтуынша, бүгінде облыс бойынша 2800-дей зейнеткер қаржылық қызметтің осы түрін пайдаланып келеді екен.

Бүгінгі таңда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының 238564 клиенті бар. Олардың ең көбін, яғни 100263-ін зейнетақы мен жәрдемақы алушылар құрайды. Тағы 364 компания жалақы алуға, 1134 компания есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге шарт жасасқан. Мұнан бөлек 485 компания төлем қабылдау үшін келісімшартқа отырыпты.

ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры болғанымен, әлі күнге дейін газет-журналдарға деген сұраныс жоқ емес. Мысалы, бір ғана «Қазпоштаның» облыстық филиалы арқылы ағымдағы жылдың 8 айында 15 720 533 газет-журнал таратылған. Сонда орта есеппен тәулігіне 60-70 мың мерзімді басылым жөнелтіліп тұр. Олардың уақытылы көрсетілген мекенжайға жеткізілуіне де тікелей пошта жауапты. А.Әбибуллаева түнгі сағат 11-ден таңғы 05.00-ке дейін сұрыптаушылар жұмысының қызатынын айтады. Өйткені таңғы 05.00-те арнайы көліктер сұрыпталған басылымдарды аудандарға алып кетуі қажет. Ал аудандардағы сұрыптау бөлімшелеріне түске дейін жеткізілген газет-журналдар тұрғындардың қолына сол күні-ақ тиетін көрінеді. Осы тұста филиал директоры азаматтарға өз ұсынысын жеткізді.

Біздің қызметкерлер үй-үйді аралаған сәтте көп кедергілерге кездесіп жатады. Ең алдымен, көпшілігінде үй нөмірлері көрсетілмегендіктен не дұрыс жазылмағандықтан, хат тасушылар нақты мекенжайды табамыз деп көп уақыттарын жоғалтып алады. Тіпті, атаулары көрсетілмеген көшелер де бар. Және бір үлкен мәселе ол – пошта жәшігі. Көпшілігінде арнайы жәшіктің болмауынан қызметкерлеріміз хат, басылымдарды дарбазаларға қыстырып кетуге, қандай да бір жерге қоюға мәжбүр болып жатады. Бұл ол заттың желмен ұшып кетуіне не бүлінуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар өз үйлеріне пошта жәшіктерін орнатса екен деген ұсынысымыз бар. Бұдан бөлек халықтың тұрғылықты жерлері бойынша өздерінің индекстерін білмеуі де қиындық тудырып тұр. Біздегі арнайы жүйе кез келген хатты ондағы жазылған мекенжай бойынша емес, индекс бойынша оқиды. Сол себепті хат жазатын кісі міндетті түрде өзі тұратын аймағының индексін қатесіз толтырса дейміз. Себебі көбіне индекс дұрыс көрсетілмей, тұрғындардың жолдаған дүниелері өзге мекенжайға кетіп қалып жатады, - дейді А.Ибрагимқызы.

Айта кету керек, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы «Альфа», «Азия кредит», «Хоум кредит» банктерімен келісімшартқа отырғандықтан, сол банктің бар қызмет түрлерін көрсетеді. Тіпті, несие де береді. Ағымдағы жылдың 8 айының өзінде жалпы сомасы 290 млн теңгені құрайтын 350 несие беріліпті. Сондай-ақ, франчайзингтік қызмет түрін ұсынып келеді. Бұл – ақылы негізде басқа тұлғаға пайдалануға берілетін кәсіпкерлік қызмет. Қазіргі күні 100-ден астам заңды тұлға қызметтің осы түрін пайдалану үшін ниет білдірген. Тағы бір жағымды жаңалық, келер жылдан бастап пошта қызметіне дрондарды пайдалану жоспарланып отыр. Тек газет-журналдарды ғана емес, салмағы 5 килограмға дейінгі сәлемдемелерді жеткізуге қабілетті дрондар іске қосылса, хат-хабар шалғай жерлерге 4 сағаттың ішінде емес, аз уақытта жетуші еді. Бүгінде Қарағанды, Астана, Алматы облыстары осы дрондарды пайдалануда. Ал облысымызға 2019 жылы келеді деп жоспарлануда екен.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары